Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін
«Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»







Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.

1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» атты фестивалімізге қош келдіңіздер!
2- жүргізші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Биыл еліміздің түкпір-түкпірінде ассамблеяның 20 жылдығы аталып өтуде.
1- жүргізуші:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
2- жүргізуші: Сөз кезегін Ассамблеяның 20 жылдығына арналған фестиваліміздің құрметті қонағы Рысбике Қасымқызына және мектебіміздің ұйытқысы болып отырған мектеп директорына сөз беріледі.
Келесі сөз кезегі Өзбекстан Республикасынан қоныс аударып келген қандасымызға беріледі.
1- жүргізуші: Мектеп оқушылары ұлтаралық татулық пен бірлік негізінде өз баяндамаларын дайындап келіп отыр. «Этникааралық келісімнің қазақстандық моделі » Баяндамашы
9 «Ә» сынып оқушысы Суллиева Жансая сөз беріледі..
2- жүргізуші:
«Ассамблея белестері» Баяндамашы 10 «А» сынып оқушысы Төлебаев Ерланды ортаға шақырамыз.
1- жүргізуші:
«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы- объективті қажеттілік » Баяндамашы 8 «Б» сынып оқушысы Төлеуов Мақсат.
2- жүргізуші:
« 2015- Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» Баяндамашы 10 «А» сынып оқушысы Мусатаева Гүлнұр.

1-жүргізуші:
«Ортақ менен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан»,-дей отырып мектеп оқушылары бүгінгі фестивалімізге арнап ұлт өкілдерінің би өнерін дайындап келіп отыр.
2-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
1-жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
2-жүргізуші: Ортада мың бұралған қазақтың қара көздерін қарсы алайық. (қазақ халқының өнері)
1- жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
2-жүргізуші: Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
1-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, Орыс халқының өнерін тамашалайық. /Орыс халқының биі /
2-жүргізуші:
Белгілі ақынызмыз Әбділда Тәжібаев «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» демекші, ұлтты мұратқа жеткізетін - тілі мен дәстүрі.
1 жүргізуші: «Қанекей, тілім сөйлеші!» Қуандықова Үнзираның ән – шашуын қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Тілегі бір,
Жүрегі бір.
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!
1-жүргізуші: Қазақстан халқының біртұтас отбасында түркі халықтары да бейбіт өмір сүруде. Кезекті көршілес түрік халқының би өнеріне берейік.
/түрік халқының биі/
2- жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Ән. «Вопреки» Назарханов Мейрімхан
1-жүргізуші: Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
2-жүргізуші: Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде. Келесі кезекте неміс халқының биін тамашалайық.
1-жүргізуші: Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытқа.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл!
2-жүргізуші: Ортаға татулық пен бірлікті, ынтымақты елміз деп жыр төккен кішкентай бүлдіршіндерімізді шақырайық.
(ТАҚПАҚТАР)
1-жүргізуші: Жайнаған елімнің ұрпақтары
Өнерлерін паш етіп аянбайды.
Қошеметпен қол соғып,қарсы алайық,
Жапон биі гүлденген «Сакураны» (Би Сакура)
2-жүргізуші: Жер бетінде ең көп тараған тіл – ағылшын тілі. Үш тілділік – қоғамды топтастыратын таңғажайып мүмкіндік. Мектеп оқушылары өз ана тілімен қатар ағылшын тілін терең меңгеруде. Ағылшын тілінде «У меня есть мечта» деп ән шырқаған Суллиева Жансая мен Абрахманова Раушанды қарсы алайық.
1 жүргізуші: Қуаныштан желпілдейді түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!!!
Ән Нұрлы көктем Мұратбай Әсем.
2-жүргізуші: Республикам менің,
Республикам менің,
Абатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!
1-жүргізуші: Қазақ пен өзбек ұлты түріктің бауырлас халықпыз. Тілегі бір, Жүрегі бір, Достармен біз біргеміз. Туыс барда құрыштан да, Берік біздің іргеміз! Бауырлас өзбек халқының би өнеріне беріледі.
/Өзбек халқының биі/
2-жүргізуші: Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,
Арғы тегі Алаштан тараған,
Керегесін ағаштан құраған елміз!
1-жүргізуші: Елбасы «Бір ел, бір ту, бір тіл, бір діл» қағидатын ұстану – жас ұрпақты елдікке, ерлікке жұмылдырады. Елдің бірлігі мен достығына жаңа мазмұн, жаңа серпін береді» пікірінің маңызы зор.
2-жүргізуші: Бүгінгі Ассамблеяның 20 жылдығына орай өткізіліп отырған фестивалімізге әр ұлттың әнін, биін дайындап келген оқушыларымыздың өнерін бағалап, марапаттау үшін сөз кезегі Рысбике Қасымқызына беріледі.

1- жүргізуші
Сәбилер зәресін бұлт алмасын,
Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнді қолдансын.
2 – жүргізуші
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
1- жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
2- жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
1-жүргізуші: Бүгінгі Қазақстан ассамблеясының 20 жылдығына арналған фестивалімізді ақтаймыз.
І-ІІ жүргізуші: Кездескенше күн нұрлы болғай!

Орындаған: Бірманова Қымбат Исланбекқызы
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі

Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебі
Категория: Школа, как она есть | Добавил: erkegali_89 (2015-05-07) | Автор: Бірманова Қымбат Исланбекқызы E
Просмотров: 1486 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 8:40 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru