Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Абай Құнанбаев. Күз
ШҚО Бесқарағай ауданы Қоянбай ауылы «Қоянбай орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Еликбаева Гульмира Сафиуллиновна
Әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. Күз
Жалпы мақсат: Оқушыларға Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру,«Күз» өлеңінің мазмұнын түсінуге,автордың идеясын таба білуге, шығармадағы ойды талдауға, өздігінен ой қосуға үйрету.
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар,әдістемелік құрал, әдебиеттік оқу оқулығы,мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Оқу нәтижелері: Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірбаяны, шығармашылығы жайлы біледі,шығарманы талдап, негізгі ойды анықтай алады,тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды,сыни тұрғыдан ойлауды үйренеді.
Түйінді идеясы: Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.
Оқыту стратегиялары: Жекелей,жұптық, топтық жұмыс, топта талқылау. АКТ қолдану,диалогтік оқыту,ми шабуылы,кластермен жұмыс, модельдеу,зерттеушілік әңгіме, «Бумеранг»тәсілі, Венн диаграммасы,СТО: «Блум таксономиясы» ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)Кері байланыс
Дереккөздер,ресурстар Музыка, гүлдер мен жапырақтар,стикерлер, постерлер, кластерлер,түсті қағаздар, интерактивті тақта, оқулықтан алынған тапсырмалар, автор туралы мәліметтер.
Тапсырмалар:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Топтастыру
Психологиялық ахуал (ынтымақтастық атмосферасын) қалыптастырады.
Оқушыларға гүлдер мен жапырақтар таратып,сол бойынша екі топқа бөледі.
Оқушылар шеңбер құрады. Олар гүлдер мен жапырақтарды таңдап алып, бір-біріне тілек айта отырып, оларды бір-біріне сыйлайды.Осы заттар арқылы олар екі топқа бөлінеді. Топ ережелерін құрады.Топ басшыны тағайындайды.
1)Білу.
Үй тапсырмасын сұрайды. Ә.Дүйсенбиев «Ақылшым-мұғалім»
1-топ:Өлеңді жатқа айтады
2-топ: «Алғашқы ұстаз» шығармаларын оқиды
«Ми шабуылы»стратегиясы
Кластерлермен жұмыс «Мектеп→оқу→білім→күз»сызбасы бойынша оқушыларды сөйлетеді. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын тапқызады.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз айларын атаңдар?
-Күзгі ауа-райы жайлы не айтасыңдар?
-Күз мезгілі сендерге несімен қызықты?
Оқушыларға кластерлер жұмыс жасауды тапсырады.
Оқушылардың жауаптары: Мектепте білім аламыз. Оқу бізге өте қажет. Адамның білімсіз күні жоқ. Мектептегі оқу күзде басталады.
Оқушылар өз ойларын айтып, сабақтың тақырыбын ашады.
1-топ: «Күн шұғыласына»күз туралы білетіндерін жазады.
2-топ: «Пікірлер ағашына»Абай Құнанбаев туралы білетіндерін еске түсіріп, жазады.
2) Түсіну.

«Жигсо»стратегиясы

Ойлан, жұптас,талқыла
Автор туралы интерактивті тақтадан толық мәлімет береді.
Оқулықпен жұмыс«Күз»өлеңін жеке-жеке іштей оқиды, одан мәнерлеп оқып,топта талқылап,мазмұнын түсініп, негізгі ойды айтуды тапсырады.
1.Өлеңнен күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тауып жаздырады.
2. Өлеңді қара сөзге айналдырып, әңгімелетеді

Дәптермен жұмыс.Түртіп алу. Автор туралы дәптерге жазып алады.
Балалар өлеңді жеке-жеке іштей оқиды, одан мәнерлеп оқиды, топта талқылайды, мазмұнын ашады, негізгі ойды айтады.
1-топ:Өлеңнен күз мезгіліне қатысты көркем сөздерді тауып жазады.
2-топ: Өлеңді қара сөзге айналдырып, әңгімелейді.
3) Қолдану Модельдеу (Постер жасау)
Автордың өлеңдегі негізгі ойын постерге түсіруді және қорғауды тапсырады.
Постер құрастыру арқылы автордың негізгі ойын түсіреді және қорғайды.
4) Талдау.
Венн диаграммасы
Шығарманы талдатқызады.
Венн диаграмасына жаз және күз мезгілдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазғызады.
Жаңа материал бойынша түсінгендерін талдайды.
Жаз және күз мезгілдерін салыстырып, диаграммаға өз ойларын жазады.

5) Жинақтау. «Бумеранг» тәсілі
\Сұрақ-жауап\

Оқушыларға сабақты қорыту мақсатында жазбаша сұрақтар дайындап,бір-біріне сұрақ қою тапсырылады.

Оқушылар жұптасып бір-біріне сұрақтар қояды.
1. Абай қай жылдары өмір сүрді? (1845 - 1904)
2.Абай қай жерде туған?
3. Абайдың әжесі? (Зере)
4. Абайдың шешесінің аты кім? (Ұлжан)
5. Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
6. Абайдың «Күз»өлеңі сендерде қандай көңіл күй туғызды?
7.Осы өлеңде айтылған түс қандай деп ойлайсыңдар?
8.Күзгі аспан, жер беті қандай?
9.Абай қураған ағашты неге теңеген?
10.Өлеңде күзгі табиғат қалай өзгерген?
6) Бағалау. «Екеуінің бірін таңда!»ойыны
Критериалды бағалау. Шығармаға деген көзқарастарын білдіреді.Оқушылар күз мезгілі ұнайды ма? Ұнамайды ма? деген сұрақтарға жауап береді.
Табыс критерийлері бойынша оқушылар бағаланады.
Оқушылар жауаптарын стикерге жазып тақтаға іледі.
Топ басшысы топ мүшелерінің бағаларын жариялайды.ОҮБ. Табыс критерийлері бойынша алдын ала құрылған бағалау шкаласымен бағалайды.
Кері байланыс
«Керемет бақ» жаттығуы
Оқушылардан жалпы сабақ бойынша кері байланыс алады. Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазады.
Үй тапсырмасы:
Шығармашылық жұмыс «Күз»өлеңін жатқа жаттау
«Алтын күз»тақырыбында шығарма жазу Оқушылар күнделікке тапсырманы жазады.
«Алтын күз»тақырыбында шығарма жазып келеді.
Рефлексия Оқушылар шығарманы талдап, негізгі ойды анықтай алды,тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды,сыни тұрғыдан ойлауды үйренді. Оқушылар сабақ барысында әр тапсырманы қызыға орындап, бірден белсенділік танытып жатты. Оқу үлгерімі төмен оқитын оқушылар бір-біріне әңгімелеуде қиындықтар туындағанын байқадым. Жақсы оқитын оқушылар жетекші сұрақтар қойып жатты. Төмен оқитын оқушымен жеке жұмыс жүргізуді қолдануым керек.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Арайлым (2015-12-14) | Автор: Еликбаева Гульмира Сафиуллиновна E
Просмотров: 962 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 3:42 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru