Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы «№4 орта мектебі» мм Тлеуқұлова Жайнагүл Аманғалиқызы Мультимедия кабинетінің лаборанты Пәні: әдебиеттік оқу Сабақтың тақырыбы: Байлық пен ақыл. Сабақтың мақсаты: қазақ ертегілері, оның ерекшеліктері, түрлері жөнінде оқушы танымын кеңейту. Сабақтың міндеті: Білімділігі: Халық ауыз әдебиетінің өлмес мұрасы-ертегінің мазмұнын түсіндіре отырып, байлық, сәндіктің баянсыз екенің, ақыл, қайрат, нұрлы жүректің мұқалмас мұрат екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқу машықтарын, мазмұнды әңгімелеу дағдыларын дамыту. Өз пікірін ашық, нақты жеткізе білуге машықтандыру Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа, әдептілікке баулу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: топтастыру сызбалары, трек сызбалар. Типі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру: а) психологиялық дайындық. 2. Үй тапсырмасын сұрау. «Аңқау арыстан» ертегісін тізбектеп оқып, мазмұндау. Актуалдау. Ертегі кейіпкерлерін ата және оларды сипатта. 3.Мағынаны таныту. а) Кіріспе әңгіме: ертегі – халық ауыз әдебиетінің атадан балаға ауыз екі сөйлеумен жеткен әдеби өнердің бірі. Ол мынадай түрге бөлінеді. -Байлық деген не? -Денсаулық зор байлық дегенді өалай түсінесіңдер? Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Байлық пен ақыл» ертегісі. ә) Дәптермен жұмыс. Ертегі –атадан балаға мирас болып келген әдеби жанр түрі бүгінгі ертегіміз шыншыл ертегі түріне жатады. Суреттерге қарап, бұл заттар кімдерге қатысты екенін айт? б) Сөздік жұмысы: әшекей-өрнек, сәнді ою мұрагер- орын басушы, дүниеге ие болушы. в) оқулықпен жұмыс: Оқушылар тізбектей оқиды. Мәтіннен кенже ұлының жауабын тауып оқу Семантикалық карта Тақырыбы Байлық пен ақыл Мәтін түрі Ертегі Авторы Халық ауыз әдебиеті Кейіпкерлері Шал мен төрт ұлы Негізгі ойы Ата-анасын асырау Қорытынды Еңбек ету арқылы отбасын асырау Қорытынды: Саған кімнің жаубы ұнады? Неліктен? Бағалау. Үйге тапсырма. «Байлық пен ақыл» ертегісін оқып мазмұнын айту. | |
Просмотров: 816 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|