Главная » Статьи » Школа, как она есть |
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Милы аулы «Милы орта мектебі» мм Скакова Гульмайрам Ибрагимовна Бастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Ту тіккен Рақымжан. Кәкімжан Қазыбаев Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Рақымжан Қошқарбаев туралы айта келіп,Ұлы Отан соғысындағы рейхстагқа ту тігілгені жайлы айту; ә) сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; б) батылдыққа , Отанын сүйюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрлі. Сабақтың типі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Көрнекілігі: суреттер . Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Сабаққа дайындық. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Мұратхан Тәнекеев. Қажымұқан а) мәтінді тізбектей оқу ә) мазмұндау б) сұрақ - жауап 1.Мәтінде кім туралы әңгімелейді? 2. Мұқанның бұл жолғы қарсыласы кім?(түрік балуаны Нұрлы) 3.Жекпе-жек немен аяқталды? (жеңіспен) ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау: Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан балуан майданға өз қаражатымен жасалған не жіберіпті? (ұшақ).Балуандар күресі жайында, тағы не білесің? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . Ұлы Отан соғысы жайлы не айтар едің? Ү. Жаңа сабақ: Кәкімжан Қазыбаев. Ту тіккен Рақымжан а) Мәтінді түсініп оқу. ә) түсіндіру б) дәптермен жұмыс Рақымжан Қошқарбаев, Давыдов, Васильченко,Гриша Булатов. VI.Дамытуға арналған тапсырма сұрақ - жауап 1.Рейхстаг деген не? 2.Рақымжан командирінен қандай тапсырма алды? 3.Ту тігу үшін командирРақымжанды неге таңдады? 4.Командирдің тапсырмасы қалай орындалды? 5.Қашан ту тігілді? 30 сәуірдің кеші, 6 сағат 30 минут, 1945жыл. ҮІI. Жаңа сабақты бекіту: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі саған қалай әсер етті? Қорытындылау: Ерлікке байланысты мақал – мәтелдерді есіңе түсіріп көр, мағынасын түсіндір. ҮІІI. Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Түсініп оқу. IX. Бағалау. | |
Просмотров: 753 | | |
Форма входа |
---|
Категории раздела |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|