Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы «С.Оразалин атындағы орта мектебі»мм
САҒЫНТАЕВА ГҮЛСЕЗІМ АЙТҚАЛИҚЫЗЫ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
Мақсаты:
а) білімділік: жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу;
ә) дамытушылық:шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын дәл, нақты жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;
б) тәрбиелік: оқушылардың еліне, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі:әңгімелесу, топтық жұмыс, проблемалық сұрақтар, кейіпкерге хат.
Пәнаралық байланыс:музыка, тарих, география.
Сабақтың көрнекілігі: Портрет, түрлі- түсті қалам, таратпа карточка,
Техникалық құралдар: слайд, интерактивті тақта, бейнетаспа.
Үй тапсырмасын сұрау: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты түрлі- түсті қағаздар арқылы 4 топқа бөлу.
2. Үй тапсырмасын пысықтау.
Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар жазушы, тарихи шығармалардың авторы Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесімен танысамыз.
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Қытайда, Шыңжан өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. 1965 жылы ҚазҰУ филология бөлімін тәмамдаған. «Атамекен», «Соңғы көш» романдары жарық көрді. «Тағдыр» атта романы үшін Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, қаздар қайда қайтуы мүмкін.?

I.Ассоциация
Мекеніне

Көлге ұясына

Жылы жаққа суық жаққа

Туған жеріне балапанына

- Дұрыс, ендеше, біз шығарманың өзімен танысып көрейік.
II. Әңгіменің мазмұнымен таныстыру. (шолу жасау)
III. Проблемалық сұрақтар қою.
1. Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді?
2. Оның бөтен елге баруының себебі неде, не үшін барған деп ойлайсыңдар?
Тарих пәнінің мүғаліміне сөз беру: ( Тарихи оқиғаларға тоқталады)
3. Жазушының өмірі мен әңгіменің арасында қандай байланыс бар? (Әңгіменің идеясын ашу)
4. Байтас қарт шекараны неге бұзып өтті?
5. Қабдеш аға тарихи Отанына қай жылы оралған еді? (1962 жылы, сәуір айында)
6. Жазушы, Байтас қарт, қаздың арасында қандай ұқсастық бар? (зерттеу)

IV.Слайд- презентацияарқылыҚабдеш Жұмаділовтың өмір жолы туралы, сол сияқты еліне оралып, еңбегі жанған қандастарымыз жайлы ақпарат берілді.

V.Топпен жұмыс ( 4 топқа бөлу)
1 – топ:
Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді? Әңгіменің маңыздылығы неде? Туған жерден аттаған қарттың сезімі, сағынышы, қуанышы қалай суреттелген?
(Әңгіменің тақырыбын ашу. МәтінненБайтас қарттың туған жерге деген сағынышы туралы монологты тауып оқу)
2 – топ.
Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма? ДәлелдеңдерӘңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер.

Жетті Жеткен жоқ

3 – топ:. Әңгімеде кездесетін жер, су, тау аттарын теріп жазыңдар. (Етікші,Тарбағатай, Күргейтас, Арғанаты, Тентек –Халдай, Сарышоқы, Көкөзек. Айнабұлақ, Көкшілік, Нұра.т.б)

4 – топ. Шығарманы композициялық- құрылысына қарай талдаңдар:
1. Басталуы: Жалғыз жортқан жолаушы
2. Байланысы: Жолда көрген қиыншылықтар
3. Шегініс:Ойға оралған өткен күндер, жалғыз неиере - Төлеутай
4. Дамуы: кінәсіз тағылған айып
5. Шарықтау шегі:40 жылғы көкіректе сақталған ұзақ сапар
6. Шешімі: Тұмардың ішіндегі топырақтың жерге түсуі немесе елге жету.
VI. Сұрақ – жауап:Әңгіменің«Қаздар қайтып барады» деп аталу себебі қалай? (пікірлерін айту)
VII. Бекіту:
Байтас қарттың 40 жылдан кейін шекара асып, қиыншылықтарға төзіп елге келген себібі, ол- туған жерге деген сүйіспеншілік, туған жердің топырағы. Қасиетті туған жерге жат жерде жүріп, бір сәт те ұмыта алмай, туған жерге оралған қандастарымыз қаншама! Майра Мұхамедқызы, Шұғыла Сапарғалиқызы т.б қандастарымыз туған елге келіп қызмет етуде. (Үнтаспадан Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін тыңдау)
VIII.Қорытынды.
Тағдыр талайымен тарыдай шашылған қазақтар дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр екен. Назарымызды соған аударайық (Слайд түрінде көрсету)
Ресейде – 740 000 Өзбекстанда – 1 550 000
Монғолияда – 100 000Иранда -12 000
Қырғызстанда – 45 000Түркияда 25 000
Қытайда – 1 500 000 Украинада - 15 000
Ауғанстанда – 30 000.Тәжікстанда – 10 000
АҚШ –та 14 000
IX. Үйге тапсырма: «Отаным десем ойыма....» шығарма жазу.
X. Бағалау.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Айару9167 (2016-03-14) | Автор: ГүЛСЕЗіМ
Просмотров: 1334 | Теги: Айтқалиқызы, Сағынтаева | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 9:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru