Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

«Ерке бала кім үшін ...»
ШҚО, Аягөз ауданы
Тарбағатай ауылы
«Тарбағатай ЖББОМ»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Шалова Гулнар Байдалиновна
Тақырыбы: «Ерке бала кім үшін ...»
Мақсаты: Ата-аналарды бала тәрбиесіне көңіл бөліп, баланы жаман әдеттерден аулақ қылуға, ұлға – ұлдай, қызға – қыздай қарап, еркеліктен, жауапсыздықтан, қырсық, қиын мінезден сақтауға, талапты, еңбекқор азамаат етіп тәрбиелеу
«Баланың жақсысы ата-ананың абыройы, ары. Жаманы – қайғысы, азап-соры.”
В. Сухомлинский
Тәрбие барысында қарым-қатынасы бұзылмайтын үштік одағымыз бар. Олар-қоғам, отбасы, мектеп. Бұл үш ұғым бір-бірімен өрілген жіптей астасып жатыр. Сондықтан оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Отбасында алған тәрбие қоғамды қорында жалғасын табады. Әсіресе бала тәрбиесіне отбасында ерекше мән берілуі тиіс. Себебі, бала барлық жағдайда осы жастан бастап қалыптасады. Отбасында да, мектепте де бала тәрбиесіне көңіл бөлінеді.
Отбасындағы тәрбие де ата-аналар қандай жағдайда өз балаларына тәрбие тағылымын бере алады, яғни күнделікті үйде балаға көңіл бөліп, жұмысын ұйымдастырып, кемшіліктеріне дер кезінде ескерту жасап, қадағалау үстінде болса онда балаларда жағымды мінез-құлық қалыптасады. Ондай отбасылары елімізде баршылық, осындай ата-аналарымыз үшін тек қуануға болады.
Баланың жақсы-жаман болуы ата-анаға байланысты. Отбасында ата-ана қандай үлгі-өнеге көрсетеді, осыны бала қайталайды.
Тәрбиеде отбасында неге сүйенукерек? К.Д.Ушинский айтып кеткендей халықтық тәрбие, халықтық дәстүрге сүйенукерек. Неге десеңіз, ғасырлар бойы қалыптасқан ата-аналар, әжелер тәрбиесі отбасының қалыптасуына үлкен көмегін тигізеді. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген бабалар өсиеті осының дәлелі. Бізге ешқандай артық дүниенің керегі жоқ. Тондай пішіп қойған халықтық дәстүрімізден сусындасақ жеткілікті.
Пікір талас
Алдарыңызда сұрақтар жазылған парақшалар жатыр.Оларды ашып өз ойыңызды айтып дәлелдеңіз.
1. Балаңызды еркелетесіз бе? Жалпы баланы еркелетуге көзқарасыңыз қалай? Пікіріңіз, дәлеліңіз.
2. Баланы 5 жасқа дейін патшаңдай күт, жетіден он беске дейін құлдай жұмса, он бестен ер жеткенше досыңдай сырлас дегенге өз көз қарасыңыз қандай?
3. Сіздің балалық шағыңыз қандай болды? Өзіңіздің балаңыздың балалықшағына ұқсастық бар ма? Пікіріңіз, дәлеліңіз.
4. Балаға тоқтау салу, ескерту айту, жазалау сияқты әдеттерге көз қарасыңыз. Осындай тәрбиені қолдайсыз ба, неге? Пікіріңіз, дәлеліңіз.
5. Сіздің балаңыз өте ерке. Бір орында отырмайды. Мұғалімге сабақ беруге мүмкіндік бермеді. Қасындағы құрбыларына да маза бермейді. Үнемі осы әдет. Мұғалім сізге шағым жасады. Не істейсіз? Бұл неден туындайды?
6.Баланың отбасындағы еркелігі ол есейгенде оның мінезінің қалыптасуына кедергі келтіре ме? Пікіріңіз, дәлеліңіз.
7. Баланы жақсы көру дегенді қалай түсінесіз? Дәлел.
8. Балағ аерік беру, оны еркіндікке жіберу дегенге қалай қарайсыз? Пікіріңіз, дәлеліңіз.
9. Қазіргі жастардың отбасындағы тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? Не жетпейтін сияқты? Пікіріңіз, дәлеліңіз.
10. Баланы заман тәрбиелей ме, әлде адам тәрбиелейме? Пікіріңіз, дәлеліңіз.
11. Қиқар бала, қиын бала қайдан шығады? Оған кім кінәлі? Пікіріңіз, дәлеліңіз.
12. Ерке бала кім үшін керек? Мектепке ме, ата-анаға ма? Түйін сөзіңіз.
Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы. Баланы жастан бақпасаң жамандықтан қақпасаң қадірден жұрдай қасқа боп, кешкенің өмір босқа тек дегендей баланаң ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. «Баланың бас ұстазы – ата- анасы»демекші, «Ата –анаға көз қуаныш, алдына алған еркесі»- депАбай атамыз ата-ананың қуанышы гүлденген үміт арманы тек перзент сүю оны тәрбиелеуекенін айтқан екен. Ендеше ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың бас үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Қорытынды Әр топ сөздер жазылған кеспе парақ алып,сол сөзге сөйлем құрап тілек айтады.Бейбітшілік,базар,гүл,болашақ,ана.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Нурдаулет (2016-04-28) | Автор: Шалова Гулнар Байдалиновна
Просмотров: 151 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2016-12-07, 11:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [588]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [22]
История Семиречья
Великая Отечественная [166]
Личности [113]
Великие педагоги [30]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [174]
Конкурс юных сказочников [40]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [76]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [373]
Из дальних странствий возвратясь [10]
Наш календарь [41]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [41]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [21]
Творческая мастерская [589]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [192]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [77]
В помощь учителю [20725]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [123]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [181]
Диспут-клуб [14]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru