Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРА
Сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы: «Тілім- менің асыл қазынам».
Мақсаты:
Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата-баба дәстүріне адал болуға тәрбиелеу.
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер, тіл мерекесіне орай шығарылатын газеттер, буклеттер.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, - демекші,
«Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем» атты сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Барысы.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру: Сынып бес топқа алдын ала бөлініп қояды. Әр топтың басшылары тағайындалады. «Қазына» « Дастан» « Мұрагер» «Шежіре» «Тұлпар»
1. “Сәлем- сөздің анасы” таныстыру
«Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз.
2. “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” мәнерлеп оқу
3. “Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы
4. “Тапқыр дос” өлең құрастыру
5. “Сөз тапқанға қолқа жоқ” керек сөзді тауып, екі тілге аудару
6. “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы
1. турымыз “Сәлем- сөздің анасы” таныстыру
«Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді» - дейді данышпан халқымыз. Әр топ өздерін таныстырады.
2. турымызды “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” деп атап,
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады. - дей келе,
Қазақ ақындарының шығармасынан өлеңді мәнерлеп оқып жарысайық. Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюімен, білуімен, ардақтауымен өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын қалай жырлайды? Ақындардың өлеңіне арналады.
3. туры мақал-мәтелдерге арналады. Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан асыл мұраны қаншалықты білетіндіктерін көрсетеді..
“Мақал – сөздің мәйегі ” мақал сайысы мақалдың жалғасын тауып, жалғастырып айтады.

1. Өнер алды – ....................
2. Ана тілі азбасын,
.......................................
3. Тіл тас жарады, ............................
4. Бас кеспек болса да, ............................
5. Шебердің қолы ортақ, .........................
6. Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл,
..............................................
7. Ақылдың көркі – тіл.
......................................................
8. Тілден артық қазына жоқ,
................................................
9. Тіліңді ноқталасаң,
......................................................
10. Білекті адам бірді жығады,
.............................................

4. тур. Осы кезекте алдын-ала дайындалған парақтардағы мақал-мәтелдердің түсіп қалған сыңарын тауып екі тілде баламасын айту.

1.Құлақтан кірген.... Жүрекке барып мұз болар
(Сөз-слова)
2.Таза мінсіз асыл ... Су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады.
(тас-камень)
3. Бас кеспек болса да, ... кеспек жоқ.
(тіл – язык)
4.Сөз анасы – құлақ, ... анасы – бұлақ.
(су – вода)
5.Ілім – бұлақ... – шырақ!
(білім – знание )
6. Жігіт бір сырлы, ... қырлы болсын.
(сегіз – восемь )
7.Тіл тас жарады, Тас жармаса...жарады.
(бас-голова)
8.Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ... біл.
(Ілім-знание)
9.Қаһарлы сөз ... бұзар.
(Қамал-замок)
10.Ине көзінен сынады, ... сөзінен сынады.
(Шешен –оратор)
11.Айтылған сөз, атылған ... тең.
(Оқ-пуля)
12 ... сөз жарым ырыс.
(Жақсы-хорошее)
Полиглот» Шешімін тауып үш тілде айту, дұрыс жауап 15 ұпай 1. Мектеп кеме, білім ...(теңіз- ... - ... ) 2. Отансыз адам, ормансыз ... (бұлбұл - ... -... ) 3.Өнер алды қызыл ... (тіл - ... -... ) 4. Күш білімде, білім ... (кітап -... - ... ) 5. Абай Құнанбаев ұлы ... (ақын -... - ... ) 6. Көп тіл білу ... талабы. (өмір ... -... ) 7. ... оттан да ыстық. (Отан - ...- ... )


7. Сайысымыздың келесі бөлімі “Тапқыр дос” өлең құрастыру
деп аталады, берілген әріптерге өлең құрастыру . А,Б,Қ,О
8. “Өнер алды-қызыл тіл” капитандар сайысы
Берліген сөздерден мақалдар құрайды.
Қорытындылау, марапаттау.
Жүргізуші: Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.
«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт, – дей отырып бүгінгі «Тілім- өлшеусіз қазына, өрісі кең- әлем» атты 8-сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Қош сау болыңызар!

Қорытынды: «Тіл – қазына, тіл – тапқырлық, тіл – тіл – мемлекет, тіл – даналық. Ендеше сайысымызды Шона Смаханұлының «Анамның тілі» өлеңімен аяқтаймыз..


Анамның тілі
Өмірге келдім Мектепке келдім, Анамды көрдім, Ұстазды көрдім. Деді ол: «жаным» Тыңдадым сөзін «Арайлы таңым». Табынып сүйіп. Самал боп желпіп, Анамның тілі, Жырымен ертіп. Аяулы үні. Үйретті тынбай, Жүрекке нұрын Бал тілін маған. Жіберді сеуіп.
Қайырмасы:
Анамның тілі – айбыным менің,
Анамның тілі – ай-күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: jarkynai777 (2016-04-28) | Автор: Жылысбаева Жарқынай E
Просмотров: 2878 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 5:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru