Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ҮРДІСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Кудайбергенова Анар Калиевна
«№11 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Семей қаласы
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде оқытудың сапасын бағалауға айырықша көңіл бөлініп отыр. Бағалау технологиясы білім беру жүйесіндегі басым бағыт - білім берудің тұжырымдамасы мен стратегиясына негізделеді. Еліміз 2008 жылы 12 жылдық білім беруге көшкен кезде бағалау жүйесі өзгереді ме? Бала жетістігін бағалаудың тағы қандай баламалы жүйесін ұсына аламыз деген сұрақтар бүгінгі күні педагогикалық қауымдастықты толғандыратыны анық [1, 16 б].
Психологтар жүргізген арнайы зерттеу көрсеткендей, оқушылардың оқудағы үлгермеушілігінің басты себебінің бірі - өзінің оқу әрекетінің нәтижелерін саралап, сыни тұрғыда бағалай білмеуінен болып отыр. Сондықтан мұғалім мен оқушы әрекетін бағалауды ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін іздестіру қажеттілігі туындайды. Қазіргі кезде оқушының білімі мен білігі, қабілеті, тәжірибесі мен жеке бас жетістіктері туралы ақпарат көзі тек мектеппен шектелмейді. Бала қатысатын түрлі білім мекемелері: балалар шығармашылығының орталықтары, оқушылар сарайы, музыкалық және көркем сурет мектептері, өнер, спорттық мектептер, т.б. жетіп артылады. Жасөспірімнің бейіндік оқыту түрін таңдау кезінде осы мектептен тыс ұйымдардағы жеткен жетістіктері оның қандай бағдарға бейімді екенін анықтауда айтарлықтай маңызды үлес қосады. Осының бәрі оқушының жеке жетістіктерін жинақтап көрсететін тиімді технологияны жасауға негіз болады.
Құзыреттілік–оқушылар дайындығы сапасының сан қырлы және құрылымдық сипатын анықтайтын толық мөлшерде стандартталынбайтын баға. Оны оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді[3, 11]. Ол - өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын оқу нәтижесінде алынатын жаңа сапа. Осы тұста қолданылатын сан қырлы шкалалар мен оқушының жеке қасиеттерін бағалауды біріктіретін, оқытудың нәтижесін бағалауды талап ететін түрлі пәнаралық өлшеуіштерді жасау міндеті туындайды. Бағалауды сапалы жаңарту бағдарларының бірі ретінде соңғы кездерде портфолио технологиясы ұсынылып жүр. Бұл технология оқушы әрекетінің нәтижесін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Дегенмен, портфолио бағалауда туындап отырған мәселелерді түбегейлі шешеді деуге болмайды.
Шет мемлекеттердің оқыту жүйесінде жоғары бейіндік мектептерге түсуде оқушының жеке жетістік папкасы немесе оқушы Портфолиосы басты механизмдердің бірі болып табылады. Бұл технология оқушының түрлі жетістіктерін ескере отырып, қайсыбір бейін бойынша оқуын жалғастыруға дайындық деңгейі мен жоғары бейіндік мектепке тиімді әрі ашық конкурс арқылы іріктеу механизмін жаппай тәжірибеге енгізуге арналған негіз жасауға мүмкіндік береді. ТМД мемлекеттерінде бейіндік оқытуға байланысты жүргізіліп жатқан экспериментті ұйымдастыру мен өткізу тәжрибесі көрсеткендей, 9 сыныптан кейін тапсыратын мемлекеттік емтихандардың нәтижелері қорытынды аттестацияда аса маңызды болмақ. Бірақ, бұл қорытынды маңызды болғанымен, жалғыз болмауы керек. Сондай-ақ, оқушының емтиханнан тыс жеткен жетістіктері де бейін таңдауда басты негіз бола бермейді. Өйткені, жасөспірім бейіндік оқытуға өтер алдында маңызды қадам жасайтындықтан, оның қателесуі әбден мүмкін. Сол себепті жасөспірімді қате қадам жасаудан қалай сақтандыру, дұрыс бағытты таңдауда қандай кеңес беру керек деген мәселе барлығымыз үшін маңызды.
Жоғарыда шет мемлекеттердің тәжірибесінде адам жетістігін бағалаудың бір түрі ретінде Портфолио әдісі кеңінен қолданылып келе жатқанын айтып өттік (porfolio assessment). Ал енді портфолио дегеніміз не деген сұрақтың басын ашып алуымыз керек[5].
АҚШ-та портфолионы нәтижелерді бағалаумен қатар қояды да, негізінен құзыреттілік қатынасқа негізделген оқытуда кеңірек қолданады. Портфолио “аутентикалық бағалаудың” нақты бір түрі болып табылады. Аутентикалық бағалау дегеніміз – тәжірибелік-бағдарлы білім беруде қолданылатын және күнделікті, кәсіби шындық өмірге біртабан жақын жағдайда оқушылардағы білік, дағдылардың қалыптасуын бағалауды қарастыратын бағалаудың түрі. Аутентикалық бағалау оқытуда құзыреттілік қатынас негізінде құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған. Шет мемлекеттердің жалпы білім беретін мектептеріндегі бейіндік оқытуда аутентикалық бағалау кеңінен қолданылады.
Оқытуда жиі қолданылатын аутентикалық бағалаудың бір түрі ретінде нәтижеге бағдарланған портфолио әдісін айтуға болады.
Американдық педагогтар Arter мен Spandel (1991) «Портфолио оқушылардың бір немесе бірнеше пән бойынша жетістіктері мен білім деңгейін көрсететін жұмыстарын мақсатты түрде жинақтау» деп түсініктеме берген. Сондай-ақ, Портфолионың бала үшін ықпалы қандай?
Біріншіден, балалардың өз жұмыстарын бағалауына, екіншіден, ересектердің баланың жеке дамуын қадағалауына, баланың жеке жұмысының сапасына тікелей ықпал етеді.
1) жазба жұмыстарын, құжаттарды сақтауға және тасымалдауға арналған құрал: а) портфель, ә) “іс”, папка;
2) министр лауазымы;
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Жыргау (2016-12-07) | Автор: Кудайбергенова Анар Калиевна E
Просмотров: 754 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 2:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru