Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

ұсақ қол моторикасын дамыту
Тақырыбы:«ҰСАҚ ҚОЛ МОТОРИКАСЫНЫҢ БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ»

Адам баласының тілдік қарым- қатынасы өмірінің алғашқы кезеңінен басталады.Сәби бала үлкендердің еркелете сөйлеген сөзіне кұлақ түріп, әлдиіне бұрыла қарайды да, естіген сөздерді жадында ұстап түсінуге ынталанады. Баланың осы алған мағлұматтарын әрі қарай дамыту ұшін сәби кезінен әр түрлі ойындар қалданып білім деңгейін,сөздік құрамын молайту қажет.
Ұлы педагог В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзі қоршаған орта туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».
Ойынның қандай түрі болмасын, ол баланың ойлау, есте сақтау, есіту және де белсенді,енжар сөздік құрамның дамуына тигізер пайдасы мол.
Соңғы жылдары біздің әлемде балалардың тіл дамуы төмендеді. Қазіргі кезде сөз қоры актуалдық проблема. Зерттеудің нәтижесінде балалардың тіл дамуы саусақтың қозгалуына байланысты деген тұжырым жасалды. Сонымен қатар саусақтың қозғалуы, баланың жасына сай болу керек. Ғылыми тұрғыда, балалардың тіл дамуы жіңішке қол арқылы дамиды. Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікіелей байланысты. Ақыл - ойы кем дамығаң балалармен ұсақ моторикасын дамыту мақсатымен күнделікті саусаққа арналған ойындарын ойнап тұрған жөн. Бұл жөнінде ең алғаш Қытайда IX – X ғасырларда анықтап, қолөнерді дамытуға, оның адамға пайдасы жайында кеңінен таратылды, саусақпен істейтін жұмыстарға көп көңіл бөлген.
Осы жағдайларды ескере отырып мен өз жұмысыма «Су Джок» терапиясын енгіздім.
Жеке және топпен жұмыс жұргізгенде балаларға ұшы бар жаңғақты ұсынамын:
1.оны екі алақанның ортасына салып айналдырамыз:
2.жаңғақтың ұшы бар жағына , әр саусақтың ұшымен басып шығамыз.
Сонымен қатар:
1.Бұдыр - бұдыр шармен жұмыс жасаймыз.
(оны екі алақанның ортасына салып айналдырамыз).
2.Қыры бар қарандашпен жұмыс.
(екі алақанның ортасына салыпы айналдырамыз) .
3.Балаларды өз бетімен саусақтарына массаж жасауға дағдыландырдым.
4. Сіріңке шилерінен математикалық фигуралар жасау
5.жіпке моншақ тізу

Жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі тілдік функциясына байланысты. Жазуға бейімделмеген, жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі мектептің төменгі сыныптарынан бастап, оқуға деген негативтік әсерін тигізуі мүмкін. Қолдың ұсақ моторикасы баланың дамуына, оқуына өте маңызды. Мектепке дейінгі ұйымда жазу емес, жазуға дайындықтың маңызы зор.
Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді. Бала саусақтарымен әр түрлі жаттығулар орындап, үлкен жетістіктерге жетеді және баланы сурет салуға үйретеді, ары қарай жазуға да көмектеседі. Егер баланың саусақтары шапшаң жұмыс жасап, иілгіш болса жазуы да әдемі болады. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Балабақшада және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйымдастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 – 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса және 6 жаста тиек тігу – орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.
Өкінішке орай көп ата-ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарындашпен жазып үйренуі керек.
Егер сіз 3 жастағы бала тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз, дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады.
Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс.
Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн. Жаттығуларды мақсатты пайдалануылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады.
Тіл дамыту жұмысы қол арқылы жүру тиіс. Сонда ғана – неғұрлым үлкен жаттығу болады. Балаға тапсырмалар қызықты болу керек.
Баланың қол еңбегін арттыру үшін не істеу керек:
— қолмен ермексазды жұмсарту;
— алақандарымызды жұмып ойын ойнау (таңертең тұрдық – ашылу, кешке ұйықтадық — жабылдық);
— екі қолдың саусақтарымен «Жүру» үстелмен, алдымен ақырын, біресе ұрланып, содан кейін тез жүгіріп келуі. Жаттығу алдымен оң қолмен, содан кейін сол қолмен жасалады;
— ауада саусақпен сурет салу;
— қолдың басымен қолшам жасау;
— түймелерді тағып- ағыту, бауды байлау, құлыпты ашып – жабу т.б.;
— қақпақтарды жабу, механикалық ойыншықтарды кілтпен жүргізу;
— бұрандалар мен сомындарды бұрау;
— конструктор ойыны;
— құммен сурет салу;
— түрлі-түсті борлармен тұзды, шекерді, ұнтақ жарманы бояу;
— «Бассейн» ойынын ойнату т.б.
Осы жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз.Балалар сабаққа қызығушылығымен қатысады,қимыл іс - әрекеттерін қадағалап, берген нұсқауларды мұқият орындауға тырысады.
Ата – аналар мен педагогтің ұсақ қол моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн: ойындар, жаттығулар, түрлі тапсырмалар беріу керек, ұсақ моториканы жетілдіруде және қол бұлшық еттерінің дұрыс дамытуда екі міндеттерін шешеді:
1.жалпы баланың интеллектуалды дамуына әсер етеді;
2.жазуға жаттығады.
Ұсақ моториканы дамыту барысында біз осы нәтижеге жетеміз:
1.Сөйлеу тілі жетіледі.
2.Қимыл қозғалыс қабілеті артады.
3.Икемділігі арта түседі.
4.Логикалық ойлау қабілеті дамыйды.
5.Танымдылық деңгейі артады.
Ойындар арқылы, біздер баламен қарым- қатынасты нығайтып, баланың өз- өзіне деген көз қарасын өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтасын көтереміз.
Бала ыммен, ишаратпен сабақтан алған әсерін, көргенін, естігенін айтып беруге тырысады. Осының бәрі де, баламен әр түрлі ойын ойнап, моторикасын дамытқанның нәтижесi, - деп ойлаймын.

Источник: http://Ұсақ қол моторикасы
Категория: Школа, как она есть | Добавил: zabira_1987 (2016-12-24) | Автор: Ауғанбекова Арайлым Базылбековна E W
Просмотров: 1421 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 12:31 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru