Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

"Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту" Мақала
Рахымжанова М.Қ.
«Түберкулезге қарсы
облыстық балалар шипа-
жайы»
қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі,
Қарағанды қаласы
Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту
Оқушыларға сапалы да, тиянақты білім берудің негізі - пәнді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдістерін қолдану.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақ тілін, әдебиетін дамыту дегеніміз - гуманитарлық тұрғыда қуатты қаруды шыңдау, қоршаған ортаны парықтап, бағалаудың бір құралын жетілдіру» деген сөзі тіл мамандарына бағыт-бағдар іспеттес. Ортақ мақсатымыз да - осы.
Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін деңгейге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын таныту, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, ортаның тыныс тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру. Оқушыларды қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін дұрыс айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйрету қажет. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және дамыту, тілдік және танымдық біліктілігін дамыту екендігі оқу бағдарламаларында, Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында да көрсетілген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударды: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын әзірлеу керек».
Қазіргі таңда оқытудың түрлі жаңаша технологиясы бар екенін ғалымдарымыз дәлелдеп, олардың кейбіреулері біздің білім беру жүйемізге енуде. Қазіргі жаңартылған білім беру жағдайында қазақ тілі сабағында оқытудың түрлі ұсынылған түрлерін қолдану тиімділігі - өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы тұрғыда, қазіргі кезде мемлекеттік тілді игеруде көптеген педагогикалық технологияларды қолданып, жетістіктерге жетуге болады.
Әр мұғалім мектепте жұмыс атқару барысында білім беру мен тәрбиелеуде оңтайлы нәтиже беретін өз әдістемесін құрған жөн. Мемлекеттік тілді үйретуде басты мақсат - тіл дамыту болғандықтан, сабақ барысында оқушылардың сөйлеу тілін, сауаттылығын дамыту, тілді үйретуде әдіс-тәсілдер, оны қызықтырып оқыту арқылы қазақ тілінде еркін сөйлей білу машықтарын қалыптастырып, оқушылардың сөздік қорын байытып, мемлекеттік тілде сөйлей, оқи, жаза білуге үйрету. Тіл дамыту дегеніміз - тіл үйретудегі қарым-қатынас құралын жетілдіру, іске асыру деп білемін. Оқушының тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгерту, оларды сөйлемде қолдана алуды қалыптастыру, сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Мұндай көзқарасты ғалым З.Ш. Есназарова ұсынып, дәлелдеген болатын. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем - сөйлеудің негізгі құрамдас бөліктері. Сөйлеу үшін оқушының жеткілікті сөздік қоры болу керек, әрі байланыстырып сөйлем құрауды оқушыға әр сабақта тәжірибе түрінде меңгертіп, үйрету қажет. Сабақ барысында оқушылардың міндетті түрде сөздік дәптері болуы тиіс. Сөздік дегеніміз – тіл үйренуге қажетті материал. Әр түрлі лексикалық тақырыптарға байланысты әр сабақ тақырыбына байланысты сөздерді сөздік толтыру арқылы меңгерткен абзал. Сондықтан қазақ тілін үйрену барысында міндетті түрде оқушылар меңгеруге тиісті сөздердің тізімін жасау керек. Оқушының үйренген сөздерін берік қалыптастырып, олардың жадында сақтауы үшін мына мәселелер: сөзге дұрыс екпін түсіріп айту, сөздің мағынасын дұрыс түсіну, орфографиялық жағынан дұрыс жазып, сөйлем құруда пайдалана білу ескерілуі тиіс.
Сабақта оқушылардың сөйлеу тілдерін арттыру барысындағы жұмыстардың тағы бірі - мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығы деп білуге болады. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен танысу керек. Жаңа сөздердің мағынасын оқушылар түсініп, меңгерулері тиіс. Сонымен қатар үлестірмелі кәрточкалар, суреттермен, ойындармен жұмыс жүргізуге болады. Мұндйда оқушылар ізденеді, олардың әр орындаған жұмыстары бағаланады және бағыт-бағдар беріледі. Жұмыс барысында мақал-мәтелдерге назар аударған жөн. Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға шақыру қажет. Осыған орай мынадай тақырыптарды оларға ұсынып, өзімізге де қосымша жұмыс жүргізген құба-құп: туған жер, асыл мұралар, тамаша адамдар өмірінен, еліміздегі ұлтаралық достық, оқушылар арасындағы достық, ұлттық мерекелер, жыл мезгілдер, сүйікті қаламыз т.б. Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың қарқынды дамып қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттандыру ісі білім беру жүйесінің дамуына да ықпалын тигізуде. Жаңа заман мұғалімі ақпаратты құзіретті болуы тиіс қажеттілігіне сай сабақтарда жаңа технологияларды пайдалана білген өте орынды.Сондықтан да, қазақ тілін оқытуда мүмкіндігінше интерактивті тақтаның тиімділігі өте зор.
Сөйтіп, жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да осындай әр түрлі тіл дамыту жұмысын жүргізу оқушылардың ой-өрісінің дамуына, жеткілікті білім алуларына септігін тигізеді.
Қазақстан білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне бірте-бірте еніп, биылғы жылы Елбасымыз атап көрсетіп, қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық идеясының құндылықтары оқу бағдарламаларына толығынан енгізіліп жатқаны белгілі. Сол құндылықтардың ішіндегі ең бастысы – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде нығайту, қазақстандықтардың үш тілде еркін сөйлеуіне жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі. Тіл - «Мәңгілік Ел» идеясының басты қолдаушысы. Ана тіліңді құрметтеу - ұлттық намысты ояту мен жаңғырту көзі.
Еліміз қабылдап отырған«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырып, жас ұрпақтың санасына оның жеті мызғымас құндылығын сіңдіруде ұстаздар қауымына жүктелер міндет өте ауыр. Жастарымызды қазіргі жаңартылып жатқан білімді игеріп, алған білімдерін күнделікті өмірде және «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру барысында тиімді пайдалана алуға баулуға, олардың бойына Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру жолында еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етіп, ХХІ ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасырына» айналуына өзіндік үлес қосып келе жатқанымызға ұстаз ретінде мақтанамыз.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: b_e_k_a2001 (2017-01-12) | Автор: Рахымжанова Майгүл Қайыржановна
Просмотров: 753 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 6:40 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru