Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

БАЯНДАМА "МУЗЫКА САБАҒЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ БАУЛУ" "
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «Қызыл ту негізгі мектебі»мм Жұмабаев Елубай Сермағанбетұлы Музыка пәнінің мұғалімі
БАЯНДАМА МУЗЫКА САБАҒЫНА ОҚУШЫЛАРДЫ БАУЛУ

Халық өнерді әрқашан даналық пен ақыл-парасатты оятар тәңірдің ерекше сыйы деп білді. Өнерге тояттаған әр тіршілік иесінің бойынан азаматтық пен адамгершілік қасиеттері әркез табылды. Әр өлең мен ән-күй жолдарында адамзат тарихының ең таза үлгілері түзіліп, жинақталды. 1997 жылдан бастау алған төл оқулықтар ұлт болашағына апарар жаңа үрдісті, ұлттық нақышты бойына жия отырып, бала тәрбиесінің негізгі көзіне айналды. «Музыка» пәнінің жаңа оқулықтары қазақ жерінің өнерін тірілтті. Қазақтың бесік жырларынан бастап күмбірлеген халық күйлері, толғау мен термелер, айтыс пен күйтартыс тарау-тарауға еніп, өз орнын тапты. Қазіргі таңдағы мектепте музыка сабағында оқушыларды ән және аспаптық мәдениетке баулудың басты мақсаттары мен әдістері көптеп қарастырылады. Музыка сабағында оқушылар ән айту, аспаптық мәдениетті, эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгереді. Сонымен қатар, шешендік айтыс, жыр-терме, ән айту, суырып салма ақындық өнерімен етене танысады. Оқушылар музыка сабағында: эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл-күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді
Музыка дегеніміз — сырлы да сиқырлы дыбыс. Ал, дыбыс – табиғат. Табиғатсыз тіршілік жоқ болса, дыбыссыз музыка жоқ. Әуен көптеген сансыз дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда болған жаңбыр, дауыл, жел үні, су сылдыры, құстардың әні, аңдардың үні мен қимылы, жан - жануарлардың боздауы, кісінеуі т. б. дыбыстарға еліктеуден әуен құралады. Мысалы, талантты сазгер Нұрғиса Тілендиевтің ”Құстар қайтып барады” әнінің ырғағына бір сәт құлақ түріп, зейін қоя тыңдаңызшы. Құлаққа құстардың қиқуы келіп, ол үн жүрегіңді баурап, көңілді мұң шалмай ма?!

Халқымыздың білгір сазгері, академик Ахмет Жұбанов музыка жайлы: ”Қазақ халқының талантты күйшілерінің күйлерінде құлаққа әрең естілетін шөптің сыбдыры, кең далада келе жатқан жалғыз жолаушының әні, аспанда қалықтап жүрген қайсар бүркіттің қанатының суылы бар…” — деп ерекше тебірене жазыпты.

Жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. Әсем ырғақты, жан тербетер ән, сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше қуанышты күйге бөленеді. Солардың арқасында қан айналу, зат алмасу процесі жақсарады. Музыка көңілді көтереді, қайғыны жеңілдетеді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады.

Ежелгі гректер музыка мен медицинаны қосып, оған қамқоршы етіп бір Құдайды — Аполлонды беріпті. Музыканың адам денсаулығына, көңіл - күйіне әсер ететіні жайлы мәліметтерді ұлы дәрігер Эскулаптың, ежелгі грек математигі‚ философы Пифагордың, философтар Аристотель мен Платонның еңбектерінен табуға болады. Музыка ырғағы күш - қуат беріп, көңіл - күйді көтеретінін әскери мамандар да ертеден мойындаған. ”Музыка армияның жігерін екі - үш еселендіреді” деп орыс армиясының белгілі қолбасшысы А. В. Суворов дәл айтқан.

Қытай мен Грекияда музыканың емдік қасиеті жайлы ертеде ақ белгілі болып, ол біздің дәуірімізге музыкатерапия немесе вакалотерапия ретінде жетіп отыр. Музыканың дыбысына, ырғағына байланысты адам организмі әрқалай әсер алады. Сондықтан, оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге, олардың алдын алу мақсатында пайдаланатыны белгілі. Мысалы, әсерлі музыка эндокринді бездер қызметін едәуір жақсартады да, гормондар бөліну күшейе түседі. Музыка ас қорыту тізбегіне де жағымды әсер етеді. Музыканың адамға әсері оның қандай аспапта орындалуына байланысты. Мысалы, сыбызғы үні қан айналымына, жүрек тамырларына пайдалы әсер етсе, скрипка мен фортепиано адамның жанын жай таптырып, жүйкесін тынықтырады екен. Ал, қазақтың екі шекті музыкалық аспабы қоңыр домбыраның күмбірлеген үні, киелі қылқобыздың жүрек елжіретер сырлы сазы қалай сізді бей - жай қалдыра алады?

Музыкатерапия қазіргі кездері невроздар мен неврастения секілді ауруларды емдеу мақсатында, шаршап, ұйқы қашқан кезде жүйкені тыныштандыратын ем ретінде пайдаланылып жүр. Музыкатерапия гипертониялық, жүректің ишемиялық аурулары мен нейроциркуляторлық дистония сырқатын емдеуде де қолдау тапты. Ғалымдар музыканың тіршілікке қандай пайдасы барын анықтау үшін бірде мынадай тәжірибе жасаған. Гүл өсірілген плантацияның бірінде үнемі жанға жайлы сазды музыка ойнап тұрған да, ал екінші бір плантациядағы гүлдер музыкасыз жай тәсілмен өсірілген. Тәжірибенің қорытындысында ғалымдар музыка ырғағымен өскен гүлдердің жақсы да әсем болып өскенін анықтаған.
Қазіргі уақыттағы музыка сабағының сапалылығы оқушылардың белсенділігіне де байланысты. Белсенділік мәселелерін арттыруды тек сабақтың құрылысын қызықты құрастыруда, оқушылардың қызығушылығын оятудағы әдіс-тәсілдерді қолдануда ғана шеше алмаймыз. Себебі мұғалімнің әрбір оқушыға көңіл бөлуіне де байланысты. Әрине бұл міндет мұғалім алдындағы қиын міндеттің бірі, себебі, мүғалім оқушылармен аптасына бір-ақ рет музыка сабағында жүздеседі. Сол себептен де мұғалім оқушыларын білуі керек, олардың жақсы және нашар дамыған жақтарын есінде сақтап, қызығушылықтары мен бейімділіктерін ескеріп, баланың әлеміне еніп, әрқайсысының жетістіктерін бағалай білуі керек.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Айару9167 (2017-03-25) | Автор: Елубай E
Просмотров: 707 | Теги: Жұмабаев Сермағанбетұлы | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 8:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru