Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Балабақшаларда өзін- өзі тану пәнін оқыту
ШҚО, Аягөз қаласы
Аягөз қалалық №5 бөбекжай- балабақшасы
№10 "Алтын балық" тобының тәрбиешісі
Абылгазина Камал Магзумовна

Балабақшада өзін-өзі тану пәнін оқыту

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай өскелең ұрпақты тәрбиелеу басты міндет.Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына балабақша жасынан сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.
Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.
Оқу-әдістемелік кешеннің барлық компонеттері өзара байланысты және дамыта оқытудың мақсаттарын арнайы балабақшада, үйде іске асыру көзделген.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты.Сабақ жүргізілетін арнайы бөлме кең, жарық, сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы керек. Балалар өзін емін-еркін, психологиялық тұрғыдан жайлы да жағымды сезінетіндей, көзтартарлықтай көркем безендірілуі тиіс.
Бөлмеде сабақтың мақсат-мазмұнына, жұмыс істеуге ыңғайлы болатындай үстелдерді алуан түрлі етіп (шеңбер, қатар, қарама-қарсы және т.с.с.) орналастыру қажет.
Сондай-ақ міндетті түрде музыкалық шығармаларды тыңдау және бейне көріністерді тамашалау үшін дыбыс бейнежазба қүралдар, дидактикалық материалдар мен фотосуреттерді іліп көрсету үшін тақта болуы керек. Мұндай бөлмелер балалардың жақсы жұмыс істеуіне, тамаша әсер алуына ықпал етеді.
Тәрбиешінің балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы басты мақсаты - баланың өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелеуге, оны ой елегінен өткізіп, баға бере білуге, тек өзіне ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл аудартып, оларды өзіндік табиғи болмысымен қабылдау, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйрету.
Қарым-қатынас барысында әр баланың жанарына жылы шыраймен қарап, өзінің қимыл-қозғалысы, ым-ишарасы арқылы оған оң көзқарасын байқата отырып, сенімге ие болу керек.
Сабақтарды ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңінің бірі «Шаттық шеңбері» болып табылады. «Шаттық шеңбері»-сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Тәрбиеші балалармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып, өлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні - әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады. Жұмыстың бұлайша жоспарлануы баланың зейінін белгілі бір ой жүйелілігіне тұрақтандыруға және олардың көңіл күйлерін жағымды арнаға бұруға мүмкіндік береді. Өйткені алға қойған мақсатка жету және еңбектің нәтижелі болуына қол жеткізу үшін топтағы балалардың шашыраңқы ойларын жинақтап, бір арнаға тоғыстырып жүйелеп алу аса маңызды болып табылады.«Шаттық шеңбері» - тәрбиеші балалармен бірге амандасып, тақпақ оқып, ән айтатын, жылы сөздер сыйлайтын маңызды шеңбер болып табылады. Тәрбиеші өзінің қалауы бойынша сабақтың тақырыбына сәйкес олардың мазмұнын өзгертуге және тәжірибе барысында балалардың ойлау мүмкіндіктеріне қарай орайластыра өткізуіне де болады.
«Ойын»— балалардың танымдық қызығушылықтарын жандандыру және меңгерген ұғымдар мен іскерліктерін бекіту үшін ұсынылатын оқыту әдісі. Ойындар (іскерлік, сюжеттік-рөлді, қимыл-қозғалыс, дамытушылық) баланың ойлау, есте сақтау, қабылдау, қиял сияқты психикалық үрдістерінің дамуына көмектеседі. Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтайды, оқылған жағдаятты жақсы меңгереді. Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойын сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде
«Тыныштың сәті»-балаларға күн сайын бірнеше минут «тыныштыққа бой алдыра» білу өте маңызды. Бұл әрекетті кез-келген жерде және кез- келген уақытта жасап көруге болады. Балалардың ыңғайлы жағдайда отыруын ескертіп, қадағалап отыру керек. Арқаны тік ұстап еркін отырады. Бүкіл денені босаңсытып, қолды тізеге қояды. Ойды ізгілік күйге бейімдеу дегеніміз өзіне және жақындарына іштей игі тілек білдіру болып табылады.Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді.Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің сезімі мен көңіл-күйін жақсы сезінеді.
«Сергіту сәті» — шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті.Бұл жұмыс олардың белсенділігін арттыру үшін қолданылады.Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, ұқыптылықты, ұжымға топтасуға ықпал етеді.
«Ғажайып сөздер»- бұл әдістемелік тәсілде балаларға сабақ бойы айтып үйренген жақсы сөздер мен сөз тіркестерін айтқызып, үйренген адамгершілік құндылықтарын пысықтап, бекіту мақсатында пайдаланылады.
«Қорытындылау»-сабақтың соңында жасалған қорытындыда тақырыпқа байланысты негізгі ой жүйеленеді.
«Журектен жүрекке» шеңбері - сабақ құрылымындағы негізгі міндетті әдістемелік тәсіл. Мұнда:
• тәрбиеші балалармен бірге көңіл-күйді көтеруге бағыттап қысқаша тақпақтар, өлеңдер айтады;
• шеңбер құра отырып, сөз алмасу арқылы өз ой-пікірлерімен бөліседі, бірінің ойын бірі жалғастыруға жаттығады;
• бет әлпеті, қимыл- қозғалыстары арқылы көңіл -күйлерін байқатуға үйренеді;
•бір-біріне жылы тілектерін шын жүректен ұсына отырып, мейірімді қарым-қатынастары орнығады.
«Өзін-өзі тану» пәні тәрбиешіге өзінің педагогикалық қабілетін танытуға мүмкіндік туғызады.Әрбір сабақты дайындап, өткізу саралауды, шығармашылық ізденісті талап етеді. «Өзін-өзі тану» пәнінің жүргізілуі барысында өзіндік өзгермейтін, міндетті бірнеше негізгі мәселелер бар.Олар:
-әр балаға жеке дара тұлға ретінде жеке басына сыйластықпен, түсіністікпен қарау;
-балаларға өз іс-әрекетін жоспарлау және дамыту орталықтарын ұйымдастыру арқылы таңдаулары мен дамуын іске асыруға көмектесу;
-баланың өмірлік дағдысын түгел қамту және олардың өмірді қабылдаудағы жас ерекшелігі ескеріледі.
Сондықтан тәрбиеші сабақты өткізу барысында:
-балаларға үйретуші емес, тек бағыт беруші болғаны дұрыс,
-балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, оның жеке даму ерекшелігін басты назарда ұстау;
-жеке тұлғаның бірін-бірі түсінуі, тәрбиешімен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғыза алуы керек.

Источник: http://өзін өзі тану пәні
Категория: Школа, как она есть | Добавил: zabira_1987 (2017-03-27) | Автор: Абылгазина Камал Магзумовна E W
Просмотров: 1288 | Теги: өзін өзі тану пәнін оқыту, балабақша | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-17, 1:04 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru