Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

Сабақтың тақырыбы: Пейзаж түрлері.
Сабақтың тақырыбы: Пейзаж түрлері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пейзаждың түрлері жайлы қысқаша мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Оқушының байқағыштық және есте сақтау қабілетін
дамыту, елестету арқылы ойша сурет салуға дағдыландыру.
б) Тәрбиелілік: Табиғатты қорғау, сүйіспеншілікпен қарау, өнерді
түсіну қасиеттеріне тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа оқу материалын меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Табиғат көрінісі бейнеленген суреттер, альбом, акварель бояуы, қылқалам, т.б.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа даярлау.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақ.
Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Пейзаж өнері де әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез – құлқын айнытпай беруге тырысады.
Армысың, шапағатты күніміз!
Армысың, мейірімді жеріміз!
Армысың, табиғат анамыз!
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.
Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Г. Ысмайылов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. Ә. Қастеев “Менің Отаным” 1959 ж. Ә. Қастеев “Биік таудағы мұз айдыны” 1955 ж. А. Черкасскийдің "Көктем", Ә. Қастеевтің "Шалкөде жайлауы", Ү. Әжиевтің "Асы жайлауы", Ж. Шарденовтың "Қыс", т. б.
Пейзаж түрлері:
Ауыл пейзажы (Ү. Әжиевтің «Асы жайлауы» картинасы) ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.
Саябақ пейзажында (В. Батуриннің «Ясная Полянадағы гүлдер» картинасы) адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі.
Қала пейзажында (О. Нұржұмаевтың «Түнгі субұрқақ» картинасы) адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.
Теңіз пейзажы - марина (И. Айвазовскийдің «Теңіздегі түнгі дауыл» картинасы) бірде тыныш, бірде буырқанған теңіздің ғажап сұлулығын, көбік шашқан асау толқындарды немесе теңіз дауылын бейнелейді.
Сәулет пейзажы (А. Остроумова-Лебедеваның «Крюков арнасы» картинасы) қалалық пейзажға ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық – сәулет пейзажында суретші сәулет ескерткіштерін табиғат аясында бейнелейді.
Индустриялық пейзажда (К. Моненің «Сен-Лазар вокзалы» картинасы) суретші зауыттар мен фабрикаларды, бөгеттер мен электр бекеттерін, вокзалдар мен көпірлердің айшықты құрылымдарын, теміржол тораптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.
Өздік жұмыс.
Ал енді балалар бүгін біз оқушыларың арасында өтетін «Пейзаж» тақырыбына өтетін сайысымызды тамашалаңыздар. Ең алдымен оқушылар төрт топқа бөлінеміз. Қолдарыңа берілген суреттер бойынша «Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз» тобына бөлініп, жайғасыздар.
Оқушыларға өз беттерінше жыл мезгілдеріне байланысты сурет салу тапсырылады.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: Табиғат құбылысын бақылау арқылы пейзаж салу.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: jirgau75 (2017-04-24) | Автор: Аскарова Назым Ертаевна E
Просмотров: 1678 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 10:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru