Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

MS Excel. Функциялар.
Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: А.С. Назарбекова

Сыныбы: 8 «А»
Күні: 16.03.2017ж

Сабақтың тақырыбы: MS Excel. Функциялар
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік - сандық информацияны электрондық кесте көмегімен компьютерде өңдеу принциптерін, формуланы жазу тәсілдерін білу, практикалық тапсырмаларды шешу, диагаммалар құру біліктілігін қалыптастыру.
ә) дамытушылық – программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей алу дағдысын, объектінің компьютерлік моделін құру біліктілігін дамыту.
б) тәрбиелік – техникалық құрал-жабдықтарды ұқыпты ұстауға, өз бетімен жұмыс істеуге және өзара бірігіп әрекет етуге тәрбиелеу.
Тақырыптың негізгі түсінігі: Кестелік процессор, функция, формула, диаграмма (график).
Сабақтың типі: жаңа білім, практикалық жұмыс
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірме, тест тапсырмалары, тапсырмалар, слайдтар.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, тест тапсырмалары.
Техникалық құралдар: компьютер құрылғылары, интерактивті тақта
Пән аралық байланыс: алгебра, геометрия.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру бөлімі (5 мин)
Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.
Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар туған күндерінің айларын стикерлерге жазады. Оқушылар төрт топқа бөлініп отырады. Көктем, жаз, күз, қыс.
Оқушылар отырып болған соң, топ басшысын сайлап, алдын-ала бағалау парағын беру.



II. Сабақтың барысы
1) «Ұшқыр ойлар» (үй жұмысын тексеру) – 7 мин
2) «Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге» - «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі
3) «Теория –білім падишасы» (жаңа білім беру)
4) «Ой түйіндеу» ( практикалық жұмыс)
5) «Санаға сапар» (оқушылардың білімдерін бекіту – Дискуссиялық карта)
6) Оқушылардың білімдерін бағалау
7) Үйге тапсырма.

1. «Ұшқыр ойлар» (үй жұмысын тексеру)
A) Семантикалық карта

Жолдар Бағандар Ұяшық Ұяшық аумағы Формула ұяшыққа қалай енгізіледі
=
Латын әріптерімен
Сандармен
В13:С19
Жол мен бағанның қиылысуы

Б) Адасқан әріптерден сөз құрап, олардың қазақша атын айтып орысшаға, ағылшынға аудару керек.
К П І Т А
Я Ы Қ Ұ Ш
У Л Ф О М Р А
Е Т Б
Е К Е С Т
ЦУФНКИЯ
Д И А М Р Г А М А
Кітап – книга – Book; Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу беттері жұмыс кітабына біріктірілген.
Бет – лист – page; Жұмыс кітабы жұмыс бетінен тұрады;
Ұяшық – ячейка – cell; Жұмыс беттері ұяшықтан тұрады;
Кесте – таблица – table; Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады;
Формула – формула – formula; Excel де формулалар жазу арқылы есептеуге болады;
Функция – функция – function; Функция – математикалық және жалпығылыми ұғымдардың негізгі бөлігі болып табылады.
Диаграмма – диаграмма – diagram; мәліметтерді графиктік түрде көрсету

2. «Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге»
Оқулықтағы «Функциялар» тақырыбын оқушылар топпен бірге оқиды және постер арқылы алған білімдерін тақтада қорғайды.
3. «Практика – білім падишасы» (жаңа тақырыпқа қосымша)
А) КОРЕНЬ - мысал келтіру
В) СУММ - мысал келтіру
С) у = х2 функциясының графигін тұрғызу керек. Егер функцияның коэффициенті оң сан болса онда параболаның тармақтары жоғары қарайды.

4. «Ой түйіндеу» практикалық жұмыс. Оқушылардың жаңа материалды түсінгендігін тексеру үшін тапсырма беріледі.
Тапсырмалар орындаймыз!
1-тапсырма. Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол — тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Төменде наурыз көженің даярлану үлгісін ұсынып отырмын.
Наурыз көженің шығынын есептеңдер.
Сендердің қолдарына 5000 теңге ұсынамын.
Құрамы Бағасы
1 кг сүрі ет 1800
100 гр бидай 200
100 гр күріш 200
100 гр тары 300
Тұз 250гр 65
Айран 1 л 280
Су 5 л 250
Барлығы
Қолымда қалған сома
Жетпеген сома

2-тапсырма. y=x2 функциясының графигі парабола деп аталады. Төмендегі y=x 2 функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғыз.

3-тапсырма. Қазақстан халқы (демографиялық деректер)

Сергіту сәті.
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
1. Екі қолға бірдей қалам аламыз;
2. Оң қолмен баған, сол қолмен жол саламыз;
3. Баған мен жолдан ұяшық құрастырамыз;
4. Ұяшықтың ішіне «Наурыз мейрамы» сөзін жазамыз.
5) «Санаға сапар» (оқушылардың білімдерін бекіту)
Дискуссиялық карта:
Жаңа түсініктер бойынша сұрақтар беріледі, әр оқушы өз көзқарасын жазады (1-иә, 0-жоқ)
1. МS Excel электрондық кесте – 1
2. Диаграмма құру үшін функция шеберін пайдаланамыз – 1
3. Әрбір ұяшықтың жол нөмірінен және баған атынан құрылған мекенжайы болады – 1
4. MS Excel дің файлдық кеңейтілімі xls – 1
5. Белсенді ұяшыққа мәлімет енгізуге болады – 1
6. F7 ұяшықтың мекенжайы болама? – 1
7. 4В, 7С ұяшықтың мекенжайы бола алама? – 0
8. Диаграмманың өлшемін өзгертуге болмайды – 0
9. СРЗНАЧ – барлық қосындыны есептейді – 0
10. СУММ – орташа мәнді есептейді – 0
11. Кез-келген электронды кестенің ұяшығына сан, формула, мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады? – 1

Сұрақ № 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Жауап
Иә/жоқ
(1/0) 1 1 1 1 1 1 0 0 0 0 1

Цифрлық диктанттың жауабын дұрыс тұжырымдаған болсаңыз /1111100001/ екілік санды ондық санау жүйесіне айналдырғанда Excel бағдарламасының қай жылы шыққанын көрсетеді. Екілік санды ондық санға айналдыру үшін Инженерлік калькуляторды пайдаланайық.
Пуск – Программы – Стандарты – Калькулятор – нженерлік командасын орындаймыз. Мұнда Bin /екілік жүйе/ белгісін таңдап, санды енгізіп, Dec /ондық/ жүйе белгішесін басамыз. Сол кезде индикаторға ондық сан шығады /2017/.

6) Оқушылардың білімдерін бағалау.

Оқушының аты-жөні
1 «Ұшқыр ойлар»
және
Семантикалық карта Барлық сөзді шешсе 2-ұпай,

Барлығы дұрыс 1-ұпай, барлығы дұрыс емес - 0 ұпай

2 «Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге» Әр дұрыс тапсырмаға 1-ұпай, дұрыс емеске 0 ұпай
3 «Ой түйіндеу» Әр дұрыс тапсырмаға 1-ұпай, дұрыс емеске 0 ұпай
4 «Санаға сапар» Бағалау: 12-13→5,
11-8→4,
7-4→3
баға қойылады.
5 Оқушының сабақтағы белсенділігі 1 — 0
6 Теориялық біліміне 1 – 0
7 Қорытынды ұпай
10-9 ұпай өте жақсы, 8-6 ұпай жақсы 5-3 ұпай қанағаттанарлық

№ Оқушының аты-жөні Сабақтың кезеңдері Қорытынды баға
«Ұшқыр ойлар» - «Адасқан әріптер», семантикалық карта
(үй жұмысы) «Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге» (постермен жұмыс) «Ой түйіндеу» (практикалық жұмыс) «Санаға сапар»
Дискуссиялық карта

1
2
3
4
5
6

7) Үйге тапсырма.
§26 Функциялар. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары. Тест тапсырмаларына жауап /160 бет/.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: Aiz (2017-05-16)
Просмотров: 580 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:10 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru