Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Русский язык и литература

Туған қалам – Семейім.
Тақырыбы: Туған қалам – Семейім.
Мақсаты: - Оқушылардың Отанға деген, туған қаласына деген сүйіспеншілік сезімдері арта түседі.
- Қала тарихы жөніндегі деректері молаяды.
- Шағын топтарда бір-бірінің пікірін тыңдай отырып, өз ой пікірін ашық жеткізе алады.

Әдісі: Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.
Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, шарлар, маркерлер, таратпа плакат, магнитофон, қала гербі
Жоспары: І. Қызығушылығын ояту
а) өлең оқу
ә) дөңгелек стол стратегиясы
ІІ. Мағынаны ашу
а) негізгі идеяны суреттеу
ә) ой ашар
ІІІ. Ой толғаныс
а) 5 жолдық өлең
ә) шығу парағы

Барысы: - Сәлеметсіздерме, оқушылар! Қош келіпсіздер қымбатты қонақтар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Туған қалам – Семейім».
І. – Туған қаламыз – Семейіміз туралы көптеген ақындарымыз өлең, жыр жолдарын жазып, арнаған ғой.
А) Ал, біздің өз арамызда Сатибалдиева Гауһар да туған қаласына өлең арнапты, тыңдасақ.
Семей
1. Семей ғой куәгері талайдың,
Ұлылардың туып-өскен мекені деп санаймын
Жолы жатыр Шәкәріммен Абайдың
Өңірімді ақындардың өлеңіне балаймын.
2. Бұл Семей серілердің мекені еді,
Киелі аңдары мен құстары мекендейді.
Жері үшін жан алысып, жан беріскен,
Ерлерім алашым деп белін буып бекемдеді.
3. Семейге бар алғысты мен айтамын,
Семейден алшақ кетсем сағынамын
Семейден қанша қала артық болсын
Сонда да Семейім деп шаттанамын
4. Семейім – Абайымның басқан жері
Семейім-алашымның өткен жері
Семейім мақтанышым, туған жерім
Семей ғой сезімімнің бөліскен жері
5. Әрқашан Семей менің жүрегімде,
Семейім болар ылғи ел есінде.
Семей менің ұмытылмас өңірім,
Семей менің бала кезім, өмірім.

- Рахмет!
Қошеметтеп қояйық.
ә) Гауһар өлеңін қай қалаға арнады деп ойлайсыңдар?
- Иә, өзіміздің туған қаламызға.
- Ал, енді «Туған жер» дегенде ойларыңа не түседі?
- Алдарыңдағы параққа әркім жеке өз ойын түсіреді де, көршісіне береді.
- рахмет, тамаша!

ІІ. А) Әр топқа мәтін таратылады. №1 топқа
Семей – Шығыс Қазақстан облысының аса ірі қалаларының бірі. Ірге тасы 1718 жылы қаланды. Дерек бойынша Жеті шатыр 1600 жылдары тұрғызылған болу керек. Петр І тапсырмасымен Ертісті өрлеп шыққан әскер басшыларының хабарларында бұл қоныс «Гудские каменные палаты», «Семьпалат» деп аталған. Өйткені қалада ерекше көзге түсетін тастан қаланған жеті сарай болған. 1718 жылы Семей қорғаны салынып біткеннен кейінгі дәуірде Семей аймағына бекіністер салуға жіберген патша өкіметінің адамдары өзара келіспей, жауласқан кездері де болды. 1782 жылы уездік қала болды. Бекініс ішінде маңайы ор қазылып қоршаған шіркеулер, казарма, әскери мекемелер, тоғыз мешіт болған екен.
№2 топқа
Семей-Ертіс өзенінің екі жағына орналасқан, қала, темір жол, әуе және автомобиль жолдарының ірі торабы. 1936ж. 110 мың., 1959ж. 156 мың., 1970ж. 236 мың., 1975ж. 217 мың адам болған.
Ұлттық құрамы бойынша (1989 жылғы халық санағы) қазақтар – 51,1%, орыстар – 35,5%, немістер – 5,2%, татарлар мен украиндар – 2,2%, және басқа ұлттар 3,56% құрады.
1782 жылы қала мәртебесіне иеленді. 1783 жылы Семей деп аталды. Қала гербі бекітілді: «Қалқанның көкшіл бетінде алтын тиелген алтын түйе, оның үстінде жоғарғы жағында алтын тәжі бейнеленген».
«Сарыарқа» газеті мен «Алаш» журналы Семей қаласынан шықты.
№3 топқа
Семей қаласы – орыс елінің қазақ даласымен, Орта Азиямен, Батыс Қытаймен саяси, экономикалық, мәдени байланыс қатынастарының өзекті орталық қаласына айналды. Семей сауда- саттықтың ірі орталығы болды. Семейде 28 жәрмеңке жұмыс істеді. Олардың ішіндегі өзінің сауда айналымы жағынан ең ірісі Қарқаралы – Павлодар пошта жолы бойындағы Қоянды бекетіндегі жәрмеңке еді.
Жәрмеңкелерде өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдері, тірі мал мен мал шаруашылық өнімдері сатылды.
Бұл кездегі Семейдегі өнеркәсіп: 4 май қайнататын, 6 сабын қайнататын, 44 тері өңдейтін, 1 жүн жуатын заводтар, арақ пен сыра даярлайтын, темекі шығаратын заводтар, бу диірмені болды.

1) жеке оқимыз
2) жұппен талқылаймыз
3) шағын топта талқылап, түсінгендеріңді өз ой-пікірлеріңізді суреттеу не схема арқылы плакатқа салып жеткізесіңдер.

- Ең бірінші болған топ іле береді: спикер қорғайды.
- әр топқа қолдау көрсететіп отырайық, рахмет.
ә) Ал, енді бір сергіп алайық.
- «Туған қалам – Семейім» әні орындалады.

ІІІ. Ал, балалар, енді біз өзіміз де туған қаламызға өлең арнап көрейікші.
А) 5 жолдық өлең құрастырайық
1. зат есім
2. сын есім
3. етістік
сезімді білдіретін сөз тіркесі не сөйлем, бірінші жолға синоним.
- Ал, енді топтан сәтті шыққан өлеңдерімізді оқып көрейік.
ә) Балалар, бүгін сабағымыз ұнады ма? Шығу парағын жазып жіберейік. Келесі жолы ой-пікірлеріңмен санасам.
- Бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, қатысқандарыңызға рахмет!
Категория: Русский язык и литература | Добавил: EzhikM85 (2012-01-30) | Автор: Абуова Ардак Кабыкеновна
Просмотров: 3814 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2014-11-29, 6:16 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1101]
Школьный психолог [381]
История [498]
Опыт [348]
Научная кафедра [194]
Воспитание души [156]
Мастер-класс [145]
Семья и школа [133]
Компьютер-бум [189]
Английский язык [532]
Великие открытия [15]
Университет здоровья [97]
Математика [800]
Химия [266]
Классному руководителю [482]
Биология [432]
Думаем, размышляем, спорим [61]
Казахский язык и литература [1156]
Краеведение [77]
Начальная школа [2957]
Беседы у самовара [12]
Мировая художественная культура [29]
Новые технологии в обучении [227]
Сельская школа [33]
Профильное обучение [48]
Демократизация и школа [19]
Физика [200]
Экология [154]
Дошколенок [767]
Особые дети [155]
Общество семи муз [41]
Школа и искусство
Уроки музыки [452]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [325]
Мой Казахстан [181]
Школьный театр [56]
Внеклассные мероприятия [888]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [45]
ИЗО и черчение [153]
Физическая культура [351]
Немецкий язык [39]
Технология [188]
Самопознание [249]
Профессиональное образование [54]
Школьная библиотека [46]
Летний лагерь [3]

Статистика


Онлайн всего: 101
Гостей: 101
Пользователей: 0

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru