Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог

Ата аналарға арналған баяндама.Өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу.
Өзіне-өзі қол жұмсау – философиялық (өмірдің мәнін жоғалту), психологиялық (психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік (әлеуметтік жағынан өз орнын таппау, қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б.), медициналық (күрделі ауру, психикасының бұзылуы), адамгершіліктік және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен. Суицидті зерттеп жүрген мамандардың пікірінше, дүниежүзінде әрбір 20 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Тіпті жылына 1 миллион адам өзін ажалға қиып, шамамен 20 миллион тұрғын өмірмен мәңгілікке қоштасуға әрекет жасайды. Сорақысы сол, бұлардың 8 мыңы қазақстандықтар екен. Ал бұл дегеніңіз, Республика бойынша сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қоштасады деген сөз. Назар аударарлық бір нәрсе, Қазақстанда адам өлтіргендерге қарағанда, өз-өзін өлтіруге бейім тұратындардың саны әлдеқайда көп көрінеді. Ал енді халықаралық анықтама қызметінің дерегіне жүгінсек, 1950 жылдан бергі кезеңде суицид оқиғасы 60 пайызға өсіпті. Міне, осы дерек-дәйектердің өзі соңғы уақытта суицид оқиғасының дүниежүзінің түкпір-түкпірінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткенін байқатса керек. 
Аталмыш мәселенің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны мәлім. Жасөспірімдік шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналадағылармен тіл табыспау, психологияның толық қалыптаспағандығы, міне, осы және т.б.себептерден өскелең ұрпақ арасында суицид мәселесі артып отыр. 
Суицидтің алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқаруы керек. Яғни ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалуы қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер, әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс. 
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы 
Бұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді. 
Тіршіліктегі басты құндылық – адамның өмірі екені белгілі. Бір күннің ішінде сан мыңдаған адам өмірге келіп жатса, сол секілді сан мыңдаған адам бақилық болады. Оның ішінде, талқаны таусылып, Жаратушы қалауымен өмірден озатындарын айтпағанда, өз өміріне өздері балта шауып, ажалынан бұрын өмірімен қоштасатындары қаншама. Әсіресе, өз - өзіне қол жұмсау әрекеті жастар арасында жиі көрініс береді. Мұндай келеңсіздіктің сыры неде? «Өз - өзіне қол жұмсап, өмірден баз кешетіндей басына қандай күн туды екен?» деген ой осындайда сананы тұмшалайды. Сау адам тұрмақ, науқас адамның өзі бір шыбын жаны үшін шырылдап, дертіне дауа іздеп зыр жүгіреді емес пе? Айдың - күннің аманында төрт құбыласы тең кейбір жастарымыздың өз - өзіне қол салуы бейжай қарауға болмайтын мәселе. Бұл бүкіл әлемді алаңдатып отырған осынау мәселе соңғы жылдары қоғамдық дертке айналды. Дүниежүзілік денсаулық ұйымының зерттеулері нәтижесіне жүгінсек, өзін - өзі өлтіру жөнінен Қазақстан үшінші орынға, Орталық Азия елдері бойынша бірінші орында тұр екен. Осыған сәйкес, елімізде әр сағат сайын бір адам өз - өзіне қол жұмсайтын көрінеді. Жасөспірім кезеңде  суициалдық  мінез-құлықтың  кейбір өзгешеліктері болады. Жасөспірімдер арасында  ересектерге қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың  азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына  жетеді. Суициалдық мінез-құлық  бұл жаста көп жағдайда   демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық  сипат алады. Психолог-ғалым  А.Е.Личконың  көрсеткеніндей,  тек қана жасөспірімдердің 10 пайызы шынайы өлгісі келетін  ниет білдірсе,  ал 90 пайызы  көмекке шақырған жан-айқайы болып есептелінеді. Міне, осы жағдайлардың  барлығында психолог пен отбасының көмегі қажет. Өкінішке орай, көпшілік психолог қызметінің  не екендігін  және оның не үшін  қажеттігіне мән бере бермейді. Психологты көп жағдайда психиатрмен шатастырады,   сондықтан да оның алдына баруға  ұялады. Ал бұл екеуінің арасындағы айырмашылық бар. Қарапайым сөзбен  айтқанда, психиатр ауруларды емдейді, ал психолог – психикалық тұрғыдан сау адамдарды. Дегенмен, депрессиялық жағдайда адамға көбінесе отбасы мүшелерінің шынайы қамқорлығы, жақындығы, түсіністігі мен демеуі қажет. Осы жағдайда мектеп балаға қандай көмек бере алады? Мектеп психологы – бұл  кешегі мұғалім, бүгінгі – жас маман. Психологиялық қызметтің мазмұнын түсініп, игерген адам оны жақсы меңгеріп кетуі ықтимал.Егер Сіз өзіңізге жақын адамда депрессия басталғанын байқасаңыз, оның себептерін анықтауға тырысыңыз. Бұл - болатын қауіпті жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді. Осыған орай ұсынылатын психологиялық кеңестер:
· Адамның өзі қызығатын жұмыспен айналысуына ықпал жасаңыз.
· Оның бір өзін қалдырмауға тырысыңыз. Егер ол қарсылық білдірсе, онда жайына қалдырыңыз, мүмкін осылай болғаны жақсы шығар.
· Оның Сіз үшін қадірлі екендігін, жақсы көретініңізді, оның қаншалықты керектігі туралы көп айтыңыз. Оның Сізбен бірге болуы өте қажет екендігін көрсете біліңіз.
· Кеңістікті өзгертіңіз, егер мүмкіндік болса, оның барғысы келіп жүрген жаққа немесе оның жағымды естеліктер қалдырған жерлеріне барып қайтуға тырысыңыз.
· Бірге жүретін саяхатқа немесе қонаққа баруды алдын ала жоспарлаңыз. Бұл оған көп көмегін тигізеді, себебі ол жақын болашаққа өз жоспарларын құра бастайды, сөйтіп теріс ойлардан арылуы мүмкін.
Депрессия адамда ауыр өтуі мүмкін. Дегенмен одан сауығып кетуге әбден болады. Адам бойындағы стрестік жағдайлар мен жүйкенің шаршауы депрессияға жетелейді, сондықтан бұл жағдайдың қайсысы қайдан шығып жатқандығын ол біле бермейді. Өзіңізге жақын адамдарға көңіл бөліңіз, оларды сүйе біліңіз, сонда ғана Сіз күннің күлімдеп жарқырағанын, құстардың қуана сайрағанын сезінесіз...
Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз. 
Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.
Ата –аналарға кеңес
1. Отбасыларыңызда, балаларыңызбен ішкі проблемаларыңызды ашық айтуға тырысыңыздар.
2. Өз балаларыңызға өмірде мақсатқа қалай жету қажет екеніне, талап етіңіздер.
3. Қиын жағдайда үнемі бірге болыңыздар.
4. Әр бастаған жұмыстарын, сөзбен және іспен қолдап отырыңыз.
5. Ешқашан балаға қол жұмсамаңыз. 
6. Болашақ балаларыңызды жақсы көріңіз, мұқият болыңыз, бұл әсіресе өте қажет.
Категория: Школьный психолог | Добавил: Каусар (2015-01-23) | Автор: Гульмира E
Просмотров: 3920 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 11:11 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru