Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог

психологический тренинг
ШҚО, Абай ауданы Қасқабұлақ ауылының М.Әуезов атындағы орта мектебінің психологы Рахметова Гулим Толеугазыевна
"Жарқын болашақ иесі – бүгінгі ұстаздар" атты психологиялық тренинг

Мақсаты: Жас ұатаздарға көмек көрсету және әріптестермен жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Психолог: Өз қызметтерін аянбай алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз.
Олай болса, біз ең алдымен өзіміздің кім екенімізді, өз ісіміздің мақсатын міндеттерімізбен іске асыру жолдарын, жұмысымыздың маңызы мен жауапкершілігін анық білуіміз тиіс.Бұл әрине, төзімділік пен шыдамдылықты білімділік пен біліктілікті, мейірімділік пен талап қоя білуді керек етеді.Біз психолог болғандықтан осы қасиеттердің бәрін бойымызға сыйғыздық. Себебі біз мектебіміздегі шағын, бірақ үлкен әлемге айналар ғаламшарға шуағы мен жылуын, жарығы мен жақсылығын аямай төгетін «Күн» емеспіз бе?!
« Амандасу» жаттығуы
Қатысушылар бір-бірімен дене қимылдары ( қол,аяқ,иық т.б) арқылы амандасады.
1-жаттығу « Танысу» ойыны.
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату, қарым-қатынастың белсенді стилін және кері байланыс алу тәсілдерін меңгеру.
- Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз: дөңгелене отырып сағат тілі бойынша кезек-кезек әр қатысушы өз атын және өзінің нақты сүйікті ісін айтады
Қойылатын сұрақтар:
1.Аты-жөні, туған жылы сұралады.
2.Бірінші сыныпқа қай жылы барды?
3.Қалай еркелеткен ұнайды?
4.Аяқ киіміңнің өлшемі?
5.Ашуланған кезде қандай сөз ауызыңызға түседі?
6.Өзіңізге сәттілік әкелетін ұнайтын сан?
7.Ең алғашқы ұстазыңның есімі?
8.Өмірде алға қойған мақсатың
II жаттығу: «Өзіңді білгің келсе»
Сурет салу: күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол, сақина, гүл, жылан.
• Ешер күн дәл ортасына – жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса – балалық шағы қызықты, батысқа салынса – кәрілік шағы қызықты болады.
• Тау дөңгелек салынса – мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшы болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам.
• Үй – суретте ағаш үй салынса, арманың орындалады. Егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адамы туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам.Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса әңгімеге жақын адам.
• Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды. Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөледі. Қоршаған әлемді сүйеді, қаншалықты әдемі салынса сұлулыққа соншалықты құштар.
• Қапшық, қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түрегеп тұрса еңбекқор адам.
• Жол- үйге үйге жақын жатса-жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса , тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам.
• Сақина көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі-мықты отбасын білдіреді.
• Гүл-үйге жақын болса, қуаныш, той болады, үйдің жиегінде болса қызықты күндерің алыста.
• Жылан үйден алыс салынса- жаулары алыс, егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны.
3-жаттығу . «Сыйлық» ойыны
Мақсаты: рефлексия процесін күшейту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінуге ұжымда тұлғааралық қарым-қатынастың маңызды сапаларын ашу.
Ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақта тұрған көршіңізге сыйлық жасайсыз. Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз (вербалды емес) ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер.Сіздің көршіңіз қандай сыйлық жасап жатқаныңызды түсінетіндей етіп жасау керек. барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. барлығы үнсіз жасалады.
Талқылау:
1. Көршіңіз сізге қандай сыйлық жасады деп ойлайсыз?
2. Қандай сыйлық силағанын сіз тез түсіндіңіз бе?
3. Сізге сыйлық ұнады ма?
4. Қандай әсерде болдыңыз?

Әзіл тест
1. Англияда бірінші мамыр бола ма?
2. Бір адамның неше туған күні болады?
3. Кейбір айда 31 күн бар, кейбіреуінде 30 ал қанша айда 28 күн бар?
4. Қырғызстанда тұрып жатқан адамды Қазақстанға жерлеуге болады ма?
5. Сиыр неге жатады содан соң тұрады, біраздан соң қайта жатады?
6. Адамдар кімнің алдында баскиімін шешеді?
7. Кез-келген затқа не қажет?
8. Адамға ең керекті не?
9. Қай айда адамға аз тамақ ішуге тура келеді?
10. Төртбұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады?
11. Ыдыста үш алма бар соны үш балаға бөлу керек бірақ ыдыста бір алма қалуы қажет, ол үшін не істейсің?
12. Сізде жалғыз тал сіріңке бар сіз қараңғы бөлмеге кірдіңіз. Онда май шам, керосин шамы және құрғақ отын қалаулы тұр қайсысын бірінші жағасыз?
13. Сізді аю қуып келеді және жетуге аз ақ қалды, алдыңызда бір бөшке қарамай бір бөшке бал кездесті қайсысына тығыласыз?
14. Қандай сөз үнемі қате деп жазылады?
15. Жер жүзін топан су басқанда Мұса пайғамбар өз кемесіне қанша жануарды салып алған?
16. Алты дөңбек шығу үшін бөренені неше рет кесу керек?
Әзіл тест жауабы:
1. Иә
2. Біреу
3. Барлық айда
4. Жоқ өйткені ол әлі тірі
5. Өйткені ол отыра алмайды
6. Шаштараздың
7. Атау(ат)
8. Тыныс алу
9. Ақпанда
10. Бес
11. Біреуіне тиіспейсің
12. Сіріңкені
13. Ешқайсысына, өйткені аю сізді қуып не қылады бал толы бөшке тұрғанда
14. Қате сөзі
15. Ешқандай, өйткені кемеге жануарларды салып алған Мұса пайғамбар емес Нұх пайғамбар
16. Бес
Нәтижесінде 15-16 сұраққа дұрыс жауап бергендер данышпансыз, 12-14 дарындысыз, 9-11 қалыпты адамсыз, 7-8 әулекісіз, 4-6 кем ақылсыз, 1-3 ақымақсыз.
Әуенді терапия
«Өрмекші торы» жаттығуы
Қатысушылар шеңбер құрып отырып өз қалаған адамға жіптің ұшын ұсына отырып жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіреді.
Категория: Школьный психолог | Добавил: JL (2015-02-06) | Автор: Рахметова Гулим Толеугазыевна E
Просмотров: 1341 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 0:34 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru