Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог

Мен ұлтымның болашағымын
Шығыс Қазақстан облысы, Кокпекты ауданы,,Үлгілі малшы ауылы
Абай атындағы «мектеп-бала бақша» кешені КММ

Камажанова Эльнура Маратовна
мектеп педагог –психолог
Психологиялық тренинг
Мен ұлтымның болашағымын

Мақсаты: Жастарды ұлттық салт – дәстүр, әдеп ғұрыптарды танып, оларды сақтап қалуға бейімдеп, бала бойына патриоттық сезімді ұялату болып табылады.
І.Кіріспе: Баяндама «Өркениет ізгілікпен өміршең»
Әдеп – инабат, адамгершілік қылық ( мораль) адамдардың қауымдасып өмір сүруінің дәнекері болып табылады. Олар қоғамның тұлға бойында қан тамырларындай тарап кеткен қарым – қатынастардың реттеушісі ролін атқарады. Сондықтан адамгершілік нормалары әуел бастан, бір жағынан, қоғамның пайда болуы мен өмір сүруінің шарты болса, екінші жағынан, адамдардың бірлікте өмір сүруге, яғни ізгілікке қабілеттіліктерінің көрсеткіші де болып келеді.
Адамдардың қоғамдық тіршілікке қабілеттілігі, ең алдымен, олардың өзара міндеттерін сезінулерінен, соның тікелей салдары ретінде өздері үшін, өздерінің іс-әрекеттері үшін жауапты екендіктерін мойындауларынан көрінеді.
Жеке ұлттық және жалпы адамзаттық арналардан бас құрайтын әдеп үрдістерінің тарихы әріде жатыр.
Алғашқы қауымдық құрылыстан бастап оның мүшелерінің мінез-қылық, мүдде, т.б. жақтан бір-бірімен санасуға тура келгені анық. Бұл қажеттілік әрі қарай адамдардың отбасылық, қоғамдық, діни және салт – саналық парыз – міндеттерін орындауымен ұштасқан. Біздің бүгінде әдеп-инабат нормалары деп жүргеніміз, сайып келгенде, адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды жарасымдылық, сыйымдылық, қолайлылық, жағымдылық, ұнамдылық, бір сөзбен айтқанда, адамгершілік – имандылық тұрғыдан реттеудің шартты қағидалары болып табылады.
Әдептілік сенімдері, принциптері, өлшемдері кісіліктің шарапатты негіздері, рухани ұйытқысы, мәйегі болып табылады. Олар адам бойында сырттан енгізілетін, жамалатын нәрселер емес.
Әдеп адамның өмір сүру тәсілі мен өмір жолына байланысты. «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі, жаттығудың рөлі зор», - деген ежелгі грек философы Демокрит.
Адамның өз басы осы процеске қатыспай тұрып, өзін-өзі тәрбиелеуге икемсіз болады, демек, онсыз әдептілік қалыптаспайды.
Бұл - ептілікке тәрбие арқылы қол жетеді деген сөз. Әдептілік әліппесі адамның бойына қандайда бір іске бейімдік белгілерін егуді емес, оның кісілігі тұтас тұлға етіп тәрбиелеуді, тұрақты ізгі қасиеттерін қалыптастыруды көздейді.

Ұлағатты сөздер
Біз өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек, адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде өте көп зиян шегеді. Және, өкінішке орай, ұрпақтарын осы ауыр зияннан құтқара алмай – ақ келеді.
И.Гете.

- Сеніңше, ең жоғары адамгершілік қасиет не?
- Біреуді ұялудан құтқару.
Ф. Ницше.

Шынайы сыпайгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан құралады.
Ж.Ж. Руссо.

Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен – кішіні сыйлау – инабаттылықтың көрінісі.

Ғ. Мустафин.

Дөрекі болу - өз басының қадір – қасиетін ұмыту деген сөз.
Н.Г. Чернышевский

Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде білесің.


Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңілі әдепті.

Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.

Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
(Қазақ мақалы)




ІІ. Қатысушыларды таныстыру:
Әрбір адам өзінің есімінің бірінші әріпіне сәйкес келетіндей, әдептілік мінез-құлық көрсекіштеріне байланысты таныстыру.
Мысалы: Индира-инабаттылық, Сабыржан-сабырлық.

ІІІ. Қатысушыларды топқа бөлу;
Ойын «Қандай гүлді ұнатасыз» жие айтылған гүлдердің атына байланысты сыныпты 5-6 топқа бөледі.

ІV.Топтық жұмыс:
Аталған топтарға төменде берілген қасиеттерді бөліп беріп олардың тәрбиелік, әдептілік мағынадағы ерекшеліктерін көрсете отрып, Ұлттық қасиеттерін дамыту жолында пікір-талас жүргізу.Топтар өзін таныстырар кезде, әр топтың өз атына сәйкес ұраны , мақсаты болуы қажет.
1. Салт – дәстүр
2. Әдеп – ғұрып
3. Менталитет
4. Достық және махаббат
5. Мораль
6. Әлеуметтік орта
7. Жанұя тәрбиесі
8. Дін тәрбиесі
9. Тіл - күре тамыр
10. Азаматтық сапа (Ұлтжандық, Патиоттық)
11. Даралық сапа
12. Еңбек

V. Топтар өз ойларын қорытындылай келе «Менің Ұлтымның болашағы»
атты көркемдік сурет салуы қажет.

VІ. «Қоштасу рәсімі». Жалпы тренингтен алған әсерін бір –біріне жылы тілек айту арқылы жеткізу.(қысқаша).
Категория: Школьный психолог | Добавил: гульнараж (2015-02-09)
Просмотров: 1296 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 1:06 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru