Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог

Урок для родителей
ШҚО Семей қаласы
Абыралы жалпы негізгі
білім беретін мектебінің психологы
Айтбаева Жансая Болатовна

Тақырыбы: Сіздің балаңыз 5-сынып оқушысы
(Ата-аналарға арналған сабақ)
Жұмыс істеу уақыты-1,5-2 сағат.
Сабақтың мақсаты: Ата-аналарды психологиялық насихаттау, оларды психологиялық ерекшеліктермен таныстыру, оқушылардың орта буынға өтуде туындайтын негізгі қиындықтарға анализ жасау.
Қатысушылар: 5-сынып оқушыларының ата-аналары.
Көрнекіліктер мен жабдықтар:
 Теледидар, Бейнемагнитафон
 5-сынып оқушыларынан алынған топтық интервью жазылған бейнематериалдар және «5 сынып оқушысының оқу күні» атты сабақтың үзіндісі жазылған бейнематериал
 Оқушының оқу мотивациясының жекеленген диагностикасының нәтижесі (Н.Г.Лусканова әдістемесі бойынша)
 4 –сыныптағы және 5 –сыныптың I тоқсанының үлгерім деңгейінің салыстырмалы гистограммасы.
 Балалардың атынан жазылған «Ата-анаға ашық хат».
 5 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жаднама. Психолог
Бастауыш сыныптан орта буынға өткенде әр оқушының өмірінің аумалы, кризисті кезеңі болады. Барлық мұғалімдердің айтуынша, 5-сыныпты бастау күрделі кезең, бұл тек оқушы үшін ғана емес, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де қиынға соғады. Мәселе көп, олар тек оқу үрдісімен шектелмейді, сонымен қатар мектептегі өмірді ұйымдастырумен қатар, жанұядағы психологиялық атмосфераға да байланысты.
5- сынып оқушыларының жасын төменгі буыннан төменгі жеткіншек кезеңіне өту деп атауға болады. Бұл кездегі психологиялық жас ерекшелік ересектік сезімнің, негізгі жеке тұлғаның жаңадан кіші жеткіншек кезеңнің туындауына байланысты.
Өзін түсіну жолы қиын, өзін тұлға ретінде айқындау,осы уақытқа дейін балаға әсерін тигізетін,ол бірінші кезекте жанұясы, ата-анасынан, өзін басқалардан алшақтатуға қажеттілік туындайды. Сырттай бұл алшақтық - ересектердің сезімдеріне, кез-келген ұсыныстарына қарсы болу, негативизм ретінде көрініс береді. Осыдан ересектермен конфликтіге түседі. Кіші жеткіншек бала өзінің қайталанбас даралығын, өзінің жеке «Менін» тануға тырысады. Сондай себеппен жеткіншек өзінің құрбыларымен сенімді қатынас орнатуға бағытталады. Ынтымақтастықта әлеуметтік өзара қатынас, рефлексия дағдыларын меңгеру осыдан өзінің немесе басқа біреудің өзара қатынасы, рухани құндылықтары айқындалады.
Сондықтан, кіші мектеп жасынан орта буынға өтуде, бала тек сыртқы өзгерістерге ғана емес, сонымен қатар ішкі өзгерістер де болуы мүмкін.
Жаттығу «Ата-аналарға арналған емтихан». Ата-аналар билеттер алып, билет сұрақтарына жауап береді. Билет сұрақтары балалардың 4-5 сыныптардағы ерекшеліктеріне байланысты.

4 сынып оқушысы мен 5 сынып оқушысының ерекшелігін салыстырып көрейік.
Билет сұрақтары:
№1. 4-сыныпта балаңыз неше оқу пәнін оқыды?
5-сыныпта балаңыз неше оқу пәнін оқып жүр?
№2. 4-сыныпта балаңыздың парталас көршісі кім болды?
5-сыныпта балаңыздың парталас көршісі кім болды?
№3. 4-сыныпта балаңызға неше мұғалім сабақ берді?
5-сыныпта балаңызға неше мұғалім сабақ береді?
№4. Кім сыныпта «жаңадан келген»?
Кім басқа мектепке ауысып кетті?
№5. Аптаның қай күні ауыр (сағат саны көп)?
4 сыныпта балаңыз үй тапсырмасын орындау үшін бөлген уақыты.
№6. 5-сыныпта балаңыз үй тапсырмасын орындау үшін бөлген уақыты.
4 сыныпта балалардың қандай үйірме жарыстары болды?
Ата-аналардың жауабынан олардың дұрыстығын анықтайтын, немесе дұрыс жауабын беруге 4,5 сыныптағы сынып жетекшілері шақырылады..
Психолог
5-сынып оқушылары 1 қыркүйекте мектепке келгенде бәрі таңсық көрінеді. Сондықтан олар оқудың жаңа шарттарына үйренулері үшін адаптация керек.
Адаптация үлгерімі кіші жасөспірімдердің жеке дайындықтарына ғана емес,олардың сыныптастарымен және мұғалімдермен жақсы қарым-қатынас жасай білулеріне, мектеп ережелерін сақтауға, жаңа ситуацияларды шеше білулеріне де әсер етеді. Сол үшін мектеп өмірі мен балалар арасындағы қиындық:
- жұмыстың үлкен жылдамдығы: балалар тез жаза алмайды, үлгермейді;
- сабақтағы сияқты үйдегі жұмыстың да ауқымдылығы;
- қосымша ақпараттарды өздігінен тауып, сонымен жұмыс істеу.
Олар туралы адаптацияның қиындығы келесі белгілермен куәландырылады:
1. Баланың шаршаған келбеті.
2. Өткізілген күні туралы мәліметтермен бөліскісі келмеуі.
3. Мектеп төңірегіндегі әңгімеден ата-аналарының зейінін аударып жіберу.
4. Үй жұмысын орындамай келуі.
5. Мектеп, мұғалімдер мен сыныптастар атына жағымсыз мінездеме беру.
6. Мектеппен байланысты жағдайларға шағымдануы.
7. Тынышсыз ұйықтауы.
8. Таңертең қиын оянуы.
9. Өзін-өзі үнемі салғырт сезінуі.
Адаптация процесінің аяқталмаған жағдайында, бұл адаптацияның дұрыс аяқталмауы дезадаптацияға әкеледі, өмірдің әр түрлі жағдайларын шеше алмау реакциясы.
Оның түрлері:
1) Интеллектуалдық – интеллектуалды іс-әрекеттің тежелуі. Өзі құралпастарға қарағанда дамуының тежелуі.
2) Тәртіптік – бала тәртібінің дұрыс және моральді нормасы.
3) Коммуникативтік – үлкендермен және өзі құралпастармен қарым-қатынасының қиынға соғуы.
4) Соматикалық – баланың денсаулығы
5) Эмоционалдық – эмоциялық қиындық, мазасыздық, мектептегі мәселелер үшін алаңдау.
Осы орайда біздің жалғыз міндетіміз бастауыш сыныптан орта буынға өткен оқушылардың оқу үлгеріме жағдай жасаумен қорытындыланады. Ең бастысы – орта мектепте баланың адаптациялық жағдайына көмектесу, оның әрі қарай дамуын қамтамасыз ету.
Бұны түсіну үшін балаға қандай көмек қажет екенін білу керек, ол қандай қиындықтарды жеңе алады. Соны білу үшін диагностиканың қорытындысына назар аударайық.
4 сыныптағы мен 5 сыныптың 1тоқсанындағы оқу бағдарламасының деңгейін салыстырмалы талдау.
Ата-аналарға әрбір баланың 4-сыныптағы мен 5-сыныптың І тоқсанындағы үлгерімдерінің орташа ұпайының гистограммасымен танысу ұсынылады.Этикалық талапқа сай оқушылардың фамилиялары жазылмайды, гистограмма бағаналарына нөмір қойылады.
Оқу мотивациясы сауалнамасы: Баланы жеке тұлға ретінде оқыту мен негізгі оқу әрекетінің мотивін қалыптастыру маңызды.
Ата-аналар Н.Г.Лусканованың әдістемесі бойынша оқу мотивациясы диагностикасының жеке қорытындысымен танысып, қысқаша мағлұмат алады.
5 -сынып оқушыларының доминантты эмоциялық күйін анықтау мақсатында, С.В.Левченконың «Менің мектептегі сезімдерім» әдістемесін қолданады, мектептегі сезімдердің басым ерекшелігіне рұқсат беру, жеке күйзелісі мен жалпы сыныптың «эмоциялық портретін» анықтау.
«5 – сынып оқушысының оқу күні» бейнесюжет.
5-сынып оқушыларының оқу күні өте қанық және әртүрлі. Біз сіздердің назарларыңызға 5-сынып оқушыларының сабақтарының көріністерінен шағын бейнесюжетті ұсынамыз.
«Ата-анаға ашық хат».
Құрметті ата-аналар, осындай кішігірім күресті шешу үшін балалар сіздерге хат жазды. Мүмкін сіздер осы хатты оқығаннан кейін балаларыңыздың қиыншылықтары мен кемшіліктерін, жетістіктерін жақсы түсінетін шығарсыз. «Ашық хат» технологиясының ұстанымы әдістеме аяқталмаған сөйлемдерден тұрады. Бұл хатта оқушы нені қалайды, не істегісі келетінін ата-анаға арнап жазады.
Ата-аналарға: Ата-анаңа қандай тілек білдіргің келеді? Әлде бір уәде бере аласың ба? сұрақтар төңірегінде ойлары жазылған аудио жазба тыңдалып, қорытындыланады.
Балалар «Ата-аналарыңызға қандай тілектеріңіз бар? Мүмкін бір уәде беретін шығарсыздар?» деген сұрақтарға жауап береді.
Қорытынды. Ата-аналардың пікірлері тыңдалып, ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты кеңестер жазылған жаднамалар таратылды.
Категория: Школьный психолог | Добавил: JL (2015-02-21) | Автор: Айтбаева Жансая Болатовна E
Просмотров: 1184 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 6:17 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru