Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог

Ізгілікті қарым-қатынас мәдениеті.
Ізгілікті қарым-қатынас мәдениеті.

Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Панфилов орта мектебі
Хамзина Гүлнар
Адамдар қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасауы әрбір адамның өзінің жан дүниесін, ізгілікті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік ұғымы ізгілік, адамдарды сүю, жақсылық жасау, жанашыр болу- адамгершіліктің белгісі.«Қарым-қатынас» мәдениеті дегеніміз-мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, адамгершілік сезімді дарыту және дамыту. Қарым-қатынас мәдениетінің мазмұнын анықтауға тіл, табиғат мәдениет, этникалық психология.
Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің “Алтын қорына” өлшеусіз үлес қосқан энциклопедист-ғалым Әл – Фараби бабамыздың педагогикалы мұрасы асыл қазына. “Бақытқа жету жолдары”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” атты трактаттары зерттеліп отырған мәселенің шешімін табуда орны ерекше десек қателеспейміз. Себебі әл – Фарабидің педагогикалық жүйесінің іргетасы оның адам туралы ілімі, оның гуманистік, ізгілік қасиетке баулу мәселесі, яғни біз талдап отырған қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты. Ол: “Адам алдымен алғашқы жаратушыны мойындау, аспан әлемінің және табиғат құбылыстарының заңдарын білу, өзінің және басқалардың жандүниесін түсіну, мемлекеттік және саясат ғылымдарын меңгеруі тиіс”, - деп атап өтеді. Әсіресе, “өзінің және басқалардың жандүниесін түсіну” дей отырып, қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын көтереді.
Әл-Фарабидің адамгершілік-этикалық тұжырымдамасының негізі – адам өзі қабылдаған білімі мен білігі, мәдениеті негізінде бақытқа жету, қоршаған дүниеде жан-жақты жетілуі. Ол “Бақытқа жету жайында” деген трактатында: “Мінезділік – бақытты болудың басты шарты. Кейбір адамдар қолдағы бақытынан оп-оңай айырылып қалады, тіпті бақытсыздыққа ұшырайды. Оны мұндай күйге түсіретін оның нашар мінезі” – дейді. Яғни мұнда мінез-құлық мәдениетінің маңыздылығын баса көрсетеді деп түсінуге болады. Сонымен қатар, Әл – Фараби: “адамды өз мінезіндегі теріс қылықтарды жеңуге үйрету және оң әдеттерді қалыптастыруға қабілетті ету, ол үшін адамға жас кезінен этикалық тәрбие беру арқылы жетуге болады”, - деп қарым-қатынас мәдениетін ерте кезден-ақ бастау қажеттігін айтып кеткен.
Адам баласын ізгілікке тәрбиелеу ісі-халықтық педагогиканың негізгі ұстанымы. Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәрбиесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге дайындау, өнер білімге баулу, елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Олай болса, өскелең ұрпақты терең педагогикалық, психологиялық ойлармен, теориялармен, халқымыздың бай тәжірибесімен таныстырудың ролі өте зор.
Қарым-қатынастың болуының арқасында адамдар өмір сүреді, бір-бірімен қатынасдарда іс-әрекет жасайды. Қарым-қатынас мәдениеті адамдардың қылығының сапалы бағалауы ретінде түсініледі.
Қарым-қатынастың орнығуы үшін немесе өзгеруіне және бір себепші фактор- адамдардың жас деңгейі
Жас деңгейі әртүрлі адамдардың бір оқиғаға болған бағасы бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеушілік те соншама болады. Мысалы, жастардың киімі, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтініне бәріміз де куәміз
Д.В.Мудрик тұжырымдамасы бойынша: “Адамдар арасындағы қиын қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде, адамдардың өзара түсініспеушілік формасында шынайы жағдайларда байқалады. Қиын қатынастың көрсеткіштері қарым-қатынас жасаудағы ұзақ үзіліс, бір сөзбен жауап беру, дауыс екпінін жоғарылату, адамды дұрыс тыңдамау, әңгімені үзіп тастау, байланысқа түсе алмау, дөрекілік, кемсіту, ұялшақтық, келіспеушілік, өтірік айту, бірбеткейлік”, - деп көрсетеді.
Егер мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мазмұнды, достық, ынтымақтастықта, бұған тән өзара сыйластық, сенім, көмек нормаларына сәйкес құрылса, онда қарым-қатынаста қиыншылықтар болмайды.Мысалы, “Үлкенге-ізет, кішіге-қамқор”.
Қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуында сөйлеу мәдениеті ерекше орынға ие. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қалыптасуы, әдетте, олардың бірін-бірі қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты, яғни тілдесу нәтижесінде бір адамның екіншісінің бейнесі жөнінде топшылаған ой-пікірі. Екінші адамның тұлғалық бейнесін оның сырт пішіні мен психологиясын және әрекет-қылығын байланыстыра, салыстырып тануға болады. Бұлардың бәрі “Ат кісінескенше, адам сөйлескенше” дегендей әңгімелесу барысында назарға алынып, санада жіктеліп, бекиді де адамның жеке, нақты бағасын беруге негіз болады. Адамның ішкі жан дүниесі, оның сөзі мен тілінен айқын көрініп тұрады. Демек, қарым-қатынас мәдениетіндегі сөйлесу мәдениетіне ерекше мән беріледі. Адам иманына тілдің, сөздің тигізетін ықпалы үлкен. Ислам мәдениетінде тіл ілімі, сөйлеу мәдениетіне ерекше жауаптылықпен қарайды. Тілдесу мәдениетін бағалай білетін халқымыз: “Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар” деп сөздің маңызын тани білген.
Құранда “Аллаһ жаман сөздің жария болуын жақсы көрмейді” –деп бұрыс сөйлеуге тиым салады.Құраннан нәр алып және оған амал еткен бабаларымызда тілдің тәрбиелік мәнін ашып, келетін зияннан сақтандырған делінген. Ортағысарлық белгілі ақын Ә.Науаи: “Аузына келгенін айту – наданның ісі, Алдына келгенін жеу – жаманның ісі” – дейді. Тіл, жан, тән тазалығы – адам болмысының тазалығын құрайды.
Құранда айтылғандай “Әй мүміндер, Алаһтан қорқыңдар да дұрыс сөз сөйлеңдер. Аллаһ істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды”.
Осындай сөйлеу мәдениетінің қадір-қасиетін түсініп, халқымыздың даналық мұралары негізінде жеке тұлға болып қалыптасуда өз үлесімізді қосайық
Категория: Школьный психолог | Добавил: zuza74 (2015-03-27)
Просмотров: 2079 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 5:32 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru