Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог

Ұлт тынысымен ұрпақты тәрбиелеу
Рахмжанова Жанна Кунмухаметқызы , Семей қаласы надғы «№ 25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, педагог-психолог
Ұлт тынысымен ұрпақты тәрбиелеу
Бала тәрбиесі-қиын да күрделі процесс.Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз.Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш-жігердің қажет екенін бәріміз білсек те,мойнымыз жар беріп,бала тәрбиесімен айналыса бермейміз.Кейін баламыз есейген сәтте, «сен маған тартпағансың,мынаны олай істемедің,ананы бұлай істемедің,ештеңеге қырсызсың» деп кінәлап жатамыз.
Адамгершіл бейне азаматтылықпен анықталады, көпке деген еңбегінің көлемімен парықталады. Тәрбие нәрестенің шыр етіп дүниеге келуінен басталып, ақырғы деміне дейін созылады.
Енді осы адамгершілік тәрбиесінің оқушылардың бойына сіңіруге біздер, педагогтар, үлкен үлес қосуымыз қажет.
Адамгершілік тәрбиеге сайып келетін төмендегі асыл қасиеттерге назар аударайық
1) Имандылық. Ұлы Абай «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек»,- дейді. Имандылық Алланың хақ екендігіне, ал Мұхамед пайғамбар Алланың елшісі екеніне сеніп, Алла жолын, пайғамбар ұстанған парыздарды мүлтіксіз орындау, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқару, адамдықты асқан кісілікпен ақтаудың көрінісі.
2) Кісілік. Бұл-өмір барысында біртіндеп қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әрекеті мен мінез-құлқының азаматтық ар-ұжданы.Қазақ дәстүрі бойынша, үлкенді сыйлау, құрметтеу, оның кісілігінен тәлім алу-әрбір жастың парызы.
3) Отансүйгіштік. Адам бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне, кір жуып, кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты, оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.
Мен-қазақпын қаныммен, сүйегіммен.
Сән-салтанат салтымды сүйемін мен,
Бақ орнатам басына моланың да,
Мұрагермін мен оған, иемін мен.
4) Мақсаткерлік. Адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстанған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл арманна бағындыра алуы. «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады, үмітін жоғалтқан жан-ешқашан үміттеніп көрмеген жан» ,- дейді батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы. Адамның мақсаткерлік қуаты, үміт арманы алға қарай ілгерлеуіне өміршең болып келеді.Ақтамберді жырау айтқандай: «Әркім өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін», өйткені тіршіліктегі ең үлкен қасірет-мақсатсыз өмір сүру, осы жолда күресті тоқтату.
5) Ақылдылық. Ақылды кісі-жан-жақты жетілген білімді, салмақты да байсалды, қарапайым да кішіпейіл, аса ізетті адам. Мәселен, ұлы ойшыл Баласағұни «Ақылды қанша қараңғы болса да алысты көреді, ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық» деген екен.
6) Борыш пен жауапкершілік. Адамның үй-іші, әке-шеше, тума-туыстарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет.
7) Мейірімділік пен ізгілік. «Адамда қалай болса да, қашан болса да, пайда келтіретін ой мен ісі-ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе» (Мағжан Жұмабаев) Үйде де, түзде де кісіге ізгілікпен қарап, мейірімділік пен мейірбандық білдіру ұнамды мінездің көрінісі.
Категория: Школьный психолог | Добавил: Айко1962 (2015-05-20) | Автор: Рахмжанова Жанна Кунмухаметқызы
Просмотров: 1169 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 11:14 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru