Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог

"Уақытты басқару" тренинг
«Уақытты басқару» тренинг
Мақсаты: Уақытты басқару, сезіну түйсігін анықтау.
Сәлемдесу.
Негізгі бөлім.
1. «Уақыт туралы сіздің көзқарасыңыз» жаттығуы
Қажетті құралдар: ақ қағаз бен қарындаштар.
Нұсқау: «Әркім уақытты түрліше түсінеді. Біреу сағат тілі, қолсағат, құмсағат т.с.с. біз уақытты құмсағат түрінде елестетіп көрелік. Оның төменгі жағы өткен уақыт, жоғары жағы болашақ, осы шақты елестетіп суретін салып көріңіздер».
Талқылау: Әр қатысушының суреті, таныстыруы тыңдалынады.

2. «Уақытты сезіну» жаттығуы
Қажетті құралдар: секундомер
Нұсқау: Қатысушыларға «бастадық» белгісінен кейін көздері жұмулы күйінде 1 минуттың өткенін іштей есептеу қажет. Санауға болмайды. 1 минут өткен адам қолын көтеріп, көзді ашу керек. Қалғандары түгел ашып болғанша кедергі келтірмей, үнсіз отырған жөн. Барлығы көзін ашқан соң сыныпты үш топқа: ерте, уақытымен, кеш ашқандарға бөледі.
Талқылау: Уақытты қабылдау адамның дәл қазіргі көңіл күйімен байланысты екендігі анықталады. Жалығу, көңіл толмау, қобалжу осы шақтың созыла түсуімен байланысты. Қуаныш, қызығушылық, уақыттың «тез өтуімен» сипатталады.

3. «Өмірімнің шеңбері» жаттығуы.
Қажетті құралдар: Ақ қағаз, түрлі-түсті қалам, қаламсап
Нұсқау: «Өз уақытыңды қалай өткізетініңді еске түсір: оқуға, үй жұмысын орындауға, достармен араласуға, ұялы телефонмен сөйлесуге, жалғыздық т.с.с. жазғандарыңды келесі топ бойынша бөліңдер:
- Жасағаныңды ұнатпайтын, бірақ міндетті әрекеттер;
- Өзіңіз ұнатып жасайтын әрекеттер;
- «Уақыт өлтіру» үшін жасайтын әрекеттер;
- Ұйқы;
- Басқа (нақты не үшін).
Екі шеңбер салып, оны 24 сағаттың сандық болады деп есептеу. Оны біреуіне бір күндік уақытыңызды секторға бөліп көрсету. Ал екінші шеңберді өз қалауы бойынша секторға бөлу. Ұнататын әрекетті қалаған түсіңізбен бояуға, ал керісінше болған жағдайда штрихтауға болады.
Салған суретіңізге қарап, өзіңізге келесі сұрақты қойыңыз:
- Өзімнің өткен әр күніме ризамын ба?
- Осы шеңбердегі қандай шектеуді өзгерте аламын?
- Өмірімде нені өзгерткен оңай және қиын?
- Өзіме ұнау үшін не жетіспейді?
- Неліктен біз өзгерісті күтіп, оған талпынамыз?»
Талқылау: Білім алушының әрқайсысының пікірін тыңдап, талқыға салу.

4. «Бүгін мен үшін алғашқы күн» жаттығуы.
Нұсқау: Өткен уақыт тек адам есінде ғана қалады. Оны адам қайта жасап, қалауынша өзгерте алмайды. Әр жаңа күн бұл сіздің қалған өміріңіздің бірінші күні. Қалған күндеріңді қалай өткізгілерің келеді? алдағы өміріңе жоспар құрып, оған жету үшін қандай міндеттер алатыныңды ойланып, қағаз бетіне түсіру.
Талқылау: Әр оқушы қалауы бойынша өз жоспары және міндетімен, ойымен бөліседі.

5. «Қаһарман түсі» медитациясы.
Қажетті құралдар: Жайлы әуенді таспа, магнитофон.
Нұсқау: Жайланып отырып, көзді жұму. Үш рет тереңнен тыныс алу.
Қол тізенің үстінде жатыр. Табан еденді толығымен сезінуде, босаңсуда. Қол, аяқ тынышталып, ауырлай түсуде. Бойдағы кернеу азаюда, сіздің тәніңіз демалуда.
Енді сіз үлкен, әдемі, жапырақты ағаштың түбіне жатып, жайланып ұйқыға кетудесіз. Сіз түс көрудесіз. Әркім өзін 5 жылдан кейін көруде...
- Өзіңізге назар аударыңызшы, бейнеңіз қалай өзгерген?
- Қайда тұрасыз?
- Немен айналысасыз?
- Көз алдыңызға өзіңізді өмірге көңілі толған адам ретінде елестетіңіз. Немен айналысасыз? Жаныңызда кім бар?
- Түсіңіздегі әр бейнеге нақтылап көңіл аудару. Олар қандай? Сізге менің достық қалыпта даусым естілуде: «Сен өте керемет жансың..., біз сені жақсы көреміз..., сенің қолыңнан барлығы келеді...». енді сіз жаймен осы уақытқа қайта оралудасыз.
Қазір мен үшке дейін санаймын. Сіз сергек, сенімді болып оянасыз. Көрген түсті түгелдей есте сақтауға талпыну. Бір-екі-үш.
Енді ақ қағазды алып көрген түсті салуға немесе жазуға болады. 5 жылдан кейін қандай қалыпта боласыз? Қайда тұрасыз? Жаныңызда кімдер болады?
Талдау:
- Көрген түсіңіз өзіңізге ұнады ма?
- Ең қатты ұнағаны не болды?
- Болашағыңызды өзгерткіңіз келеді ме?
- Ол үшін қандай қадам жасау керек?

Источник: http://тренинг
Категория: Школьный психолог | Добавил: rahmanova___88 (2015-10-19) | Автор: Умит E
Просмотров: 2525 | Комментарии: 1 | Теги: тренинг психология | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 10:50 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru