Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог

«Білім ордасындағы ұстаз бен шәкірт психологиясы мен ұлы педагог еңбектерінің үндестігі»
Семей қаласындағы № 25 жалпы орта білім беретін мектептің педагог-психологы Рахимжанова Жанна Кунмухаметқызы
«Білім ордасындағы ұстаз бен шәкірт психологиясы мен ұлы педагог еңбектерінің үндестігі»
«Қоғамның саналы азаматын тәрбиелеп шығаруда мектептің рөлін айтпауға болмайды. Бұл жайынде М.Жұмабаев өзінің "Жазылашақ оқу
құралдары һәм мектебіміз" атты мақаласында былай дейді: "Қазақтың
тағдыры келешекте ел болуы да бастауыш мектептің қандай негізгі;
құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза сау, берік һәм өз жасымызға қабысатын, үйлесетін етіп, құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт".
Халықтық тағлым дегеніміз адамның жан дүниесін тәрбиелейтін ілім десе, халықтық тағлымдарды – ғасырлар бойы халық қалыптастырған мәдени мұра, халықтық ғылым болып табылады.
Мағжанның еңбегінде қазақ халқының ежелден келе жатқан тәрбиесіне мән беруі, даланың табиғи мінезі ерекше көрініп тұрады.
Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздермен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету – өте қиын шаруа. Осы қиындықтың дәмін сезген Мағжан болашақ мұғалімдерге қолынан келгенше біраз мағлұматтар тастап кетті.
Мұғалім қолында – адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Мұғалім өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істейді.
Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұгалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, онда бойынан ұлттық тәрбиенің иеі шығып тұрған мұғалім өз шәкірттеріне, жоғарыда Мағжан айтқандай, даланың табиғи мінезін сіңіре алары даусыз.
Қай заманда болмасын шәкірттер өз ұстаздарының бойынан көңілдеріне қонымды, талап-тілектеріне лайықты ұнамды қасиеттерді көргісі келеді.
Қазіргі қала мектебіндегі оқушыларға көз жүгіртсек, ұлттық мінездің ұшқынын да байқай алмайсың. Әдептілік, сыпайылық, үлкенге құрмет, кішіге ілтипат жөнді көрінбейді, дөрекі сөйлеу белең алған, мұғалім мен оқушы арасындағы сыйластықтың жібі үзіліп бара жатқандай.
Осы кездегі Мағжан аңсаған ұлт мектептерінің жай-күйіне қарның ашқандай болады.
Ұстаздар меп оқушылар арасында дұрыс қалыптаспаған қарым-қатынастар тәлім-тәрбие істерінің жемісті жүргізілуіне елеулі нұқсан келтірді. Мұндай жәйіттер арнайы іздестірілген тәжірибе арқылы анықталады.
Елбасының алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар -жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. Бұл жөнінде ғұлама ғалым Әбу Нәсір әл-Фарабидің – "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – азаматтың қас жауы" деген ақиқат сөзі осы ойларымызды дәлелдей түскендей
Категория: Школьный психолог | Добавил: Айко1962 (2016-01-12) | Автор: Рахимжанова Жанна Кунмухаметқызы
Просмотров: 128 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-10, 4:02 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1476]
Школьный психолог [501]
История [696]
Опыт [473]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [219]
Мастер-класс [206]
Семья и школа [174]
Компьютер-бум [248]
Английский язык [771]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1142]
Химия [375]
Классному руководителю [626]
Биология [579]
Думаем, размышляем, спорим [92]
Казахский язык и литература [1763]
Краеведение [92]
Начальная школа [3913]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [355]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [290]
Экология [180]
Дошколенок [1492]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [441]
Мой Казахстан [228]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1158]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [282]
Самопознание [381]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [12]
Педагогические программы [4]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru