Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог

"Мақта қызбен мысық" ертегі терапиясы
Павлодар облысы, Ақсу қаласы "Балапан" бөбектер бақшасы Психолог: Қарлығаш Қазалиқызы Рахимбаева
Сабақ тақырыбы: «Мақта қызбен мысық» ертегі терапиясы
Мақсаты: Балаларға ертегі арқылы эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ой- қиялын және қол маторикасының қимыл әрекеттерін дамыту. Балаларды мейірімділікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сонымен қатар достыққа, ұйымшылдыққа, жақсы көңіл-күйді сезе білуге баулу.
Шаттық шеңбер: Бүгін күн шуақты болсын,
Еліміз аман болсын,
Әдепті бала болайық,
Бәрімізде дос болайық!
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Алдымен амандасып алайықшы.
- Қане, алдымен қол беріп амандасайық.
- Енді иығымызбен амандасамыз.
- Аяғымызбен амандасайықшы. Ал, енді апайлармен амандасайықшы.

Ұсақ қол маторикасына арналған «Су - джок» жаттығуы
Шарды екі алақанымыздың ортасына қойып домалатамыз, ал енді сақинаны алып, жаттығуды жалғастырамыз.
- Бас бармақ - сен тұр сүтке бар
- Балан үйрек - сен тұр жапырақ бар
- Ортан терек - сен тұр суға бар
- Шылдыр шүмек – сен тұр сағызға бар
- Кішкентай бөбек - сен тұр тарыға бар.
Ал, балалар саусақтар қай ертегіге бара жатыр? Кім айтады? «Мақта қызбен мысық"
«Мақта қызбен мысық» ертегісін әңгімелеу
Баяғыда Мақтақыз болыпты. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады, Мысық келмейді. Қыз
– Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп
– Неге шақырдың? – деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық
– Ендеше қатығыңды төгем! – дейді.
Мақта қыз
– Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық
– Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді.
Мақта қыз
– Менің қатығымды төле! –дейді.
Мысық сиырға барады.
– Сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр
– Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
Мысық ағашқа барып
– Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш
– Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді.
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
– Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.
Қыздар оған
– Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді.
Мысық дүкенге барады.
– Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.
Дүкенші
– Маған жұмыртқа бер! – дейді.
Мысық тауыққа барады.
– Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.
Тауықтар
– Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.
Мысық «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
– Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.
Тышқан қорыққанынан
– Үйімде бір табақ тары бар, – дейді.
Мысық
– Маған бір уыс тары бер, – дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.
Рефлексия: Мақтақыз неге ренжіді?
Қане, балалар ренжіген адамның кейіпін көрсетіңдерші.
Тышқан неден қорықты?
Қорқыныш кейіпін көрсету.
Мақта қыз сүтіне, ал мысық құйрығын ұайтарғанға қуанады. Қуаныш кейіпін көрсету. Ертегі жақсы көңіл - күймен аяқталады.
Сергіту сәті: «Ұшатындар және ұшпайтындар»
Мақсаты: баланың есте сақтау қабілетін дамыту.
Нұсқау: Балаларды шербер жасап тұрады, оларға мына сөздер оқылады: ертегі, аққу,доңыз, кептер, құлпынай, торғай, орман, тікұшақ. Балалар «ұшпайтын» сөздерді естігенде еденге тарсылдатады, ал «ұшатын» сөздерді естігенде қолдарымен шапалақ соғады.
- Естеріңде қандай ұшпайтын сөздер қалды?
Шығармашылық жұмыс. Ал, балалар үстел барып «Мақта қыз бен мысық» ертегісіне салайықшы. Не салдың?
Релаксация. Әуен, Ыңғайлы жатып, көздеріңді жұмыңдар. Үш рет терең тыныс алыңдар.
Сен бақтың ішінде келе жатырмын деп елестет. Сен бұл бақта таңғажайып дауыстар естисің: аралардың ызылы, құстардың әні. Хош иісті гүлдердің иісі, мұрыныңды жарады. Бетіңе самал жел еседі. Жұп – жұмысақ шөптің үстіне жайғасып жатып, аспанға қарасаң жаның жайлы, рахат сезімге бөленесің. Дегенмен бұл бақта біз көп бола алмаймыз. Терең демалып бақпен қоштасайық. Бірақ естеріңде болсын, бір әрдайым бұл баққа қайтып ораламыз.
Шеңберде тұрып: Қол ұстасып тұрайық,
Достық әнге салайық,
Көріскенше күн жақсы,
Сау – сәлемет болайық,
Қонақтармен қоштасайық,
Сау болыңыздар.
Ғажайып сәт. Балаларға белсенді қатысқандарына рахмет айтып, балаларға эмоция бейнеленген чупа – чупс таратылады.
Категория: Школьный психолог | Добавил: karla8484 (2016-01-22) | Автор: Қарлығаш E
Просмотров: 2118 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 5:30 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru