Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Школьный психолог

Девиантты іс-әрекеттің пайда болуына себепші үш фактор
Девиантты іс-әрекеттің пайда болуына себепші үш фактор

Қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын түпкілікті өзгерістер, сонымен бірге адам іс-әрекетінің көптеген салаларын жетілдіруді ынталандыратын позитивті өзгерістер жағдайында негативті тенденциялар да күшейіп келеді. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық, жұмыссыздық көптеген адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, әлеуметтік және психологиялық бағыттала алмау мен бейімделе алмау, жалпы адамзаттық адамгершіліктік және рухани құндылықтарды талап етудің төмендеуі, күрделі криминалды жағдай, әлеуметтік институттар іс-әрекетінің нашарлауы және т.б. Қалыптасқан социомәдени жағдай алкоголизм және нашақорлық, адамгершіліктік деградация, қылмыстардың жаңғыруы сияқты қолайсыз құбылыстардың дамуына алып келеді.
И.С.Конның анықтауынша, девиантты мінез-құлық, «құқық, мәдениет немесе моральдың жалпы қабылданған нормалардан ауытқыған іс-әрекеттер жүйесі». Е.Д.Дедков және Е.Г. Дидедкул девиантты мінез-құлық қоғамға қауіпті немесе жағымсыз қабылданған әлеуметтік нормалардан ауытқыған мінез-құлық, деп анықтама береді. Ал деликвенттік мінез-құлық, қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттерді ұсынатын, қылмыстық мінез-құлық болып табылады.
Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
В.М.Мясичев, Н.А.Коновалов девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болу себептерін үш топқа бөлген:
1. Әлеуметтік-педагогикалық ортаның жағдайлар мен қоғамға ұйытқы болуы;
2. Жүйке психикалық жай-күйлерінің нашарлауынан туындаған ;
3. Құқықты ұстамаған қылмыскер, қатігез, жауапсыз, қаңғыбас балалардың ықпалы әсері.
Дж.Смелзер девиантты мінез –құлықты изоляцияға емделуге, қамауға алынған және басқада құқық бұзудың жазалауларына әкелетін топтық нормадан ауытқу деп санайды. В.И.Добреньков және А.Н.Кравченко «қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын әрбір қылық» деп қарастырады.
Айта кететін жайт , шетел әлеуметтанушыларының қолданысы бойынша девиантты деп, қоғамда қабылданған болмашы нәрседен бастап күрделіге жеткізетін әлеуметтік нормаларды бұзу. Тар мағынада алатын болсақ қылмыстық кодекске әкелмейтін болмашы іс - әрекеттер.
Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы: Олар: әке-шешесінің теріс үлгісі, ата-ананың біреуінің болмауы, үй ішіндегі еңсені басатын ауыр жағдай – отбасында өнебойы болып тұратын ұрыс, жанжал. Баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу. Өкінішке орай отбасының теріс қылықтарын атап көрсету оңай, түзету қиын.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер: жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу.
Сонымен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді әлеуметтік педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз.
Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің мінез-құлқында дөрекілік, қатігездік, мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты әдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары мен іс-әрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын өзгертуге талаптанады.
Екінші топқа жататындар адамгершілік қадір-қасиеттерді төмендей бастаған, әлеуметтік бағдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты әдеттерге икемдене бастаған.
Бұл топқа тәртібі нашарлаған, құқық тәртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балалар әлі бұзыла қоймаған, өз мінез -құлықтарын түзетуге мүмкүндік қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.
Үшінші топқа өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тәрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады. Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын кәмелетке жасы толмаған қылмыскерлер. Бұл топқа қатігездік, зорлық-зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік және наша тарту істеріне әбден машықтанған жасөспірімдер енеді.
Төртінші топқа жүйке ауруларына (невроз, жүйкенің жұқаруы, кісіні мезі қылатын әдет) шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагогтар мен дәрігерлер тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый–құрмет, жылы лебіз қажет. Енді девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объективті және субъективті факторларға назар аударайық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына әлеуметтік орта мен күнделікті жағдай себеп болады деп дәлелдеген.
Әлеуметтік жағдай негізінде (қоғамдағы экономикалық қарым-қатынас, қоғамдық сана, тап және ұлттар қатынасы т.б). Жеке адамдардың қалыптасуына объективтік мүмкіндік туғызып, жастардың әлеуметтік белгілерді сақтап, құқық тәртібін бұзуға жол бермейді. Ал, жасөспірімдердің заң нормаларын мойындамауы, қоғамдық орындарда тәртіп сақтамауы, үлкен-кішіні сыйламауы сияқты қылықтар ұжымда, топта, отбасында, жора-жолдастарының арасында т.б шағын ортада ғана қалыптасады. Өйткені баланың алғашқы қадамы отбасында, мектепте, жора-жолдастары мен ата-анасының арасында жасалады.
Жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайлылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педагогикалық бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше роль мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болды. Үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығушылықтары мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.
Жағымды әлеуметтік тәжірибенің жеткіліксіздігі, өмірдегі көзқарасының, құндылықтар жүйесінің, әдет қалыптары мен эстетикалық талғамдарының жетілмегендігі және қалыптаспауы жасөспірімдердің өз белсенділігін жағымсыз, құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жұмсауын таңдауға ықпал етеді, бұл олардың мінез-құлқынан, тұлғаның қалыптасуынан, әлеуметтік бейнесінен көрініс береді. Бұл үдерістегі ауқымды рөл балалар мен жасөспірімдерге дер кезінде педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік көмектің көрсетілмеуінде жатыр.
Жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсерін тигізетін әлеуметтік педагогикалық факторларға мыналарды жатқызуға болады: олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді және қоғамдағы өтіп жатқан үдерістерге, отбасының жағдайы мен атмосферасына, мектепішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуына тәуелділігін көрсетеді. Атап айтқанда:
- қоғамдық құндылықтар иерархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идеологияның жоқтығы;
- заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;
- өскелең ұрпақтың әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұшырауы;
- ұлттық құндылықтарға мән берілмеуі;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатігездікті насихаттау;
- жасөспірімдердің денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде анықтаудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялық диспансеризацияның болмауы;
- сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолының жетпеуі.
Отбасының жағдайы мен атмосферасы:
- толық емес отбасы;
- отбасының материалдық жағдайы (кедейлік, байлық),
- ата-аналардың төмен әлеуметтік мәдени деңгейі;
- отбасындағы тәрбие стилі (балаға біріңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатыгездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықтарының қорғалмауы);
- баланың өзіндік құндылығын жоққа шығару;
- балалардың қажеттіліктерінің жеткіліксіз немесе асыра қанағаттандырылуы;
- ата-аналардың ішімдікті, нашақорлық заттарды теріс пайдалануы;
- ата-аналардың балалардың психоактивті заттарды қолдануына жол беруі.
Мектепішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуы:
- оқу және тәрбие үдерісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендігі;
мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы;
қоғам арқылы балалармен айналыспайтын ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің және мектептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының жоқтығы;
- пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі;
- сабақтардың жиі болмай қалуы;
- сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы;
- мектепте балалар ұйымдарының болмауы;
- мұғалімдердің бала және жас ерекшелік психологиясын білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің төмендігі;
- «оқушы-мұғалім» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастардың авторитарлық немесе бетімен кетушілік стильде болуы;
- оқушылардың білімін бағалауда объективтіліктің болмауы.
Девиантты мінез-құлқының алдын алу және оны тудыратын әлеуметтік- педагогикалық себептерді жою жасөспірімдерді тәрбиелеу қызметін төмендегідей негізгі бағыттарды бөлуге мүмкіндік берді: а) отбасы институтымен тығыз байланысты жүзеге асыру; ә) жеткіншектер бос уақытындағы мазмұнды түрлі қызметтердің бағдарламалық-әдістемелік жанамалануы; б) жеткіншектердің бос және сабақ уақыты аясындағы педагогикалық өзара әрекеттесудің тиімді формаларын, әдістерін, әдістемелерін, техноголияларын пайдалану; в)жасөспірімдердің сыныптан және мектептен тыс уақытында концерттер, байқаулар, жарыстар, мерекелер өткізу; г)оқу жылы мен демалыс уақытында спорттық-сауықтыру қызметін жүзеге асыру.
Қорытындылай келе жасөспірімдерде девиантты мінез – құлықтың пайда болуына әлеуметтік факторлардың тигізетін әсерлері зор. Қазіргі таңда девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді тәрбиелеуде ата- аналарға психолог, әлеуметтік педагог және т.б. кәсіби мамандардың тарапынан көмек қажет екенін зерттеулер көрсетіп отыр. Жоғарыда аталып өтілген факторлардың мәселелерді шешуді жетекші рөл атқарады. Девиантты мінез- құлықты жасөспірімдерді алдын алу мен қайта тәрбиелеуде аталған жұмыстар тәжірибеде дұрыс, тиімді қолдануға тікелей байланысты.
Категория: Школьный психолог | Добавил: Муратовна1570 (2017-04-07) | Автор: Гумарова Асель Муратовна E
Просмотров: 842 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 11:26 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru