Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

Мектепте ер балаларға тәрбие берудегі Қазақстан тарихы пәнінің алатын орны.
Мектепте ер балаларға тәрбие берудегі Қазақстан тарихы пәнінің алатын орны.
«Мың жылдығыңды ойласаң - ұрпақ тәрбиеле» деген қазақ даналығы. Тарих қойнауына қарасақ дамудың тура жолына түскен ел алдымен тәртіпті де еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеуге көп көңіл бөлгені байқалады. Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген халық болғаны көптеген өзімізге тән фольклорлық деректерден байқалады. «Тәрбие – бала дүниеге келген сағаттан басталады» деген халқымыздың дана сөзінен ата-бабамыз тәрбиеге қандай көңіл бөлгенін көруге болады. Балаға берілген тәрбие мазмұнының сол бала өмір сүріп жатқан қоғамының балашақ моралдық мазмұнын айқындайтыны анық. Халқымыздың «Біреудің ала-жібін аттама» деген сөзі әркімді-ақ ойландырса керек. Әр қоғамда өзара сыйластық пен тепе-теңдік болмаса ол қоғамның дамуына кедергі келтіріледі. Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» - деген екен. Осы орайда мектеп қабырғасында оқушыға тәрбие берудегі Қазақстан тарихы пәнін оқытатын мұғалімдердің алатын орны ерекше болуға тиіс деп ойлаймын. Себебі Қазақстан тарихы пәнін оқыту барысында оқушыларға мол тәрбие беру мүмкіндігі туады.
Біріншіден Қазақстан тарихын оқыту барысында еліміздің территориясында өмір сүрген мемлекеттердің тарихын оқыту. Ер балалар саясатқа жүйрік келеді. Мемлекеттердің даму сатылары ондағы, табысты саясат пен кеткен қателіктерді саралай отырып, оқушының саяси сауатын арттыра түсу керек. Және осы мәліметтерді келешектегі еліміздің саясаткерлерінің ойына ой қосып, ойлау шеңберін арттыра түсуге қолдануға болады. Мемлекеттеріміз бір елдің тарихы үшін жеткілікті. Мысалы үшін Сақ, Үйсін, Ғұн, Сармат, Қаңлы бірлестіктері, Түркі қағанаттары, Қыпшақ хандығы, Алтын, Ақ, Көк Ордалар, Моғолстан мемлекеті, өзіміздің Қазақ хандығы. Аталған мемлекеттердің барлығының да өзіндік саясаты мен жіберген кемшіліктері болған. Мемлекеттер пайда болғаны, бірақ жіберген қателіктердің барысында құлдырау кезеңіне сатысына жеткенін айта отырып, ер балалардың дипломатиялық және экономикалық көзқарастарын дамытуға болады. Сол мемлекеттер кезіндегі саяси ахуал мен экономиканың кәзіргі кездегі жағдайдан айырмашылығы болғанымен, осы мәселесе туралы ер баланың ойын қозғап, оқушыны кәзіргі уақыттағы саяси ахуалға, экономикаға үңілдіріп, «қайтсем елім әрқашанда гүлдене бермек» деген ой тудыру мүмкіндігі мұғалімнің шеберлігіне әкеп тірейді. Бұндай ойды қалаптастыру оқушы тәрбиесіндегі елінің болашағын ойлайтын оқушыны тәрбиелеуге салмақты қадам болмақ.
Екінші мәселе еліміздің атақты тұлғалары туралы. Ер баланы тұлға ретінде қалыптастыруда—өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде қалыптасуына ықпал ету керек деп түсінемін. Қазақстан тарихы сабағында тарихи тұлғалар жөнінде мәселе өте көп қозғалады. Ұлы адамдардың халқына қызметі, қанатты сөздері, өмірлері, ерліктері әлі тұлға ретінде қалыптаспаған, оқушыға өміріне, алдына мақсатына бағыт-бағдар бере алады. Бұл мәселеде де тарихымыз еш елдің тарихынан кем емес. Бүкіл әлем екніші ұстаз деп мойындаған Ұлы ғалым философ Әбу Насыр әл-Фараби сияқты ұлы тұлғалар кейбір елдерде бірегей болса да біз аузымызды көпірте айта алатын дәрежедеміз. Атақты Солонның өзімен дос болған, сол кездегі дүркіреген Лидия патшасы Крезге сын айта білген философ Анақарысты (Анахарсис) келтіре отырып, көне заманда даму ошақтарының бірі болған грекия елінің атақты данышпаны мен біздің бабамыздың есімінің қатар аталуына назар аудартуға болады. Дәл осы Анақарыстың «Сен жабайы скифсің» деген эллиннің сөзіне «Менің қайғым менің елім, ал сен еліңнің қайғысысың» деген жауабын мысал ретінде келтірсе оқушының алдында білімге, мәдениетке, дамуға деген қажеттілік туралы көзқарас арта түседі. Ғұн мемлекетінің құдіретін асқақтата білген Мөде тәңірқұтының жүргізген саясатын мысал келтіріп кетуге болады. Қайраткердің астындағы тұлпарына, жанындағы әйеліне келгенде әскер күшін шығаруға бармай елінің шетіндегі шаруашылығына еш пайдасы жоқ аздаған жерге келгенде соғысқа барғанын келтіре отырып, ер бала бойында елінің мүддесін бас пайдасынан артық көру қасиетін дамытуға болады.
Халқымыздың соғыссыз өткізген ғасыры жоқ. Ал барша ер баланың алдағы міндеті Отан қорғау. Біздің ұлан байтақ жерімізге «көз алартқан жаулар» әрқашанда көп болған. Барлық жағдайларда басқыншылық саясатқа әрқашанда еліміздің батыр ұлдары төтеп бере алған. Мысал ретінде сақтардың парсы басқыншылығы кезінде Шырақ малшының ерлігінен бастап, моңғол шапқыншылығы кезіндегі Бошпан батырды, әсіресе жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Бөрібай, Баян тағы басқа батырларды келтіруге болады. Қазақ жауынгер ұлдарының 1812 жылы Француз басқыншыларына қарсы соғысынан бастап, Ұлы Отан соғысы кезіндегі батырларымызды мысал келтіру қажет. Кез келген ер бала сабақ кезінде ойландыра, шабыттандыра білсе, әр тарихи тұлғамен танысқан сайын , өмірінен ситуациялық мысалдарды (тығырықтан шығу, халқына қызмет ету, ерлік көрсету, дипломатиялық қадам, экономикалық шешім, шешендік сөз өнері) келтіріп отырса, оқушы оны көкейіне түйіп, ұқсас жағдайда соған сәйкес әрекет етуге ұмтылады. Мысал ретінде Бошпан батырдың қолға түсіп қалған кезінде монғол жауынгерінің «тізеңді бүк» дегенде «мен саған шөк десе, шөге салатын түйе емеспін» (І.Есенберлин. «Алтын Орда» тарихи триологиясы) деген сөзін, Қайыр ханның Шыңғысханға айтқан сөзінен «Мен өлсем Жаратушының алдына жас, балғын күйімде барам, ал сен біраз жыл өткен соң әлсіз кәрі шал күйінде барасың» (И.Калашников. Жестокий век романы) деген сөздерін келтіруге болады. Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Бөгенбай батырдың халықты жоңғар шапқыншылығы тығырыққа тірегендегі Қарақұмдағы құрылтайда сөйлеген сөзін «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сөзін келтіріп кетуге болады. Оқушыларды Отан қорғаудағы ерлікке шақырудағы мысалдар өте көп. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Бауыржан Момышұлының бейбіт өмірдегі жағдаяттан мысал келтіріп кетуге болады. Бұл оқушының саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде қалыптасуына ықпал етуіне өз үлесін қосады. Ел тарихы айтулы тұлға арқылы танылады демекші қәзіргі кезде еліміздің экономикалық және саяси дамуы Елбасының кемеңгер саясатының арқасы. Елбасымыздың өмірі ер балалардың барлығы үшін, әсіресе ауылдық жерден шыққан балалар үшін бірден –бір үлгі. Елбасымыз түрлі әлеуметтік бағытта қызмет етіп, барлық салада үлгі боларлықтай нәтиже көрсеткен. Оқушыларды тұлға ретінде тәрбиелеуде тарихи ұлы тұлғалардың өмірін, ерлігін саяси қызметін, түрлі жағдаяттарды келтіруді қолдана отырып, Елбасымызды жан –жақты дамыған тұлға ретінде келтіріп кетіп, қорытындылауға болады. Жоғарыда айтылған мәселелерді оқушыға Қазақстан тарихы пәнін оқыту барысында тақырыпқа сай, үлгі ретінде ұсынса ер бала тәрбиесіне зор болары сөзсіз. Нәтижесінде ер балалардың көкейінде қазақи ұлы тұлғалық идеалды қалыптастыруға болады. Сол идеалға ұмтылса еліміздің келер ұрпағы елін сүйетін, еліне пайдасын тигізіп, қызмет ететін ұрпақ болып өсуі сөзсіз
Категория: История | Добавил: секе (2014-03-27) | Автор: Ермеков Канатбек Бейсенбекович E
Просмотров: 2062 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 4:49 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru