Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

Қазақстанда ауылшаруашылығын ұжымдастыру
Темирбаева Райгуль Шариповна
Ақбұлақ орта мектебінің тарих
пәні мұғалімі
ШҚО Күршім ауданы


Қазақстанда ауылшаруашылығын ұжымдастыру
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандағы ұжымдастырудың ерекшеліктері мен зардаптарын сын тұрғысынан талдай отырып,оқиға желісін жаңа қырынан қарау.
Міндеттері:
Білімділік:Ашаршылықтың себептері мен зардаптарына тоқталу,қазақ еліне ашаршылықтың қалай келгенін анықтау.
Дамытушылық:Бірлескен іс-әрекет арқылы ой қорытуға,өз көзқарасын, пікірін айта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Өткен сабақты пысықтау
Сабақ түрі: Ізденіс сабағы:
Күтілетін нәтиже: Топтық жұмысқа бейімделеді.Өздігінен ой қорытып,ойын жүйелі жеткізеді,пікірін қорғай алады.
Әдіс-тәсілдер: Блум таксономиясы,топтық жұмыс,СТО,пікірталас, «Ақылдың алты қалпағы»,Синквейн,Блоб ағашы,топтық бағалау, «екі жұлдыз,бір тілек»
Құрал –жабдық: интерактивті тақта,слайд,ватман,маркер,фломастер
Пән аралық байланыс:әдебиет,қазақ тілі,география
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі(2 мин)
а)Психологиялық ахуал туғызу
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Бүгінгі сабағымызда «1927-1932 жылдардағы ауылшаруашылығын ұжымдастыру» тақырыбын өтеміз.Сабақты «Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету,болашақты болжау қиын!» деген Әбу насыр әл-Фарабидің ұлағатты сөзімен бастағым келеді.Тақырып күрделі болғандықтан оны мықтап меңгеру керек.
б)Сыныпты екі топқа бөлу.(Қима қағаздардағы даталар мен оқиғаларды ажырату арқылы топқа бөліну).
Әр топ топ атын,ережесін жасау.(2 мин)
Білу: Ой қозғау «Топтастыру»
«Ұлы нәубет»видео-роликті көрсету(2-3 мин)
Деректі фильнен көрген ой пікіріміз қандай?
1-тапсырма:Тірек сөздермен жұмыс жасаймыз.
1-топ: Ұжымдастыру,отырықшыландыру
2-топ:Тәркілеу ,ашаршылық
(Оқушылар топпен ұлы нәубет жайлы білгендерін плакатқа топтастырады.Оны қорғайды.)
Түсіну : (6мин)
№1 Ұжымдастыру
• 1927ж
• КП ХҮ съезі жарияланды
• 1929ж.ІІ жартысынан бастап жедел дамыды;
• Күштеп,жаппай;
• 1932 ж көктемде аяқтау көзделді;
• 1931 ж 65 %

№2
жоспарланған үш
жылдың орнына үш күнде
отырықшыландыру
1933 ж аяқтау

Шу ауданында 400 киіз үй поселке болып тігілді
Қырылу Қоныс аудару
адам мал 1млн.астам адам
2млн.100 мың 40,5млн болды 414 мыңы оралды,
4,5 млн қалды 616мыңы келмеді

Ауру,індет Қырғынға ұшырау
51 аудан

Тәркілеу:
• 1928ж.27 тамыз
• «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды компескелеу және жер аудару»декреті
• 1 мыңнан астам феодал жер аударылды
• 145 мың мал алынды
• 1931ж.5500 отбасы жер аударылды.

Қолдану: «Цифрлар сөйлейді» ойыны (5 мин)
2-тапсырма. 1-топқа : Сәйкестендір
1 3 жыл 70%
2 1931 жыл,қазан 2%
3 Абыралы ауданы 60%
4 1928 жыл 3 күн
5 Жәнібек ауданы 95%
6 1930 жыл,3 сәуір 65%
7 Жымпиты ауданы 56.4%

2-топқа:Толықтыр
Ұжымдастыру... орнына .... күнде орнады.Оның ішінде........................ауданында 70%,Жәнібек ауданында ........,Жымпиты ауданында ....... .Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі ............... отырды.Егер, ........жылы тек шаруашылықтың 2%ғана ұжымдастырылса,1930 жылы 3 сәуірде ..........,ал 1931 жылы.....................айында........ұжымдастырылды.
Жұмысты екі топ бір-бірін бағалайды.
Талдау: «Ақылдың алты қалпағы» (7 мин)
3-тапсырма.Мағынаны тану.Әр топқа алты түсті қалпақ таратылады.Әр топ ұстанымына қарай ұжымдастыру жайлы не біліп ,түсінгендерін ортаға салады.Өз ойларын,көзқарастарын білдіреді.
Сабақты бекіту.Тест сұрақтарына жауап беру
1.«Қазақстан отар болып келді және солай болып қалды»деп айтқан қайраткер:
А)Т.Жүргенов в)О.Қожанов с)С.Сәдуақасов д)Т.Рысқұлов е)О.Жандосов
2.Ф.И.Голощекин ұсынған идея:
А) «ЖЭС» б) «Әскери коммунизм» с) «Азық-түлік салғырты» д)Индустрияландыру е) «Кіші Қазан»
3.1933 жылы наурызда Сталинге ашық хат жазды:
А)Қ.И.Сәтбаев б)Ғ.Мүсірепов с)С.Сәдуақасов д)А.Байтұрсынов е)Т.Рысқұлов
4.Ғ.Мүсірепов,М.Ғатауллин,М.Дәулетқалиев,Е.Алтынбеков,Қ.Қуанышев (Бесеудің хаты) ашық хатты жазды:
А)И.Сталинге б)Ф.Голощекинге с)М.Кагановичке д)В.Молотовқа е)В.Ленинге
5.1931-1933 жылдары республиканың 6,2 млн халқының аштықтан қырылғандары:
А)2,2 млн-ы б)2,5 млн-ы с)2,1 млн-ы д)1,2 млн-ы е)1,5 млн-ы
6.Ұжымдастыру жылдары лаңкестік әрекеттерді,өрт салуларды есептемегенде,республика аумағындағы толқулар мен көтерілістер саны:
А)372 б)377 с)375 д)272 е)300
7.Ұжымдастыру жылдарында республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен халық саны.
А)1 млн аса б)2 млн аса с)500 мыңнан аса д(1,5 млн аса е)600 мың аса
8.Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада:
А)40,5 млн мал басы болды б)45 млн мал басы болды с)28 млн мал басы болды д)4,5 млн мал басы болды е)35,5 млн мал басы болды
9.Ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты жарияланды:
А)1927 ж ХҮ съезде б)1921ж Х съезде с)1926 ж ХІҮ съезде д)1928 ж ХҮІ съезде е)1930 ж ХҮІІ съезде
10.1930-32 жылдары аштықтан,түрлі індеттерден қырылған халықтың мөлшері:
А)40% б)45% с) 50% д)30% е)35%
Тест жауаптары. 1)С 2)Е 3)Е 4)В 5)С 6)А 7)А 8)А 9)А 10)А
Жинақтау: «Синквейн» кері байланыс (5 мин)
Сергіту.Ой толғаныс. «Бес жолды» өлең шығарады. «Екі жұлдыз,бір тілек»
Бүгінгі сабақ туралы пікірлерін өз таңдауларына қарай (алма,гүлдер,жасыл жапырақ,сары жапырақ)таңдап алып жазады да,алма ағашына апарып іледі
Бағалау.(2мин)
«Блоб ағашына»әркім өз-өзін бағалайды.топ жұмысын топ басшысы бағалайды.
Бағалау кестесі
Оқушының аты-жөні Тірек сөздермен жұмыс,
цифрлар сөйлейді Талқылауға қатысуы,топ жұмысына араласуы Мағынаны тану,
мазмұндау Тест жұмысы,
Ой толғаныс Қорытынды баға
Абылқасымов Аслан + + - + 4
Адрышханова Назерке + + + + 5
Байсаринова Аяулым + + + + 5
Дүйсенбеков Ерасыл + + + + 5
Ерланова Айым
+ + + 5
Нұрланбек Таңнұр
+ + + + 5
Рамазанов Нұрманас + + + + 5
Балалар бүгінгі сабағымызды мына бір мағыналы дәйек сөзбен аяқтағым келіп отыр. «Ұмыту өткен тарихты,болашақ үшін қауіпті!» Иә,ата-бабамыздың басынан өткерген әрбір сәті біз үшін-тарих. Сол тарихты ұмытпай,жадымызда мәңгі сақтайық.
Үйге :17-18 тақырып ,Ой-толғау жазу
Категория: История | Добавил: гульнараж (2015-01-23) E
Просмотров: 1588 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 3:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru