Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Қазақстан
Сынып: 8
Пән: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §8 XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақстанда жер дауы мәселесінің шиеленісу себептері мен салдарын айтып түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлау, карта, оқулықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, жүйелі түрде коспект жазу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Отан тарихына деген қызығушылықтарын ояту, патриоттық, азаматтық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жүйелік сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу, карта, қосымша әдебиеттер, кесте, оқулықпен жұмыс, түртіп алу.
Сабақтың көрнекілігі: карта, оқулық, кесте, қосымша әдебиеттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Оқушыларды түгендеу, сабаққа бағыттау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. ауызша
2. қосымша материалдарды талдау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Кіші жүз аумағындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісе түсуі
2. Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері
3. 1755 жылғы қазақ-башқұрт шиеленісі және оның салдары
4. Жаңаесіл шекара шебінің салынуы
5. Орта жүздің шекара шебі аймақтарындағы жер дауының одан әрі шиеленісе түсуі
1. Кіші жүз аумағындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісе түсуі туралы оқушыларға ауызша баяндай отырып, оның себептерін ашып көрсету.
1748 жылы Кіші жүздің ханы Әіблқайырдың ұлы Нұралы болды.
2. Қазақ-башқұрт қатынастарының даму ерекшеліктері жөнінде әңгімелеу.
1740 жылы башқұрттардың Қарасақал бастаған көтерілісі болды.
3. Карта арқылы 1755 жылғы қазақ-башқұрт шиеленісі және оның салдары жайлы негізгі түсінік қалыптастыру, басты оқиғаларды түртіп алу, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, белгілі орыс зерттеушілердің деректерін мысалға келтіру.
1755 жылы башқұрттардың Ресей империясына қарсы көтерілісі.
Қозғалыс басшысы Батырша.
Батыршаның өлкедегі мұсылман халқына арнаған үндеуінен (1754 жыл)
«Олардың (патша үкіметінің авт.) мақсаты қырғыз-қайсақтарды иолық бағындырып алу, олардың арасына күн өткен сайын сіңісіп алып, жерінде әскери бекіністер мен кірпіш үйлер салу, сөйтіп оларды Уфа уезінің халқы сияқты етіп жеңіп шығып, құлдық бұғауында ұстау. Олардың мақсаты қайсақтарды толық бағындырып алғаннан кейін бізді екі ортада қыспақта қалдырып, күн өткен сайын ығыстыра түсу, арамызда өзара дұшпандық пиғылды өршіту. Немесе бізді қазақ халқына қарсы соғысқа айдап салып, қанымызды судай ағызу, болашақта біз бен қазақ халқының арасындағы достық пен бейбіт һмірді бұзып, жоққа шығару...»
Чулошников А.П. Башқұртстанда 1755 жылы болған көтеріліс. М-Л., 1940, 39-бет.
4. Оқушыларға картаны қолдана отырып, Жаңаесіл шекара шебінің салынуы жайлы түсіндіру, оқулықпен жұмыс істеу арқылы конспект жазуға үйрету.
XVIII ғасырдың 50-жылдарында жалпы ұзындығы 930 шақырым болып келетін Ертіс шекаралық шебінің (Омбы, Железинская, Семей, Жәмішев, Өскемен) құрылысы аяқталды.
1752-1755 жылдары Орта жүз қазақтары жерінің солтүстік аймағында Жаңаесіл шекара шебіндегі әскери бекіністер (Звериноголовская, Пресновская, Покровская, Николаевская, Лебяжі, Полуденная, Петропавл, Кабанья) салына бастады.
Қазақтардың қарулы қақтығысы туралы ХІХ ғасырда өмір сүрген зерттеушілердің бірі Н.Петропавловскийдің еңбегінде жан жақты суреттелген: «...Қорған, Есіл және Туқала округтарында шаруалар қырғыздармен күрес жүргізді. Осы ең соңғы кезге дейін дерлік олар өздерінің қожайын ретіндегі құқығын қорғап алуға тырысты, біздің ғасырымыздың 40-жылдарының өзінде де шаруалар мен қырғыздар арасында қанды қырғын қақтығыстар болып келді...»
5. Орта жүздің шекара шебі аймақтарындағы жер дауының одан әрі шиеленісе түсуі жөнінде түсіндіре отырып, негізгі жылдарды жаздыру.
1755 жылы патша үкіметі Орта жүз қазақтарының Ертістің оң жақ жағалауына өтуіне қатаң тыйым салды.
1765 жылы Сібір шекара шебінің командашысы генерал-поручик И.Шпрингер Ертістің далалық бетінде ені 10 шақырым келетін алқап белгілеп, ол аймаққа қазақтарды жолатпауға бұйрық берді.
1771 жылы қазақ хандары мен сұлштандарының өтініші бойынша Сұлтанбет және Орыс сұлтандар басқаратын Ертіс бойы қазақтарының Ертіс өзенінің оң жақ бетінде көшіп-қонып жүруіне рұқсат етілді.
IV. Бекіту.
Жаңа сабақты қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыруң арқылы бекіту.
Халықтың аты Шаруашылығы Тұрғын үйінің атауы Тілі Діні Екі халықтың тұрмысындағы рухани және материалдық мәдениетіндегі ұқсастықтар
V. Бағалау.
Үй тапсырмасы бойынша ауызша жауап берген және қосымша материалдарды талдаған оқушыларды бағалау.
VI. Үй тапсырмасын беру.
1. §8 оқып, мазмұндау.
2. қосымша әдебиеттер қарастыру.
Категория: История | Добавил: Жанка4991 (2015-01-26) | Автор: Имашева Жанар Сталовна E
Просмотров: 1920 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 5:03 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru