Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

1930 жылдардағы қоғамдық саяси өмір
Сабақтың тақырыбы: 1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір

Сабақтың түрі: Интерактивті. аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, суреттер, плакаттар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «1930 жылдардағы қоғамдық –саяси өмір» тақырыбының мән-мазмұнын оқушыларға толық түсіндіру
Дамытушылық: Тақырып бойынша пікіралмасу арқылы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, ізденімпаздыққа, жылдамдыққа, өз ойын толық жеткізе білуге, Отан тарихын танып білуге, тарихта өткен қателіктерді келешекте жібермеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: - Ұйымдастыру.
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеу.
- Сабаққа дайындығын қадағалау.
- Үй жұмысын сұрау

Тақырыбы: Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

1. Ұжымдастыру дегеніміз не? Ауыл шаруашылығын қауымдастыру. Ұсақ шаруа шаруашылықтарын ірі ұжымдық шаруашылықтарға біріктіру
2. Ұжымдастыруға бағыт алу қашан жарияланды? 1927 ж. БКб П-ның XY съезінде
3. Ұжымдастыру науқанын қашан аяқтау белгіленді? 1932 ж. көктемде

4. ТОЗ дегеніміз не? Мал шаруашылықты аудандардағы жерді бірігіп өңдеу жөніндегі серіктестік
5. Салақтың ауыртпалығы кімдерге түсті? Байларға

6. Ұжымдастыру неден басталды? Бай кулактарды тәркілеуден

7. Көшпелілердің экономикасын түпкілікті жоюды талап еткен кім? Сталин

8. 1925-1933 жж. өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы кім болды? Ф.И. Голощекин
9. 1932 ж. халықтың қырылып кетуі қаупін айтып, Сталинге хат жолдаған кім? Т. Рысқұлов
10.Халық жауы деген айып кімдерге тағылды? Қазақ зиялыларына

11.Ғ. Мүсірепов, М. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышевтардың хаты кімге жолданды? Ф.И. Голощекинге
12. Ф.И. Голощекин қандай ұранмен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық-саяси негізін жасады? «Ауылды кеңестендіру»
13. Геноцид деген не? Белгілі бір халақтың ұлт ретінде жойып жіберу

14. 1930-1932 жылдары халықтың ашаршылыққа ұшырауының себебі неде? Елдегі ұжымдастырудың нәтижесінде
15. Аштықтан қырылған халық қанша пайызды құрады? 40%

16. Жаппай жазалау мен ашыққан халық қайда бассауғалап кетті? Қытай, Монғолия, Түркия, Ауғанстан, Батыс Сібір, Тәжікстан, Иранға
17. Ұжымдастыру саясатын не себепті жүргізді? Қазақ шаруашылығының күйреуі мен халықтың жойылуы үшін
18. Ұжымдастыру қандай әдістермен жүргізілді? Қысым көрсету, мәжбүрлеу, тонау
19. 1930-1932 жылдардағы аштық тарихта қандай атпен қалды? «Ұлы жұт»

20. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет қашан шықты? 1928ж.
21. Кулактар қатарына жатқызу үшін несі болса жеткілікті еді? Темір шатырлы үйі немесе екі аты болса
22. Ұсақ малдың қырылып қалу себебі неде? 1930ж. қыста жүн дайындау бұйрығы шықты да, жаппай қырқу жүрді. Соның салдарынан
23. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы неден көрінді? Қалалар мен құрылыстарға кету, басқа аймақтарға көшіп кету, ұжымшар қозғалысының белсенділерін, сот орындаушыларын өлтіру, ашық көтеріліске шығу, т.б.
24. Халық наразылығының ірі ошағы қай жер болды? Семей округі

25. Ұжымдастыруға қарсы қанша толқулар болып өтті? 372

26. «Кіші қазан» идеясының тавторы кім? Ф.И. Голощекин

27. «Кіші қазан» дегеніміз не? Жайылымдық және шабындық жерлерді қайта бөлу
28. Не себепті бай шаруашылықтарын тәркілеуге, шаруашылық иелері мен оның отбасы мүшелерін жер аударуға рұқсат берілді?
Олар «өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды» деп есептеді
29. Ұжымдастыру жылдарында қай округтерде кедейлерді ұрып-соғу, оларды суық су құйып азаптау, қыс кезінде суық қамбалар мен қоймаларға күзетпен қамап қою, кулактардың үйлерінде жаназа рәсімін өткізуге жол берілді?
Ақтөбе және Павлодар округтерінде

30. Қандай жағдайда орташа отбасылар байлар қатарына жатқызылып, мүлкі тәркіленді? Жекелеген отбасыларды әдейі біріктірді

ЖАҢА САБАҚ
Жоспар:
1. Сталиндік казармалық социализм.
2. Зиялы қауымды жаппай қудалау.
3. Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы.

Сталиндік казармалық социализм. 1930 жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер, фабрикалар мен зауыттар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншіктің орнығуы, бір жағынан, шаруалардың жерден шеттетілуіне әкеліп соқтырды. Жұмысшылар орталықтандырылған мемлекеттік меншікке қатысы жоқ, еңбегін сатып күн көретін пролетариат қалпында қалды. Елде 1936 жылы сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ. Оларға заң шығару құқығы берілмеді, Одақтың өктемдігі астында өмір сүретін болды. Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды.
Сталиннің «социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген «теориясы» жазалау органдары қызметінің кеңейіп, мемлекеттік билік органы ретіндегі Кеңестер қызметінің шектелуіне әкеліп соқтырды. Балама пікір қабылданбады. Жеке адам құқығы барған сайын тарыла берді. Одақтық ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын (жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, жеке адамдарды, халықтарды жер аудару) қолданатын ерекше кеңес құрылды.

Зиялы қауымды жаппай қудалау.
Жазалау толқыны Қазақстанды да жайпап өтті. Алдымен Азамат соғысының аяғына қарай кеңес өкіметі жағына көшіп, кейінгі жылдарда оған шамасы келгенше қызмет ете бастаған қазақ зиялылары зардап шекті.
Ә. Ермеков, Х. Досмұхамедов, Ә. Бөкейханов және «Алаш» партиясының басқа да көрнекті қайраткерлері мен мүшелері жазаға ұшырады. 1930 жылғы сәуірде Қазақ АКСР БМСБ алқасы қазақ-кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Ж. Аймауытовты атуға үкім шығарды.
1937-1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Оның басты кереғарлығы – Кеңес үкіметінің өз қарсыластарын ғана емес, коммунистік идея үшін күрескендерді де жазалауында еді. Бұл жылдарда кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан көрнекті қайраткерлер жаза тартты. БК(б) П Орталық комитетінің Қазақстанға жіберген көптеген өкілдері, партияның тәжірибелі, адал қайраткерлері де бұл алапаттан құтыла алмады.
Қазақ-кеңес әдебиетінің көрнекті тұлғалары - С. Сейфуллин, Б, Майлин, І. Жансүгіров, М. Жұмабаев, М. Дулатұлы т.б. жазаға ұшырады.
Қазақстан картасында ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері (Карлаг) пайда болды.
Қарағанды облысының аумағында, негізінен алғанда Осакаров ауданында, 1931 жылы, шамамен 25 қоныс обсервация пайда болды. 1932 жылдың күзінде жазалауға ұшыраған кубаньдықтардың бірнеше эшелоны әкелінді. Көшіріп әкелінгендердің еңбек және тұрмыс жағдайлары өте нашар болды.
101 мың қазақстандықтар «ГУЛАГ» (Лагерлер Бас Басқармасы) азабынан өтті, 27 мыңнан астамы атылды. Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологиясы елді осындай қасіретке ұшыратты. «Тарих қоғамының шынайы имандылық келбеті, ал жалпыазаматтық құндылықтардың басымдығы ғана адамзатты мұндай қылмыстардың қайталануынан құтқара алады» деп үйретеді. Кейін республикада 40 мыңдай адам ақталды. 1930-1940 жылдары және 1950 жылдарда контрреволюциялық қылмыстар туралы істердің жартысынан астамын сот органдары емес, БМСБ (Біріккен Мемлекеттік саяси басқарма) алқасы, «үштіктер» (үш адамнан құралған комиссия), ерекше кеңестер қарағаны анықталды.
Далалық лагерьде, Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандар әйелдеріне арналған лагерьде ұзақ мерзімге жазықсыз сотталғандар жапа шекті. БМСБ мен Ішкі істер халық комиссариатының (ПХК) жендеттері аналар мен балаларды да аяусыз азаптады. С. Сейфуллиннің әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтың әйелі, С. Қожановтың әйелі, т.б. көптеген орыс және ұлт қайраткерлерінің жазықсыз балалары азап шекті.
Қазақ халқы өзіне тән бауырмалдықпен сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болған ұлт өкілдеріне көмек көрсетті.

Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы.
Кеңес одағының даму үрдісі қайшылықты болды. Аштан қырылып, шет елге босып, зиялы қауымынан айырылып, сор маңдай болған қазақ халқы сол Кеңес өкіметінің тұсында ұлттық мемлекеттігін қалпына келтірді, автономиядан одақтас республика мәртебесіне көтерілді.
РКФСР құрамында Қазақ АКСР-і дамыған индустриалды-аграрлы республикаға айналды.

Алжир, Карлаг, Степлаг

1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа Негізгі заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. Бұл Кеңес мемлекетінің де, оның құрамындағы Қазақстанның да саяси даму үрдісіндегі елеулі оқиға болды. Бұған дейін Ресей Федерациясының құрамында автономия болып келген Қазақстан енді одақтас республика болып қайта құрылып, бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (Қаз КСР-і) деп аталатын болды.
1937 жылы наурызда Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі одақтас мемлекет – Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Конституциясын қабылдады. Жас қазақ Республикасының Негізгі заңында адамды адамның қанауы жойылғаны, халықтар ынтымақтастығының жолға қойылып, экономика мен мәдениет өрлеуінің жүзеге асырылғаны көрсетілді. 1938 жылы маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтіп, оған 300 депутат сайланды. Оның 152-сі қазақ еді.
Қазақ КСР-інің егеменді құқықтары, халқының келісімінсіз өзгертуге болмайтын өз жері, өз Конституциясы, өзінің жоғары заң шығарушы және атқарушы органдары, өз елтаңбасы, туы, әнұраны болды.
Конституцияда Қазақ КСР-і КСРО құрамына ерікті негізде ену және мемлекеттік, экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие болғаны туралы айтылған.
1937 жылдың желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. Оған республикадан 44 депутат сайланды.
Олардың ішінде шахтер Т. Күзембаев, мұнайшы С. Зұрбаев, сауыншы С. Оңғарбаева т.б. болды.
1920 -1930 жылдардағы тарихи даму кезеңінің қорытындылары, Кеңес елін мекендейтін басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да қайшылықтар мен қиындықтарға толы қаһармандық жолдан өткенін көрсетті. Қазақ халқының аумақтық автономия құқығына қолы жетті. Оның индустриясы қауырт дамыды, халықтың әлеуметтік құрылымы өзгерді. Мәдениет пен білім саласында да табыстар болды. Осының бәріне ұлт- азаттық күресінің нәтижелері, халықтың әділетті, адамгершілікті қолдайтын қоғам құруға деген ынтасы мен тегеуріні әсер етті.
Сонымен қоса, экономика мен мәдениет салаларында қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты. Елді индустрияландыру Қазақстан экономикасының орталық құрылымын нығайтты. Шын мәнінде Қазақ Кеңес Республикасы тоталитарлық жүйенің ажырамас бір бөлігі болып қала берді.

Бекіту сұрақтары:
1. Тоталитарлық билік дегеніміз қандай билік? Ж: Бұл мемлекетте қоғам өмірінің барлық салаларына жаппай бақылау орнатылады. Билік бір адамның немесе бір партияның қолына шоғырландырылады, конституциялық құқықтар мен бостандықтар жойылады, бүкіл халық бір идеологияға бағындырылады, еркін ой қудаланады.

2. Жазалау шараларының қандай түрлері қолданылды? Жер аудару, еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберу, қамау

3. Жазалауға ұшырағандардың көбі кімдер болды? Қазақ зиялылары

4. Қазақстанда қандай лагерьлер пайда болды? Алжир, Карлаг, Степлаг, Песчанлаг

5. 1936ж. 5 желтоқсанда қандай оқиға болды? КСРО Конституциясы қабылданды

6. Қазақ КСР-інің Конституциясы қашан қабылданды? 1937 наурызда

Бағалау:
Үйге тапсырма беру: §12 Оқу, түсінігін айту, Сөзжұмбақ құру
Категория: История | Добавил: Gulnur5640 (2015-01-26) | Автор: Гулнур Куватбекова E
Просмотров: 1226 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2016-12-07, 5:21 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1474]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [216]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [770]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1138]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [578]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3905]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [353]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1485]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [516]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [8]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru