Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

«Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» интеллектуалдық- танымдық ойыны және презентациялар сайысы
Тақырыбы: «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» интеллектуалдық- танымдық ойыны және презентациялар сайысы
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Қазақстан тарихынан алған білімдерін толықтыру, жан-жақты көзқарастарын дамыту
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, сәйкестендіру, карта, топпен жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын арттыру
Тәрбиелік: оқушылардың өз Отанына деген патриоттық сезімдерін қызығушылықтарын кеңейту
Сабақтың түрі: ойын сабағы және презентациялар сайысы
Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс, карта, топпен жұмыс, компьютерлік технология, сәйкестендіру
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд, бағалау парағы, Қазақстан картасы, проектор
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. амандасу
2. сайысқа қатысушы топтарды орындарына отырғызу
Мұғалімнің сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 5-ші және 6-шы сыныптардың арасында тарих және география апталығы аясында «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» тақырыбында өткелі отырған интеллектуалдық-танымдық ойыны мен презентациялар сайысына қош келдіңіздер!
Әнұран орындалады.
ІІ. «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» интеллектуалдық-танымдық ойыны және презентациялар сайысын жүргізу жоспары:
1. Сайыстың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру
2. Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру
3. Әділ қазылар тобымен таныстыру
4. Ойын шартымен таныстыру
І БӨЛІМ
6 сыныптар арасында өтетін интеллектуалды-танымдық ойын
ІІ БӨЛІМ
5 сыныптар арасында өтетін презентациялар сайысы
Ойынымыз негізгі 4 турдан тұрады.
1 кезең. Сәйкестендіру
2 кезең. Қазақта тұңғыш
3 кезең. Ой жарыс
4 кезең. Қалаларға саяхат
І кезең. Сәйкестендіру
Қатысушы топтарға жалпылама 5 түрлі сұрақтар қойылады, 4 суреттің ішінен сұрақтың дұрыс жауабын табу қажет.
Әр топ өз жауабын жауап парағына жазады, әділқазылар тексеріп, әр дұрыс жауапты 5 ұпаймен бағалайды.
1. Үш жүзді біріктірген қазақ ханы? (Абылай хан)
2. Ұлттық теңге қолданысқа енгізілген жылы 20 теңгеде кім бейнеленді? (Абай Құнанбаев)
3. 1994 жылы ғарышқа ұшқан Қазақстан Республикасының әрі Ресей Федерациясының ұшқыш ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)
4. 2014 жылы 10 қарашада дүниеден өткен екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған ұшқыш? (Талғат Бигельдинов)
5. Елбасы туралы түсірілген фильмде Елбасының жас жігіт кезіндегі бейнесін сомдаған актер, әнші, сазгер (Нұрлан Әлімжанов)

ІІ кезең. Қазақта тұңғыш
Әр топқа кезекпен сұрақтар қойылады, дұрыс жауап 5 ұпай.
1. Тұңғыш қазақ ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
2. Тұңғыш қазақ педагогі? (Ыбырай Алтынсарин)
3. Тұңғыш қазақ геолог-ғалымы? (Қаныш Сәтбаев)
4. Тұңғыш қазақ ханы? (Керей)
5. Тұңғыш қазақ көркем фильмі? (Амангелді)
6. Тұңғыш қазақ ғалымы, этнографы, саяхатшысы? (Шоқан Уәлиханов)
7. Тұңғыш кәсіпқой қазақ балуаны? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
8. Тұңғыш қазақстандық екі мәрте олимпиада чемпионы? (Илья Ильин)

3 кезең. Ой жарыс
“Астана – Қазақстанның жаңа Елордасы” тақырыбына қатысты суреттерді оңға, ал қатысы жоқ суреттерді солға жинақтау керек.
Жауабы:
Сол Оң
№3, 4, 7, 10,11, 12 №1, 2, 5, 6, 8, 9

4 кезең. Қалаларға саяхат
1. Қазақстанның астанасы болған қалалардың жылдарын жазып көрсет (Орынбор 1920-1924 жж., Қызылорда 1924-1928 жж., Алматы 1928-1997 жж., Астана 1997 жылдан бастап).
2. Алашорда үкіметінің орталығы болған қала? (Семей)
3. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі орналасқан қала? (Түркістан)
4. Қазақстанның ғарышкерлері ұшатын ғарыш айлағы? (Байқоңыр)
5. Үшінші "Алтын адам" табылған аудан? (Зайсан)
6. Негізі 1720 жылы қаланған Шығыс Қазақстандағы өнеркәсіп орталығы? (Өскемен)

Презентациялар сайысы
5-ші сыныптар арасындағы презентациялар сайысы әділқазылар алқасы оқушылардың жасаған презентацияларының мазмұны мен тақырыпқа сәйкес оқыған өлеңдерінің мәнеріне қарай 5 балдық шкаламен бағалайды.
Көрерменге қойылатын сұрақ:
1. Ұлттық валюта теңгеміздің 10 теңгесінде кім бейнеленген? (Шоқан Уәлиханов)
2. Ұлы Жібек жолы қай ғасырлар аралығында өмір сүрді? (Б.з.б. ІІ ғ. - XV ғ. аралығы)
3. Үшінші "Алтын адамды" қай жылы, қай жерден және кім тапты? (Зайсан ауданы, Шілікті жазығы, 2003 жыл, Әбдеш Төлеубаев)
4. Көрсетілген фильм қалай аталады? ("Көшпенділер")
ІІІ. Ойынды қорытындылау.
Әділқазылар алқасына сөз беру.
Топтарды марапаттау.
Категория: История | Добавил: историк7921 (2015-02-13) | Автор: 5-6 сыныптарға арналған E
Просмотров: 3529 | Комментарии: 1 | Теги: Тарих | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 1:20 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru