Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

§44. Қазақ халқының материалдық мәдениеті.
Мусина Бакыткул Советовна
«Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
Қайнар ауылы
Семей қаласы
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §44. Қазақ халқының материалдық мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетімен таныстыру. оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерінен мағлұмат беру және олардың болашақ ұрпақтар үшін өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
• Дамытушылық: мәдениетті жан-жақты қырынан тани білуге көмектесе отырып, материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту. Әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра білуге үйрету оларға өз көзқарастарын еркін білдіруге көмектесу.
• Тәрбиелік: Қазақ халқының мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: әдебиет, әлем тарихы
Көрнекілік: киіз үй, ұлттық киім, қолөнер бұйымдарының суреттері, кітаптар
Сабақтың барысы:
IҰйымдастыру кезеңі.
II Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге қандай тапсырма берілгенін оқушылардан сұрап, естеріне салу.
Осыдан кейін өткен сабаққа байланысты «Кім тапқыр?» ойнын ойнату. Парта, орындықтардың астына сұрақтар жасыру. Сұрақтарды тауып, жауап берген оқушы жұлдызшаға ие болады.
Сұрақтың үлгілері:
*Қазақ хандығы қай жылдары құрылды?
*Қазақ хандығын құрған хандарды ата.
*Жоңғар мемлекеті қай ғасырда, қай жерде құрылды?
*Жоңғар шапқыншылығына қатысқан қандай қазақ батырларын білесің?
*Сабалақ деген кім?
*Абылайдың қасында қазақтың қандай игі жақсылары топтасты?
*Шоқан қайжылы, қай жерде дүниеге келген?
*Абайдың парасатты азамат болып қалыптасуына кім зор еңбек сіңірді?
*Абайдың қандай өлеңдерін білесің?
*Ыбырай қай жылы, қай қалада қазақ қыздарына арнап мектеп ашты?
*Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының басты себебі неде?
*Ұлт-азаттық қозғалыс батырларын ата.
* «Дарабоз» атанған батыр кім?
*Наурызбай батыр қай жерде дүниеге келген?
*Бөгенбай батыр қай жерде дүниеге келген?
*Әбілқайыр хан неге Ресей империясынан одақтастық іздеуге мәжбүр болды?
*Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды?
Оқушылардың жауабын тыңдаған соң үй тапсырмасын қысқаша қорытындылап жаңа сабаққа кірісемін.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтын тақырыбы, жоспары тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға сабақтың мақсаты айтылады.
Сабақ жоспар.
1. Қазақ баспанасы.
2. Қазақтың ұлттық киімдері.
3. Үй жиһаздары.
4. Ұлттық қолөнер бұйымдары.
Ең алдымен оқушыларға «Мәдениет дегеніміз не?» деген сұрақ қойып оқушылардың ойын білу. Содан кейін «Материалдық мәдениет дегеніміз не?» деп сұрақ қоямын. Оқушылар жауабын тыңдаған соң өз сөзіммен толықтырамын.
Мәдениет – қоғамның тарихи дамуында жеткен сатысын көрсететін, адамзаттың шығармашылық қызметінің үдерісінде жасалған және жасайтын рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы.
Мәдениетті екіге бөлуге болады:
1. Рухани мәдениет.
2. Материалдық мәдениет.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақ түсіндіре отырып оқушыларды да сөйлету, білгендерін оқушыларға айтқызу мақсатында жаңа сабақ материалын өздеріне талдату. Ол үшін оқушыларды төртке бөліп арасынан скипер тағайындайды. Оларға жаңа тақырыпты бөліп беріп, оқып дайындалуын талап етемін. Спикерлер тақырыпшаға 3 минутта дайын болып тобына келіп айтып беруі керек. Спикер орнына отырып қалған тобы мұғалім қойған сұраққа жауап береді.
Жауап кезінде үйге берілген қосымша материалдарына дайын болса жауап беруге болатыны ескертіледі
Топтарға берілетін мәтіндер:
І топ Бұрынғы кезде көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының негізгі баспанасы киіз үй болған. Оның ең басты себебі киіз үйдің көшіп-қону кезінде ыңғайлы, тез жиналып және құрастырылуы болды. Қыста жылы, жазда салқын. Маусымдық көшу кезінде киіз үй бұйымдарын негізінен түйеге артқан. Қыста үйдің сыртын қос қабатты киізбен жабатын.
Ерте заманда киіз үйді арбаға да бекіткен. Оны күйме деп атаған.
Киіз үйдің іші жазда салқын болумен қатар, үнемі таза ауа кіріп тұрумен ерекшеленген. Киіз үй 4,6, 8,12 қанатты болып бөлінген. Оның ішінде 12 қанатты киіз үй бай да дәулетті адамдарда болған. Мұндай үйлерді атпен жүріп тігетін.
Киіз үйлер сән-салтанатына қарай: ақ орда , хан орда, қараша үй, лашық деп бөлінді.
Бай, дәулетті адамдардың киіз үйлері сәндігімен алыстан көзге ұратын.
ІІ топ Киіз үйдің бөліктері: кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі негізінен ағаштан жасалған. Кереге деп киіз үйдің шеңбер қабырғасын айтады. Уық – шаңырақ пен керегені байланыстыратын бөлшегі. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезді төбесін құрайтын ең жоғарғы бөлігі.
Қазақта шаңырақ өте қастерлі де киелі саналады. Осыған байланысты халық арасында көптеген мақал-мәтел тараған. Жас шаңырақ құрған отбасыларға мынадай сөздер жиі айтылады: «Шаңырағың шайқалмасын», «Шаңырағың биік болсын» т.б.
Шаңырақтан кейінгі қазақтаң ерекше қастерлейтін киіз үйдің бөлшегі – босаға. «Босағаны керме, аяқпен баспа, бақытсыздық орнайды» деген тыйымдар болған.
Киіз үйге жабатын киіздер: туырлық, үзік, түндік. Олар күн сәулесін, жауын-шашынды өткізбейді. Бұның барлығын жасауда шикізат ретінде қойдың жүні пайдаланылған. Әдетте байлардың киіз үйлерінің сырты ақ киізден, мақпал, шұға сияқты маталардан жасалған ою-өрнектермен әшекейленеді.
Киіз үйді безендіру улкен шыдамдылықты, шеберлікті қажет етеді. Бұл кез келген адамның қолынан келе бермеген.
ІІІ топ Қазақтың ұлттык киімдері материалдык мәдениеттің ірі жетістігі екені даусыз. Қазақ халқында ұлттық киімдер жас шамасына қарай ерекшеленген. Жастар киімі ою-өрнекті қызыл-жасыл болып келсе, үлкендердің киімінде ою-өрнектер аз болған. Киім- кешек үшін негізінен малдың жүні мен терісі пайдаланылады. Ұлттық киімдер: тон, қамзол, шапан, тақия, бөрік, сәукеле, кимешек, бешпент, шекпен т.б.
Шекпен – түйе немесе қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім. Әдетте түйе жүнінен тоқылған шекпенді дәулетті адамдар киетін болған.
Бұрынғы кезде қазақ халқында қолөнер өте жоғары дәрежеде дамыған. Зергерлік бұйымдар жасауда шеберлер алтын, күміс, асыл тас, түрлі сүйектерді қолданған. Әсіресе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасау кең тараған. Сырға, білезік, сақина, жүзік, алқа, шолпы т.б. сәндік бұйымдар. Қазақ әйелдерінің көбінің тағатын әшекей заттары ретінде белгілі. Ал ерлердің қару-жарақ, ер-тұрмандарын жасаған. Көшпелі халық үшін ат әбзелдерінің қажеттілігі өте жоғары болған. Ер-тұрман, сәнмен өрілген арқандар әр қазақтың үйінен табылатын. Жаугершілік кездері қазақ ұсталары қылыш, найза, семсер, дулыға, қанжар сияқты қару-жарақтарды да көптеп жасаған. Әдетте қазақтар балаларына арнап арнайы ер-тұрмандар жасатқан. Бұл жас баланың ат жалын ұстар жасқа толғанын, ер жеткенін білдірген.
IVтоп Қазақтар әдетте киіз үйлерін әр алуан кілемдер және ою-өрнекті сырмақтармен безендірген. Үйдің негізгі жиһаздарына – кебеже, абдыра, жастық ағаш, төсек ағаш, күбі, келі-келсап, тостаған т.б. жатады. Мал терісінен де үйге арналған заттар жасады, мысалы: саба, торсық т.б
Көшпелі тұрмысқа сай келетін әрі ыңғайлы ағаш ыдыс-аяқтар өзіндік көркемдігімен және қарапайым әсемдігімен өзгешеленеді. Күнделікті пайдаланатын, сондай –ақ салтанатқа арналған оюлы ағаш ыдыс-аяқ жасау дәстүрі осы қолөнерінің біздің кезге дейін неғұрлым жақсы сақталып келген түрлерінің бірі болып табылады.
Жаңа сабақты қорытындылап, оқушылар жауабын толықтыру.
Оқушыларға «Біз тұрған киіз үй» тақырыбында эссе жазуларын тапсырамын.
Әр оқушы өзінің жазған эссесін оқиды.
Оқушыларға қосымша сызбалар толтыруды тапсырамын.
1- Тапсырма: Сызбаны толтыр

Киіз үйдің құрылысы Үй жиһаздары Ұлттық киімдер

2- тапсырма: мына сызбаның ішіне қазақтардың метал, сүйек, ағаштан қандай заттар жасағанын жаз

Металдан Сүйектен Ағаштан


Бағалау: Тапсырманы орындап болған оқушыларды бағалаймын.
Қорытынды кезең:
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға түрлі сұрақтар қоямын:
 Киіз үйдің қандай қасиеттері бар?
 Қазақтың қолөнер бұйымдарының қандай түрлерін білесің?
 Қазақ ұлттык киімдерін ата.
 Қазақ қоғамында қолөнер шеберлерінің орны қандай болған?
Әр оқушының жауабын тыңдап, оны толықтырып отырамын. Оқушылар жауаптарынан кейін өткен сабаққа жалпылама шолу қорытынды жасаймын. Онда бүгінгі сабақта өткен басты мәселелерге тоқтала отырып, тақырыпты бекітемін.
Ү й тапсырмасы: 44-параграфты оқу.
Категория: История | Добавил: Гульнурик (2015-02-24)
Просмотров: 1762 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 11:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru