Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

ТАРИХТЫ БІЛГЕННІҢ ТАМЫРЫ ТЕРЕҢДЕ

Кемельбаева Индира Муратовна

ТАРИХТЫ БІЛГЕННІҢ ТАМЫРЫ ТЕРЕҢДЕ

ШҚО, Семей қаласының «№32 ЖОББМ» КММ
тарих пәні мұғалімі


Елбасымыз Н.Назарбаев өз Жолдауында биылғы жылы еліміз қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелейтінін айтқан болатын. Иә, тарихтан білетіндігіміздей, сонау XV ғасырдың орта шенінде Әбілхайыр ханға бағынудан бас тартып, одан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандар Шу өзенінің бойындағы Қозыбасы аталатын жерде алғаш жеке хандық құрған болатын. Небәрі екі жүз мың адамды соңдарынан ертіп, Моғолстан ханы Есенбұғыдан жер сұрап, өз алдарына дербес хандық құруға негіз жасаған Керей мен Жәнібек сұлтандар біртұтас қазақ халқы тарихының басында тұрған айтулы тұлғалар.
Қазақ хандығының негізі сол кезде қаланбаса, бүгінде жұлдызы жарқыраған азат алаш елі болып отыруымыздың өзі неғайбыл. Сондықтан мемілекеттігіміз, елдігіміз барда бұл есімдер ешқашан ұмытылмақ емес. Олардың жанкешті ерлігін, батырлығын, қайсарлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, одан әрі зерттеп, зерделеу баршамызға парыз.
Сол хандық дәуірде де қазақ халқы белгілі бір заңға бағынып, бірлікте өмір сүрген. Оған дәлел «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Мұндай заңдарды бүгінгі тәуелсіз еліміздегі биылғы жылы жиырма жылдығын атап өткелі отырған Ата Заңымыздың бастауы, түп тамыры деуге болады. Халқымыз қашаннан татулықты ту етіп, береке-бірліктің арқасында бір тудың астына жиыла білген. Сол дәстүр бүгінде 140-тан астам ұлт өкілдері жиналып, бір тұтас мемілекет болып отырмыз.
Елбасымыздың қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуді тапсырғандағы негізгі мақсаты айқын. Қазақ ұлтының халық болып қалыптасуындағы түп тамыры сонау тайпалық кезеңнен бастау алатынын жас ұрпақтың санасына сіңіру. Оларға бүгінгі алаш елінің түпкі ата тегін білгізу, ата-бабаларымыздың қандай жолдармен жүріп өткендігін, бүгінгі өмір сүріп жатқан жеріміздің ежелден ата қонысымыз болғандығын білгізу.
Ата-бабаларымыздың туған жерін «ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен» қорғаған ерлік дәстүрін бүгінгі ұрпаққа өнеге ету.
Тарихты білу – әрбір қазақ азаматына парыз. Бір ғана мектеп бағдарламасында оқытылатын тарих пәнінен алған білім бүкіл тарихымызды зерттеп, зерделеуге жеткіліксіз екені рас. Осы олқылықты толтырудың жолы – оқушылардың жеке тұлға ретінде жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, өзіндік шығармашылық ізденістерге қалыптастыру.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай еліміздің басылымдарында тарихи-танымдық мәні жоғары мақалалар көптеп жариялануда. Оқушыларды осы мақалалармен таныстыра отырып, ата-бабаларының ерлік, елдік дәстүріне қызығушылығын арттыру арқылы тарихи көркем әдебиетті оқуды ұйымдастыру.
Қазіргі заманғы жастардың интернет жүйесімен теледидарға деген ынталарын көркем әдебиетті оқуға деген ізденістерге бағыттау.
Осы арқылы кітап оқуға деген салғырттықты жойып, көркем әдеби кітапты оқу дағдыларын қалыптастыру.
Кезінде «Түрік жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп айтып кеткен Тоныкөк бабамыздың өсиетін кемеңгер Елбасымыз бүгінгі бейбіт заманда жүзеге асырып, халқымызды береке-бірлікпен нұрлы жолға бастады.
Осы Нұрлы жолда «Мәңгілік Ел» бағдарламасын өмір жүзіне асыратын жасампаз ұлан – алдымызда отырған оқушылар.
Сондықтан олар ел тарихын терең біліп, қазақ ұлтының ерлік дәстүріне деегн мақтаныш сезімге бөленіп, ер жетулері керек.
Ұлттық намыс, ұлттық мақтаныш халыққа дем берер рух, елдікті нығайтар күш. Осы күшті оқушы бойына дарытатын қасиетті құрал – кітап.
«Кітап – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы» деген халық даналығын өнеге тұтайық.

Категория: История | Добавил: ai (2015-02-25) | Автор: Кемельбаева Индира Муратовна E
Просмотров: 934 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 6:04 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru