Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс.
Ғ. Молдашев атындағы орта жалпы
білім беретін мектебі.

Ашық сабақ

Тақырыбы:


Оқытушы: Стамгазиев Н.Ә.

БҚО облысы Казталов ауданының
Ғ.Молдашев атындағы ОЖББ
мектебінің тарих және география
пәндерінің мұғалімі
Стамғазиев Нурбек Алибекович

Сабақтың тақырыбы : Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы
ұлт-азаттық көтеріліс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Білген сайын келеді біле бергім,біле беру емес пе тілегі елдің»-демекші туған елдің тарихын, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісі жайлы жан-жақты мағұлмат беру және көтерілістің мақсатын, барысын, нәтижесі, тарихи маңызы жөнінде білім беру.
Тәрбиелік: «Туған жерді сүю парыз,сүю үшін тарихын білу парыз»-дегендей, өз отанының тарихына деген сүйіспеншілікке, Отанын қүрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Бұл көтерілістің аса маңыздылығы қазақтың үш жүзін және бүкіл қазақ даласын қамтыған ірі көтерілістердің бірі болғандығын және қазақ халқының тәуелсіздікке бағытталған көтерілістерінің бірі екендігін ұғындыра отырып осындай қиындықтармен келген «Тәуелсіздікті»баянды етуге осы ұрпақтың әрқайсысы міндетті екенін ұғындыру.
Сабақтың түрі: Түсіндірмелі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,электронды оқулық,оқушының өзіндік жұмыс парағы,карта.
Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап, тест.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2.Өткенді қайталау (тақтаға 10 сұрақ ашылады оқушылар жауап бергеннен кейін,төмендегі бағалау нормаларына қарап өзін-өзі бағалайды.)
Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі(тақырыбы)
1.Жаңаелек шебі қашан құрылды?
2.Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс қашан болды?
3.Жаңаелек шебін жасауда қазақтар қанша жерлерінен айырылды?
4.Патша үкіметі Ғұбайдулланы қайда,қандай қызметке тағайындады?
5.Қандай ережеге сай қазақтар тағыда 4млн десятина жерінен айырылыды?
6.1825ж жазалаушы экспедиция қай өзендердің бойындағы қазақтарды аяусыз қырып жойды?
7.Жаңаелек шебі құрылғанға дейін Елек өзені бойында қандай рулар көшіп-қонып жүрді?
8.Елек өзені бойында негізі қаланған бекініс-қорғандарды ата.
9.Саржан Қасымұлының жасағы қашан патша үкіметінің әскеріне ашық шабуылға шықты?
10.Жаңаелек шекара шебінің құрылысы қашан аяқталды?
Дұрыс жауаптар:
1.1810ж
2.1822-1825жж
3.600 мың десятина
4.Көкшетау округі,аға сұлтан
5.1835ж 8-наурыз «Орынбор губерниясының қырғыз (қазақ)даласы мен шекарасында жаңа шекара шебін құру туралы»
6.Бұлдырты.Шиелі,Тамды
7.тама,табын
8.Изобильная,Боранды,Жаңаелек,Линев,Көмірлі,Вятлянская,Бердянская
9.1826ж 31-қаңтар
10.1822ж

Бағалау
10,9- «5»
8,7,6-«4»
5,4- «3»
2,1- «2»
3. Жаңа материалдарды меңгеру
Тақырып басталар алдында оқушыларға сұрақ қойылады:
1. Миға шабуыл. (Еске түсірейік!)
Патша үкіметіне қарсы қандай көтерілістермен таныстық?
Міне сондай көтерілістердің бірі!
Сабақтың тақырыбы:
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Жоспар:
Біз бұл сабақта мынадай мәселелерді қарастырамыз:
1.Көтерілістің себептері,мақсаты және қозғаушы күштері.
2.Кенесары Қасымұлы- аса көрнектімемлекет қайраткері.
3.Көтерілістің басталуы.
4.Қазақ хандығының қалпына келтірілуі.
5.Ханның алым-салық және сауда саттық саясаты.
6.Қарулы күштердің құрылуы.
7.Патша үкіметінің жазалау әрекеттері.
8.Долгов және Герн бастаған елшіліктердің Кенесары ордасына келуі.
9.Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі.
10.Кенесары әскерлерінің Ұлы жүз аумағына қарай шегінуі.
11.Көтерілісшілердің Қырғызыстан аумағындағы қимылдары.
12.Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы.

1.Көтерілістің себептері,мақсаты және қозғаушы күштері.

Хандық биліктің жойылуы

Қазақтардан әскери бекіністер салу үшін
Көтерілістің себебі: жерлерін тартып алуы.

Салықтың көбеюі, өз жерін өзі жалға алуы.

Казактардың қазақ ауылдарына жиі шабуыл
жасауы

Көтерілісшілердің мақсаты

жерлерін қайтару округтерді тарату салықтарды жою

Кенесарының мақсаты

Ресей құрамына кіріп үлгермеген қазақ жерлерін біріктіріп,
атасы Абылайдың кезіндегі қазақ хандығын қалпына келтіру.



қазақтар орыстар

башқұрт өзбектер

қарақалпақтар түрікмендер

поляктар т.б халықтар

Абылай хан

Альджан Тохта Топыш (қалмақ) Рыс Сапай Сайман (қарақалпақ)






Тайшық Жағыпар Ахмет Омар Оспан Әубәкір Сыздық Жәкей


Көтерілістің барысы

Сұрақтардың жауабын тап.(оқулықпен жұмыс)
1.Көтерілісті тезірек бастаудың себебі неде?
2.Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы деген кім?
3.Көкшетау округіндегі ауылдарға шабуыл жасаған кім?
4.Ақмола бекінісіне басып кіру
5.Патша үкіметі осы әрекеттерді шешу үшін қандай амалдар қолданды деп ойлайсыңдар?

Қазақ хандығының қалпына келтірілуі.

1841 жыл Кенесары Қасымұлы хан сайланды

Бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды

Оны ханның өзі басқарды.

Кеңесші орган құрамы

Батырлар Билер Сұлтандар Жақын туыстары

Шаруашылық мәселелері Сот ісі Дипломатиялық жұмыстар

Салық жинау Әскери істер

Бұйрықтардың орындалуын Мал жайылымдарының дұрыс бөлінуін

Қарулы күштердің құрылуы.(сөздердің мағнасын ашу өзіндік жұмыс)
-20 мың сарбаз
-Жүзбасылар
-Мыңбасылар
-Айырым

Патша үкіметінің жазалау әрекеттері

Мерзімі Басты оқиғалар
1842 ж Орынбор генерал – губернаторы Обручев әскер жіберді.
1842 ж Сібірден Сотников әскері жіберілді. (Күнімжан)

1843 ж 27 маусым Лебедевтің 300 казактан тұратын тобы жіберілді.
1843 жылы қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығарылды.( Хан басына 3мың сом)
1844 ж 20-21 шілде сұлтан Жантөреұлының әскері жеңілді. 44 сұлтан мерт болды.

Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі

1.Кенесары Қасымұлы Қоқан хандығымен неге күресті?

1836 ж - бауыры Сержан сұлтанды
Өлтірді
1840 ж - әкесі Қасым төрені

Күрестің нәтижесінде

Мерзімі Басты оқиғалар
1845 ж қазан Созақ, Жаңақорған, Жүлек бекіністерін алды.
1846 ж Меркі бекінісін алды.


Көтерілісшілердің Қырғызыстан аумағындағы қимылдары.

Кенесарының Қырғыздарға арнаған үндеуі:
«Менің мұна келгенімінің мақсаты-сендермен жауласу емес,керісінше қазақтар мен қырғыздардың басын қосып күшейту, оларды қоқандықтардың қол астынан құтқарып алу»

Шыңғыс ұрпағына бағыну Абылай ханның қырғыз жеріне
дәстүрі жоқ жасаған жорықтарын ұмытқан жоқ

Патша үкіметінің Сібір Қоқан хандығының қолдауына
әкімшілігінен қолдау тапты. сүйенді.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы.

1.Кенесары қалай қаза тапты?

1847 ж Бішкекке жақын жердегі Майтөбе деген жерде Кенесары хан жеңіліс тауып, тұтқынға түсіп 32 сұлтанмен бірге қырғыздардың қолынан қаза тапты.
№ Жеңілу себептері № Тарихи маңызы
1 Күш тең емес еді. 1 Үш жүзді қамтыған, аты Еуропаға мәлім болған тұңғыш көтеріліс.
2 Кенесары хан бірнеше бағытта соғысты. 2 Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті.
3 Қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі. 3 Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.
4 Ресей билеушілерінен жеңілдік алған сұлтандардың бір орталықтанған мемлекет құруға мүдделі болмауы. 4 Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстылығын көрсетті.
5 Кенесары ханның өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі. 5 Хан билігі жойылғанның өзінде, Кенесары қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіре алды.
Сабақты қорытындылау «сен - маған, мен – саған»
Әр топ бір біріне сабақта меңгерген білім мазмұнын пайдаланып сұрақтар қояды. Ескерту: сұрақтар қайталанбайды, берілген мерзімде неғұрлым нақты және көп сұрақтар қоя білген, дұрыс жауап бере білу керек.
Үй тапсырмасы:
1.Кенесары Қасымұлы жайлы зерттеушілердің қазіргі таңдағы зерттеулері жайлы мағұлматтар біліп келу.
2.Кенесары Қасымұлы газет-журналдардын қосымша деректер жинап келу.
3. Кенесары Қасымұлы туралы әдеби кітаптарды оқып келу.
Категория: История | Добавил: stamgaziev85 (2016-01-17) | Автор: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасым E
Просмотров: 291 | Теги: Кенесары, соңғы қазақ ханы | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2016-12-09, 8:17 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1475]
Школьный психолог [501]
История [696]
Опыт [473]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [219]
Мастер-класс [206]
Семья и школа [174]
Компьютер-бум [248]
Английский язык [771]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1140]
Химия [375]
Классному руководителю [626]
Биология [579]
Думаем, размышляем, спорим [92]
Казахский язык и литература [1763]
Краеведение [92]
Начальная школа [3910]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [355]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [290]
Экология [180]
Дошколенок [1492]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [441]
Мой Казахстан [228]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1158]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [281]
Самопознание [381]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [12]
Педагогические программы [4]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru