Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАРИХ ПӘНІНЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ
Білім беру жүйесі — қызығы мен қиындығы мол күрделі сала. Бүгінгі жас ұрпаққа жан - жақты білім беру, тәрбиелеу — әрбір ұстаздың оқу - тәрбие үрдісіндегі басты міндеті. Осы міндетті орындауда әрбір мұғалім түрлі әдіс - тәсілдерді пайдаланып жатады.
Қандай әдісті пайдаланса да мақсатымыз айқын, ортақ. Ол бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің сөзінде « Бізге интеллектуалды ұлт қажет. Халықаралық деңгейде бәсекеге түсетін эрудициялы адамдар керек» деген болатын.
Жастар білімді, ақылды, жан - жақты жетілген, ұлттық рухы бар, ұлт мүддесі үшін қызмет ететіндей болуы үшін біз ұстаздар қауымы ат салысуымыз керек сияқты.
Оқушылардың білімін жетілдіріп, дамыту жолында пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, жаңа технологияның тиімді әдіс - тәсілдерін жас ұрпаққа бойына сіңіре отырып, жұмыс істеуге мен де тырысудамын.
Еліміз тәуелсіздік алғанға дейінгі мектептерде жүргізіліп келген Қазақстан тарихы пәніне тиянақты өзгерістер енгізу проблемасы соңғы жылдарда болған түрлі саяси, тарихи және әлеуметтік – эканомикалық өзгерістерге тікелей байланысты туындаған болатын. Бұл жағдай бойынша 1990 жылдан Қазақстан тарихы Республика мектептерінде дербес пән
ретінде енгізілді.
Қазіргі таңда мектептің материалдық – техникалық базасы бай, мүмкіншілік көп, тек көзін таба білу керек. Тарих сабағында оқушы бойында «Менің Отаным қандай болған, қазір қандай, болашақта қандай болуы керек» деген сұрақтар туындайды. Осы сұрақтарға жауап беріп, мақсатқа жету үшін тарих пәнінің орны ерекше.
Тарих сабақтарында қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістерге байланысты өткенді білуге деген құштарлық өсе түседі. Бұл жағдай тарих ғылымының жаңа дидактикалық жүйені іздестіру, салалық басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, көпшілікке арналған әдебиеттерде бұрын белгісіз болған, құпия құжаттар, жеке хаттар мен күнделік жазбаларды іріктеу арқылы сабаққа пайдалану қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан, өткенді ғылыми танып білуде осындай тың деректерді, мұрағат материалдарын жас ұрпақтың таным - түсінігіне сәйкестендіре отырып, сапалы, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырамыз.
Пәнге деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жұмыстарын үй тапсырмасын сұрау кезінде де іске асыруға болады. Мысалы: үй тапсырмасын сұрау кезінде «Тарихи бағдаршам», «Жылдар нені білдіреді», «Орнын тап», « Тарихи викторина», « Сен - маған, мен - саған» деген сияқты ойындар ойнаймыз. Тарихи бағдаршам тест сұрақтарына жауап беру болса, жылдарды кестеде немесе сызбада орындаймыз. Ал орнын тап ойыны үлестірмелі материал түрінде беріледі. Кейде үйден дайындап келген сөзжұмбақ, ребустар, кластер, шығармашылық тапсырмалар орындалады.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының құрылуы мен дамыту мәселелерін қоғамдық пәндер сабақтарында үйрету - жүйелі білімді баяндаумен қатар, оқушыларды елін, Отанын сүйетін елжанды азаматтар тәрбиелеуде, жеке тұлғаның қалыптасуында, түрлі мәдени құндылықтардан хабар болып ғылыми түсінік береді. Тарих пәні оқушылардың ойлау логикасын қалыптастыруға, ізденуге, талдауға, сұрыптауға, баға беріп, қорытынды жасауға үйретеді, аналитикалық ойлауын дамытуға септігін тигізеді. Оқушы пәнді меңгеруге, қосымша әдебиетті оқуға және өзіндік ізденіс жасауға, танымдық дербестік әрекетінің артуына көмектеседі. Сол үшін өз білімдерін жетілдіру үшін рефераттар мен шағын баяндамалар, эссе әзірлеу сияқты тапсырмалар беріледі.
Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде ең алдымен ой қозғау немесе әсем сазды әуендер тыңдап қызығушылықты оятуға болады. Тарих сабақтарында көбінесе қызықты әңгімелеу көп қолданылады. Жаңа технологияны пайдаланып, электронды оқулықпен жұмыс жасау, слайд көрсету, интрактивті тақтаны қолдану, мәтінді диагностикалау сияқты әдіс - тәсілдер жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде пайдаланамын. Шығармашылық тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар, кесте, сызбалар, көрнекіліктер осы жаңа тақырыпты түсіндіру бөлімінде өтеді.
Ал енді бекіту кезіндегі сәтті өте қызықты етіп өткізуге болады. Ол үшін венн диаграммасы, ассосация құру, бес жол өлең, футбол, тұлғаны табу, кластер құрау, сәйкестендіру тесті, сөзжұмбақ, ребус шешу т. б. әдіс - тәсілдер мен ойындар өтеді.
Әр сабақ-мұғалім ізденісінің жемісі. Күнделікті сабақтағы бір сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын сәттерін қолданып өткізсе, сабақтын мазмұны ашыла түседі.Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабылеті дамиды.
Егер тарих сабағында
- ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
- уақытты тиімді пайдаланса;
- тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе,
онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне Республика мемлекеттерін көтерудің тиімді жолы-білім беру саласын толықтай ақпараттандыру .
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық –психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде, ұлағатты саналады.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар, практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал, теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екені даусыз.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып саналады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне-оның іргелілігі, алдын-алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай жасалды. Компьютер арқылы оқушылар тарих сабағында арнайы компьютерлік бағдарламалар мен электрондық оқулықтар арқылы зерттеп, кез-келген тақырыпты оқушылар өздері меңгереді. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, олардың ой-танымын кеңейтуге, өз бетінше шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс жасауына көп көмегін тигізеді.
Тарих сабағында компьютерді пайдалану оқу үрдісінде мұғалімі мен оқушының оқудың жеке дара шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Тарих- оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Қазақстан тарихы оқулығы арқылы «күнделік» сияқты түрлі тарихи оқиғалар мен құбылыстарды, фактілер мен адам аттарын даталарды оқушылардың санасына тізіп қоймай, өз елінің болашағын ойлайтын азаматтар тәрбиелеуіміз қажет.
Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының құрылуы мен дамыту мәселелерін қоғамдық пәндерді оқыту арқылы Отан тарихын барлық қырын обьективті, байыппен, жан - жақты диалектикалық тұрғыдан қарастырады.
«Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңіледі» деген атамыз қазақ. Ендеше бойында қаны бар, намысы бар әрбір азамат енді тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз деп ой - санасын қамшылау мен қатар өз елінің, туған жерінің тарихын жетік білуі қажет. Жан - жақты білімді ұрпақ оқытып, тәрбиелеу үшін ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жаңа инновациялық технологияны қолдана білетін мұғалім.
А. Байтұрсыновтың мына бір сөзімен баяндамамды аяқтағым келеді:
«Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі hәм сондай болмақшы.»

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бейсенова С. Оқытудың әдістемелік жүйесі// Педагогика. – 2008№5 -№6. 28 - 33 б.
2. А. Текесбаева. Сабақта дифференциалап оқыту //Қазақстан мектебі. 2007/6, 19 - 23 б.
3. Өстеміров К Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.- А: 2007, 12 - 15
4 Артықбаев Ж, Пірманов Ә «Қазақстан тарихы» энциклопедиялық басылым Алматы «Атамұра» 2008 ж
Категория: История | Добавил: nuriya_8526 (2016-03-26) E
Просмотров: 1646 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 7:40 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru