Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » История

Тарихты білу – ұрпақ парызы
Тарихты білу – ұрпақ парызы
Тарих — ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды.
Тəуелсіздік жылдары Қазақстан тарихы қайта жазылып, ұлттық жəне мемлекеттік мүдде тұрғысынан қайта зерттелуде. Кеңестік кезең жылдарында солақай саясаттың негізінде бұрмаланып жазылған келеңсіз тарихи тұстары қайта қарастырылынып, ақиқат тұрғысынан жаңаша зерделенуде. Сонымен бірге, азаттық жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері басты назарда болып отыр.
«Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы — тарих» — деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қай заманда болмасын, тарихшыларға артылар жүк ауыр болған. Оның себебі-де түсінікті. Қай заманды алсаңыз да, тарих — халықтың ұлттық санасын қалыптастыру, мемлекеттік идеологияны насихаттау, жас ұрпақты патриотизм рухында тəрбиелеу қызметін атқарған. «Тарих ғылымы — барлық ғылымдардың атасы» десек, артық айтпаған болармыз
Қазақ халқының жадында тарих əрқашан сақталып келген. Елбасы да тарихи танымға айрықша назар аударды. Осыған орай, Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығы мен үш жыл қатарынан: 1997 — «Қоғамдық келісім жəне саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 — «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 — «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп аталынды. Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді.
Елбасы əртүрлі-деңгейде сөйлеген сөзінде, оннан астам жарияланған еңбектерінде Тəуелсіз Қазақстанның өмір шындығына сай жаңа тарихын жазуға жəне сол арқылы халқымыздың жаңа тарихи санасын қалыптастыру ісіне басты назар аударуда. Ол өткен тарихын білмеген, өзінің ұлттық қасиет терінен айырылған халық қасіретке ұшырайтындығы туралы, өзінің жақсысы мен жайсаңын сыйламайтын адам басқаларға құрмет бола алмайтындығы жөнінде терең тұжырымдар жасады.
Қазақтың тарихы сонау көне заманнан тараған ауызша тарихтан басталады. Қазақтың ауызша тарихы – ұлт руханияты. Қазақ ертеден өз ата-тегіне, ру шежіресіне айрықша мəн берген. Өз ұрпағына ру шежіресі туралы аңыз-əңгімелерді жаттатып отырған. «Шежіре – халықтың құрамына кіретін тайпа-рулардың тегін таратып, бір-бірімен туыстық дəрежесін айыратын тізбе. Шежіре негізінен қарасөзбен, кейде өлеңмен жазылады, көлемі əрқалай болып келеді.
Қазақ шежіресіне кеңінен тоқталған, қазақтың арғы тегін, ру-тайпаларын тармақтап, жүйелеп берген құнды еңбек – Ш.Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һəм хандар шежіресі» кітабы.Еңбекте қазақтың қайдан шыққаны туралы ой қозғап, Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздің ру-тайпалары туралы, оның ішінде Орта жүздің Арғын, Найман, Керей, Уақ, Қыпшақ, Тарақты сияқты руларына қатысты деректер береді. Сонымен қатар хандар шежіресі, Шыңғысхан шежіресі туралы, осман түріктері мен сұлтандары туралы, сарт, өзбек, ноғай, башқұрт, түркімен сияқты түркі жұртына қатысты шежіре деректері мен қазақтың ру-тайпаларын тармақтап берген сызба-кесте ұсынған.
Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ шежіресі» еңбегі ел аузынан жинаған аңыз-əңгімелер, шежіре деректері арқылы қазақтың шежіресін, өткен өмір жолын жан-жақты сипаттауға арналған. Өткеннен сыр шертетін шежіре еңбек халық арасынан жинаған руға байланысты, сол рудың батыры, балуаны, ақыны, өнерлісі, ел ағасы туралы аңыз-əңгімелерге толы.
Өздеріңізге белгілі, қазақтар еш уақытта ешкімге қарсы соғыс ашпаған, ата-бабалар жерін ерлікпен қорғаған халық. Сондықтан бізге тарих арқылы Рухы биік Қазақ ұлтын əлемге таныту өте маңызды. Ол үшін, алдымен өзіміз ғылыми айналымдағы құжаттар мен материалдарды толық игере отыра, ұлттық санамызды жаңғыртуға бірлесе отыра күш салуымыз қажет.
Категория: История | Добавил: nurgazin65 (2020-11-28) | Автор: Нургазин Оралгазы Ергазинович E
Просмотров: 269 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 7:34 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru