Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт

Тарих ғасырлар куәсі
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Цемент кентінің кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі: Битибаева Шолпан Металовна

Тарих ғасырлар куәсі
тарихи сабақ

Құрметті оқушылар және кітапхана оқырмандары, құрметті қонақтар біздің кітапханамызға қош келдіңіздер. Бүгінгі өткізгелі отырған іс-шарамыз Қазақ хандығының 550 жылдығына және І.Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына байланысты «Тарих ғасырлар куәсі» атты тарихи сабақ.
Шара мақсаты: Оқушыларды елім деп өткен тұлғалардың ерлігін дәріптеуге,
тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеу, қазақ жазушыларының шығармаларын өз беттерімен оқуға баулу.
Қазіргі кезде еліміздің егемендігі бекіп, іргесі нығайған сайын оның болашағы мен тарихына деген қызығушылықтар арта түсуде. Әсіресе, соңғы жылдарда “Қазақ мемлекеттілігі қай дәуірден басталады?”, “Қазақ хандығы қашан құрылды?” немесе “Қазақ хандығының құрылғандығына қанша жыл?” деген нақты сауалдарға көпшіліктің ынтасы ауып отыр. Қазақ хандығының құрылуына Керей мен Жәнібек хандардың атқарған басты рольдерін ешкім де жоққа шығармайды. Биылғы жылы, Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толады.
Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті Жарғысы халқымыздың Темірқазығы болды.
Алты Алаштың айбынды әміршісі Абылай хан бастаған, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек, Баян, Олжабай, Өтеген, Ақтанберді, Байғозы, Жанатай, Жауғаш, Малайсары, Елшібек батырлар қостаған қазақ сарбаздарының қолы талай мәрте туған жер төсінде ат ойнатып, ата жауларымен кескілескен шайқастар өткізді. Қазақтың ең соңғы ханы Кенесарыны Ресей империясының мұздай қаруланған әскері жеңе алмай діңкеледі. Ер Кене сырттағы жаудан емес, іштегі жаудан қапыда кетті.
Ал, енді оқушылар мен қысқаша қазақ хандығына тоқталып өттім, ендігі сөз өздеріңе беріледі. Оқушылар әр ханға слайд арқылы тоқталып өтеді.
Қасым хан. Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы 16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды. Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты. Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты.
Таһир хан. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік және әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.
Хақназар хан. Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы 16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді.
Тәуекел хан. Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді.
Есім хан. Есім ханның тұсында Қазақ хандығы Есім хан (1598-1628 (1645) ж.ж. билік құрған) Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз - әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды. Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты. Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады. Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды. Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді. Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды. Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді. Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.
Жәңгір хан. Есім хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652) отырды. Халық оны ел үшін жасаған ерлігіне орай «Салқам Жәңгір» деп атанған. Хан ордасын Түркістан қаласында ұстау Жәңгір хан тұсында басталды. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді.Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.
Болат хан. 1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді. Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.
1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы
1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы
1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы
1518-1523ж – Қасымның баласы Мамаш хан болды
1523-1532ж – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды
1533-1534ж – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды
1534-1535ж – Қожа Мақмұт хан болды
1535-1537ж – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан
1538-1580ж – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы
1580-1582ж – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды
1582-1598ж – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды
1598-1628ж – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі
1613-1627ж – Тұрсын хан билігі
1628-1652ж – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы
1680-1715ж – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы
1718-1726ж – Батырдың билігі
1726-1730ж – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы
1720-1740ж – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды
1718-1748ж – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды
1748-1786ж – Нұралы Кіші жүзге хан болды
1791-1794ж – Ералы Кіші жүзге хан болды
1795-1797ж – Есім Кіші жүзге хан болды
1797-1805ж – Айшуақ Кіші жүзге хан болды
1805-1824ж – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды
1716-1719ж – Орта жүз ханы Қайып хан билігі
1719-1734ж – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі
1734-1771ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі
1771-1781ж – Орта жүз ханы Абылай билігі
1781-1819ж – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі
1815-1817ж – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі
1841-1847ж – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы

Цемент кентіндегі кітапхана бөлімшесінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарих ғасырлар куәсі» атты тарихи сабақ 23 қаңтар күні, №32 мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен болып өтті. Барлық қатысқан бала саны: 32.
Шара мақсаты: Оқушыларды елім деп өткен тұлғалардың ерлігін дәріптеуге,
тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеу, қазақ жазушысы І.Есенберлиннің өмірі мен шығармасымен таныстыру, қазақ жазушыларының шығармаларын өз беттерімен оқуға баулу.
Іс-шара, биылғы жылы, қазақ хандығының 550 жыл толуына байланысты және тарихи трилогия «Көшпенділер» романының авторы, қазақ жазушысы І. Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына байланысты болып өтті.
Шара барысында кітапханашы, тұңғыш қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты шарттарына, қоғам қайраткерлері Керей мен Жәнібек бабаларымыздың өмірі мен билік құрған жылдардағы қазақ жерінің сыртқы және ішкі саясаттарына слайд арқылы және әдебиеттерден қысқаша үзінді оқи отырып тоқталып өтті. Оқушылар өздері дайындап келген презентациялары арқылы, Әбілқайыр ханға, Қасым ханға, Хақназар, Есім ханға және т.б. хандардың өмірі мен тарихта алатын орындарына, билікке келген жылдардағы тарихи саяси жағдайларға тоқталып отырды. Шараға белсене қатысып өз ойларын ортаға салып отырды.
Кітапханашы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беріп, «Көшпенділер» тарихи трилогияның мазмұнымен, кейіпкерлерімен, ХV - ХІХ ғасырдағы қазақ халқының тарихи шежіресімен оқырмандарды таныстырып өтті.
Шара соңында ұйымдастырылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Оқырмандарымыз Қадырова Мадина, Нұрмағанбетова Г. т.б. оқушылар шараға белсене қатысқаны үшін, мадақтау қағазымен марапатталды.

ББК 63,3 (5Қаз)
А 99
Аяған Б.Г., Әбжанов Х.М. Исин А.И.
Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдаруы. Алматы: «Сөздік-Словарь», 2011.- 320 б.

ББК 63,3(Қаз)
Г 15
Галиев А.
Керей и Жанибек. История, личность, время.- Алматы. «Аруна», 2004.-92с.-(Серия «Знаменитые люди Востока»

ББК 63,3(5Каз)
С 89
Сұлтанов Т.И.
Алтын Орда. Еуразия даласындағы Шыңғыс хан ұрпақтарының мемлекеті-Алматы: Мектеп, 2011.-176 б. («Жетінші сөз» сериясы).

ББК 63,3(қаз)
Б 34
Бегалин Қайрат
Алтын Орда хандары.-Алматы: «Адамар» ЖШС, 2009.-272 бет («Оқушылар энциклопедиясы» топтамасы).

ББК 63,3
В 19
Васильченко Т.
Әмір Темір. Тарих, тұлға, уақыт. - Алматы: «Аруна», 2007.-96 бет.- «Шығыстың ұлылары»
толтамасы.

ББК 63,3
С 89
Султанов Т.И.
Рождение казахской государственности. Истории Казахского ханства. - Алматы: Мектеп, 2011.- 160с.- (Серия «Слово седьмое»).

ББК 63,3(5қаз) я 7
А 82
Артықбаев Ж.
Қазақстан тарихы: Оқулық.-Астана: Фолиант, 2013.- 360 бет.

Жағыпарұлы Ж.
Қазақ хандығы./ Егемен Қазақстан.- 2015ж.- 6 қаңтар.- 5 бет.

Дүйсенбаев А.
Қазақ мемлекеттілігінің шежірешісі./ Егемен Қазақстан.-2015ж.- 10 қаңтар.- 5 бет.

Источник: http://тарих,тұлға
Категория: Опыт | Добавил: kurakovagulnara4 (2015-03-20) E
Просмотров: 1221 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 1:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru