Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Опыт

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ САБАҚТАРҒА ЫҚПАЛДАСТЫРУДЫҢ ОҚУШЫ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ
СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ САБАҚТАРҒА ЫҚПАЛДАСТЫРУДЫҢ ОҚУШЫ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ

«Қоғам неғұрлым танылған сайын, тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан ұрпаққа берудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болады»( Д.Дьюи).
Жаңа әдіс-тәсілдер мемлекетіміздің барлық саласында, белең алып, өз нәтижелерін беруде. Білім беру саласына қатысты әдіс тәсілдер мұғалімнің оқыту әдістемесін жаңа деңгейге көтеріп, оқушылардың бойындағы қабілет мүмкіншіліктерін барынша ашып, оның білім және танымдық сапасының дамуына қолдануға бағытталған. Дана Ж.Баласағұн: «Әр бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» деген екен.
Білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектілігі сияқты педагогикалық рефлексиялық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады (Сыни ойлауды дамыту әрекетіндегі шығармашылық жұмыстар, 6-бет).
Жалпы, бағдарламаның өн бойындағы үйренген әдіс-тәсілдер мен ондағы жеті модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерге жатады. «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйрену» әлеуметтік – сындарлылық көзқарасымен де тығыз байланысты. Егер дәстүрлі сабақтарымызда мұғалім өзінің қалай оқытуына назар аударса, жаңа түсінік бойынша, мұғалім сабақта оқушының оқу ептілігін қалыптастыруға көп көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Сондықтан да, тәжірбиелік сабақтарымда өзімнің дәстүрлі әдістемемді неғұрлым өзгертуге тырыстым, сабақтарға түрлі әдіс-тәсілдерді жоспарлаған сайын, мен оқушылардың танымдық деңгейін дамытатын тапсырмаларды көптеп қамтуға тырыстым
Мұғалімнің ұстанымы – ¬оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс әрекеттерінің негізі (Нұсқаулық, 7-бет). Өз ұстанымдағы өктемшілдікті басып, оқушылармен демократиялық қарым-қатынасқа түсуімді реттедім. Ең бастысы, өзімнің дәстүрлі әдістемем мен жаңа тәсіл арасындағы айырмашылықты көру және мен қолданған әдістер оқушылардың сабаққа қызығушылығын қаншалықты арттыратыны мен үшін қызықты болды.
Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуге тиіс (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 35-б). Өз сабақ жоспарларымда оқу материалдарының (тапсырмалардың) 6-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай алдым.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын тудыру үшін ең алдымен оның «өзіндік мақсаты» (Чиксентмихаи) мен «ішкі уәж» (Райан мен Деки) деп аталатын қасиеттердің қалыптасуына жағдай жасау керек. оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірбиеде қолдану маған орта және төмен деңгейдегі оқушыларды жаңа қырларынан көруге мүмкіндік берді.

Тәжірбиеге кіріспес бұрын курстың мәні, оның жалпы мақсаты мен идеялары туралы мектеп әкімшілігімен, бірлестіктегі ұстаздармен ой бөлістім. Курстың идеяларына олар өз қызығушылықтарын танытты.
Тәжірбиемдегі сабақтарды ұйымдастырудың басты мақсаты сыныпта оқуды үйретететін білім ортасын құру болды.Осы мақсатта мен өз әдістемемдегі тәсілдерді өзгертім.
Мектептегі бейнелеу өнері пәнінің басты мақсаты оқушыларға бейнелеу өнерінің мұмкіншіліктерімен, отандық және дүниежүзілік өнер құндылықтары арқылы арқылы эстетикалыққа тәрбиелеу болып табылады, бұл өз кезегінде оқушылардың жан-жақты зияткерлік дамуына ықпал етеді. Дәстүрлі сабақтарымда оқушылар бейнелеу өнерінің теориялық мазмұнына қызығушылық танытпайтын. Олар үшін бейнелеу өнері сабағы тек практикалық сурет салу болатын. Теориялық жағын түсіндіргенде олар «Әкпей, сурет салайықшы» сөзін жиі айтатын. Мен олардың өнер құндылықтарының тарихын, суретшілердің өмірі мен шығармашылығын білуде қызығушылықтарының жоғына, нәтижесінде бейнелеу өнері пәнінен сауаттылық деңгейлерінің төмендігіне қатты алаңдайтынмын. Курстың бірінші бетпе-бет кезеңінен алған теориялық білімім менің өз қателіктерімді түсінуге көмектесті. Себебі мен өз сабағымда материалды дайын күйінде жадағай түсіндіріп, оны қайта сұрауды ғана біліппін.
Сабағымды оқушылармен амандасып, түгендегеннен кейін, сергіту сәті мен топтастырудан бастадым. Алғашқы сабақтарымдағы сергітуде оқушылар бір бірінен ұялып, өздерін еркін сезінбеді, бірақ келесі сабақтардағы қиындау тапсырмалардан соң, оқушылардың өзі сергіту сәтін жасауды сұрады.

Олар бейнелеу өнері түрлері бойынша жасалған жұмыстар арқылы топтасты (графика-графикалық суретпен, сыршырай-сыршыраймен) және келесі сабақтарымда жақсы оқитындардың осы тәсілмен бір топқа түспеуі үшін топтастырудың сандық тәсілін қолдандым. Бұдан кейінгі қадам топ ережесін құру болды. Оқушылармен бірлесіп, ереже құрдық және бұл ереженің тиімді болуы үшін сынып оқушыларының бәріне қол қойғызып алдым. Бұл менің төрт сабағымда да оқушылардың өз-өздерін жиі тәртіпке шақырып отыруына мүмкіндік берді.
Сыныптағы бұзық бала Мақсұт Әбунасыр әсіресе, атом-молекула кезінде «өз өнерін» көрсетіп жатты, соқтығысқаннан сыныптағы бір екі оқушы еденге құлап та алды. Мен оның бұл әрекетіне сын айтып, түзетуге тырыстым, қанша зығырданым қайнаса да «қатал болмау» деген қағиданы ұстап бақтым. Оқушыларға «Қане, сыныпқа кім жаттығу жасатады?» десем, мен-менделегендер көп болды. бір екеуін шығарсам, сыныпты әжептәуір жаттықтырды.
Алғашқы сабағымда жақсы оқитындар ғана сөйлеп, қалғандары өздерін «бұрынғыдан басқа жерде» (топта) жайсыз сезінгендей болды. Олардың ішінен қысылып, қымсынғандарын да көрдім. «бірлесіп жұмыс жасаймыз» деген сөзді айтсам да, бұл жерде оқушы мен оқушының диалогтық сұхбатын аз байқадым.
Екінші сабағымды да психологиялық ахуалды реттеп алған соң сабақты бастауға кірістік. Әбунасырдың да бұзықтығын көре алмадым, бұл жолы еденге құлағандар болған жоқ. Топтастырудан соң, жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндадым, және бұл сабақта оқушылар игеруге тиіс білім мен дағдыларын айттым. Оқушыларға алғашқы тапсырма берілгеннен кейін, бірлесе топтарды бағалау критерийлерін айқындадық және ең бірінші етіп,топ ережесін сақтау критерийін қойдық, онда топта жұмыс жасаудың маңызды белгілері көрсетілген, басқа критерийлер тапсырмаларға байланысты болды. Бұл жолы оқушыларым біршама топта жұмыс жасауға икемделгендей. Ең тұйық дегендер (Қарлығаш, Дильмурат) болмаса, басқалары тапсырмаға атсалысты, бұған бағалау критерийі әсер қылды деп ойлаймын.
Сыныптағы бірінші сабақта «реформаға» бойы үйренбеген дарынды оқушым Азаматтың, екінші сабақта қолы түспеді, өте жақсы белсенділік танытты. Одан басқа сыныптағы орта деңгейлі көптеген оқушылар (Аружан, Балнұр, Ләйлә, Арнат т.б) сабаққа жақсы қатысты. Топтар жұмысын қорғағанда, мен «басқа топтардан сұрақ бар ма?», «толықтыратындар бар ма?» деп оқушыларды сұхбатқа шақырдым.

Дәстүрлі сабақтарымда тыныш отыр сөзін өзім айтушы едім, бұл сабақтарымда ол сөз туралы ойланбадым да. Топ ережесі оқушылардың өзін- өзі реттеуіне жол ашты. Олар ересектерше бірлесіп ойласып, пікірлесіп әрекет етті. Ортақ сауалдарға жауап беру, ментальді картаны қорғау, яғни топ атынан сөйлеу (топ ережесі бойынша кезектесіп сөйлеу) оқушылардың сөйлеу қабілеттерінің дамуына көп әсерін тигізді. Бейнелеу өнерінің терминдерінде сөйлеу бастапқыда оларға қиыншылық тудырғанымен, көшбасшы оқушылардың белсенділігі топтарды алып шықты, олар басқаларды үйрете білді.
Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 39-б) Диалогтық оқытудың жаңа тәсілдері сабақтарымда материал мазмұнын оқушының ойлануына, сезінуіне, әсерленуіне, пайымдауына, ізденуіне, ой қорытуына мүмкіндік берді. Қарапайымнан күрделіге бағытталған сұрақтар оқушының ойлануына, білмесе тығырыққа тірелуіне, салдарынан сыныптастары мен мұғалімнен көмек сұрауына уәжділігін туғызды. Суретші шығармаларын талдау оқушылардың бейнелеу өнерінің өн бойындағы заңдылықтарды түсінуін талап етті. «бұл шығарма бейнелеу өнерінің қай түріне, қай жанрына жатады» дейтін білу, түсіну деңгейіндегі сұрақтан бастап, «сурет қандай түстерге бағынған және одан сен нені байқайсың, қалай ойлайсың, сурет көңілді жағдайды білдіре ме?» сынды талдау сұрақтары оның шығармадағы оқиғаны сезінуіне жол ашты?, «Осыған ұқсас отандық және дүниежүзілік суретшілер шығармаларын білесіңдер ме?» сұрағына жауап іздегенде оқушылар оқулықты ақтарды, «Осы сипаттағы әдеби шығармаларды білесіңдер ме?» сұрағына, бірнеше мен күтпеген жауаптар алынды. Оқушылардың қабілеттері мен ойлағаннан анағұрлым жоғары екендігіне қайран қалдым. «Қалай ойлайсыңдар, сурет қай тарихи кезеңді көрсетіп тұр және оның авторы қай кезеңде өмір сүрген?», «Суретші осы шығармасымен нені көрсеткісі келді?» деген көптеген сұрақтардың оқушылардың бейнелеу өнері саласынан білім деңгейін арттырып, оны жан жақты басқа пәндермен салыстыру арқылы сыни көзқарастарын дамытуға жол аштым.
Тұйық оқушыларым, бастапқыда, «менікі дұрыс болмай қала ма?» деп, ойларын ашып айта алмады, бірақ өз ойының топтағы оқушылардың ойынан алшақ емес екендігін бірнеше рет ой елегінен өткізген олар, кейінгі сабақтарда қолдарын жиі көтеретін болды.
Жұптық әңгімені ұйымдастырудағы тренингтер мен тапсырмалар оқушы мен оқушы диалогының өрбуіне, ойларының бір арнаға тоғысуына және бір бірін бұрын білмейтін тұстарынан көре білуге мүмкіндік берді. . Сабақта оқушыларға тақырыпқа байланысты проблемалық сұрақ қойдым. Оқушылар жұптық талдауда сұраққа жауап іздеді. Жұптық талдау оқушыларды бір бірімен диалогқа түсуге мүмкіндік берді. Оқушылар бұл тәсілде өз ойларын жақсы білдіріп жатты. Жауаптардан оқушылардың СҚӨ-ге деген оң көзқарастары мен оны жаңғыртудың маңызы туралы мардымды жауаптар алдым.
Сәндік қолданбалы өнер туралы оқушылар түсінігін БҮҮ стратегиясына салдым. Бұл әдіс те оқушының өз білімін таразылауға ( нені үйренгенін, нені үйренгісі келетінін жазып) , яғни өзін өзі реттеуге мүмкіндік берді.
Практикалық жұмыста топтарға сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының бірнеше репродукциялары таратылып, олардан бұйымдардың материалына не қолөнерші шығармаларына немесе формаларына байланысты топтастыруға болатыны жайында айттым. Постерді орындауға 15 мин. уақыт берілді.олар суреттерді бірлесе, қызықты топтастырды. Постерлерге суреттер әр түрлі мағынада топтастырылды және оқушылар бұған өз шығармашылықтарын да қосыпты. Бір топ бұйымдардың жасалу материалына қарай, екінші топ қолданылу орнына қарай, басқасы пішіндеріне қарай топтастырған. Бұдан оқушылардың ой қиялдарының шексіздігін көрдім.
Жұмыс аяқталғанда әр топқа сөз беріліп, олардың топтастыру ерекшеліктері туралы айтуды тапсырдым. Постерлерді қорғау оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытты. Топтасып жұмыс жасау дәстүрлі сабақтағы «бір бірімен қатынасқа түспеудің» биік қамалын бұзып, тапсырмаларды өзара әрекеттестікте шешу, ортақ ойға келу және ол ойдың топтың намысы үшін басқалардан жоғары болуы үшін жақсылап ойлану және сөйлеу сынды ептіліктерді қалыптастырды.
Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арада даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсартатынын атап көрсеткен (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 39-бет). Тапсырмаларды жоспарлауда өзімнің оқушылармен, оқушының оқушылармен диалогтық қатынасқа түсулерін ескердім.
Оқушылардың шығарманы көру және түсіну қабілеттерін дамыту мақсатында мен сабағымда екі мағыналы суреттермен жұмыс тапсырмасын бердім. Оқушыларға суреттер таратылып, оның қандай мағыналарда екендігін топта талқылау (5 мин) және топ атынан сөйлеу керек болды.
Жалпы, сабақтағы әдіс-тәсілдер оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, көркемдік дағдыларын толықтыра түсетініне көзім жетті. Жұптық диалог тұйық балаларды сөйлетуге, суретші шығармасын талдауда олардың сыни көзқарастарын қалыптастыруға көмектесетінін білдім. Оқушылардың өзара әрекеттестіктерінде бір-бірінің білмейтіндерін толықтырып, білетіндерін үйретуде ықпалдастықтар болатынын байқадым.
Өткен сабаққа шолуда интервью әдісін қолдандым. Оқушылар өз тәжірбиесінде бұрын бұл әдісті қолданбағандықтан, сұрақ дайындауда уақытты ұстап жатты. Әйтсе де, бұл әдістің оқушыларды сабаққа жаппай назар аударуына ықпалы болатынын көрдім. Әдістегі шарттардың оқушылардың өз ойын дұрыс жинақтауға,диалогқа түсудегі, сөз сапын түзетудегі ролін (өзін-өзі реттеу) атап өту қажет.
Жаңа сабақты меңгеруге дайындық ою-өрнек түрлері мен мазмұндық ерекшеліктерін семантикалық кесте арқылы сәйкестендіру болды. бұл әдіс оларға таныс болғандықтан өте жылдам орындалды. Сабағымдағы «Балық аулау» ойыны оқушылардың бейнелеу өнері саласынан білімдерін тексеруге мүмкіндік берді. Топтар ауланған балықтардың санына қарай бағаланатын білгенде бәсекелестік дами түсті.
Жаңа сабақты меңгеруге дайындық кезінде «Заманауи бұйымдар ою өрнекпен әшекейленуі тиіс пе?» деген топтарға ортақ сауал тасталды. Бұл әңгіме-дебат болатын. Сынып «ия» және «жоқты» жақтаушылар болып екіге бөлінді. Төрт оқушы аналитик болып қалды. Ойлануға берілген бес минутта оқушылар өз топтарында мәселені талқылап, себептерін іздеп, өз ойларын қағазға түсіріп, қорғап шықты. Аналитик топ «ия» пікірімен келісіп, сол пікірдің дұрыстығын дәлелдеп шықты. Өзім бұл ойдың дұрыстығын қорытып айтып кеттім. Бәсекелестікке бағытталған бұл әдіс оқушылардың қарсы топтың пікірін жоққа шығару арқылы өзінің бейнелеу өнері тілінде сөйлеу мәнерін дамытудағы ролін атап кету қажет.
Ою-өрнектің бұйыммен байланысы туралы «не білемін» және «не білдім» талқылау картасының сол жақ бөлігі топтарда талқыланып толтырылды. Оқушылар мұнда ою-өрнектердің көптеген бұйымдарда қолданылып, оған сән беретіні туралы жазған екен. «Не білдім» бөліміне басым көпшілігі ою-өрнектерді заманауи бұйымдарда да қолдануға болатынын, оның бұйымның пішімі мен түсіне сәйкес алынатынын білдім деп жазыпты. Бұл тәсіл оқушылардың білімін жүйелеп, ұлттық құныдылықтарға қатысты оң көзқарастарын қалыптастыруға жол ашты.
Топпен жұмыс жасаудағы ережелерге белсенді оқушым Азамат басында бағынғысы келмеді. Берілген тапсырманы ол алдына алып, басқалармен ой бөлісуді қаламады. Жалпы байқағаным, жақсы оқушылар өз ойын басқалармен ортақтастырғысы келмейді екен. Азамат бұл тапсырманы өзі орындағаннан кейін, өзі ғана қорғап шықты. Мен мұны түзетуде «осы тапсырманы орындау барысында басқалар ой қосты ма?» деген сұрақтармен келесі тапсырманы орындауда қайталанбауын ескерттім. Азамат келесі тапсырманы топта талқылай бастады.
Тірек сөздер мен суреттер арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын аштым. Бұдан оқушылар топта, содан соң бүкіл сыныпта жұмыла талқылау арқылы ою өрнектердің бұйымның пішіні, өлшемі, түсі бойынша таңдалатынын шешті. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға суретші шығармасын талдауды ұсындым. Бұл Г.Исмаилованың «Қазақ вальсі шығармасы» болатын. Шығарма кесте бойынша талданды, топтар бірінші өз арасында талдап, содан әр топқа кестедегі бір-бір сұрақтан қойылып, жауаптар алынды.
Оқушыларға тақтада сабақ міндеттері көрсетіліп, оларға мақсатты анықтау ұсынылды. Бұл әдіс те оларға таңсық болғандықтан уақытты ұстап, жауаптарында міндеттердің жекелеген түрлерін ғана қайталаумен шектеліп жатты. Менің араласуыммен мақсатты бірлесе құрастырдық.
«Ойлаудың алты қалпағы» сабақ мазмұнын ашуда берілді. Тақырып: «Біздің мемлекет халықтары тек Қытайдан, Түркиядан, Қырғызстаннан келетін киімдерді киеді, өкінішке орай біздің киім тігу өнеркәсіптеріміз тым аз». Бұл тәсіл оқушылардың өзара диалогқа түсіп, пікірлерін білдіруге жол ашты.
Практикалық жұмыста балалар компьпютерге отырып, PAINT бағдарламасында орналастырылған өрнек қималары арқылы оқушылар бұйымдарды бейнелеп, өрнектеді. Бұл АКТ-ны қолдану болатын. Жұмыс барысында оқушыларға тәжірбиелік бағыт берілді. АКТ менің барлық сабақтарымда айнымас көмекшіме айналды, мен әр сабағымда көптеген көрнекіліктерді слайдтарда жасадым. Бұл оқушылардың сабақ мазмұнын түсінуіне және қызығушылығын арттыруға көмектесті.
Практикалық жұмыстар аяқталғанда «Галереяға саяхат» ұйымдастырылды. Оқушылар өз суреттерінің қателіктерін басқаларға қарап түсініп немесе өзгелердің жұмысына пікір қосты.
Кері байланыс парақтарын суреттер бойынша алу да оқушылар үшін қызықты болды. «Бүгінгі сабақтағы өзіңді көрсет» суретінің олар көбінде ең биік тұрған адамды бояған. «Оқушылардың өз-өздерін бағалауы арқылы өзін реттеуге жол ашатынын көруге болады. Кері байланыс парағы менің келесі сабақтарымды жоспарлауыма әсерін тигізді.
Қорытындылай келе, ой тұжырымым – оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер мұғалімнің әдістемелік жұмысының нәтижелі болуына әсер етсе, оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырып, пәндік білімдерін дамытуға, жүйелеуге, өзін сабақта еркін сезінуге, пікірін айтуға, шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуына зор мүмкіндік береді. Мен осы тәжірибемдегі төрт сабақта дәстүрлі сабақтың шектеулі қамалын бұздым деп ойлаймын, себебі оқытудағы жаңа тәсілдер менің сабақтарымдағы өзімнің және оқушы әрекеттерінің нәтижелілігінде үлкен айырмашылықтарды көрсетті.

Әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
2. Сыни ойлауды дамыту әрекетіндегі шығармашылық жұмыстар.

Источник: http://Индира
Категория: Опыт | Добавил: indira_4779 (2017-01-13) | Автор: ИНДИРА E
Просмотров: 1060 | Комментарии: 1 | Теги: оқушы дамуы, жаңа әдіс-тәсілдер, Сындарлы оқыту | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 3:24 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru