Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Научная кафедра

Туристік сұранысқа әсер етуші факторлар
Туристік сұраныс - динамикалық категория. Туристік қажеттіліктер, яғни, сұраныс қоғамның дамуымен бірге өзгеріп тұрады. Кейбіреулері мүлдем жойылады, ескілері түрін өзгертеді, жаңалары пайда болады. Олардың шеңбері үнемі кеңейіп отырады, ал қажеттілік ұлғая түседі. Соғыстан кейінгі уақытта туристік қызметтерді қолдануда саны мен сапасы жағынан едәуір ілгері жылжу болды, яғни ғылым мен техниканың алға басуы мен саяси, әлеуметтік және экономикалық сферадағы өзгерістердің әсері тиді. Ол халықтың жалпы қозғалысынан көрініс тауып, туризмді қазіргі кейпіне жеткізді.
Туристік қозғалыс жылдам, бірақ біркелкісіз дамыды. Кейбір жылдары саяси шиеленістердің үлғаюы немесе экономикалық конъюктураның нашарлағандығынан, халықаралық туризмнің төмендегені байқалды.
Туристік сұраныс көптүрлі және кешенді түрде болады. Саяхат кезінде, турист өзіне көрсетілетін әр түрлі қызметтерді пайдаланады - жалпы, арнайы туристік және қосалқы. Ең алдымен, оған тіршілігі үшін қажетті қызметтер керек - үй, тамақ, сонымен қатар көлік. Туристің бүл сұранысыныц жергілікті тұрғындардың сұранысынан айырмашылығы жоқ.
Туристік қозғалысты оятқан басқа бір бөлігі - соған жетелеген мотивтер, таза туристік сұраныс. Демалу ушін, көңіл көтеріп жаңа әсерлер алу үшін адам рекреациялық турға қатысады; кәсіптік ынтасын қанағаттандыру үшін іскерлік сапарға барады және т. б. Көңіл көтеру, көсіптік ынтасын қанағаттандыру, емделу, оқу және басқа да мақсаттармен бару туристік сапардың мотивтері қосымша туристік қызметтерге сұраныс туғызады. Мысалы, пленум мен конгрестерге қатысушылар қосымша туристік қызметке сұраныс жасайды. Олар конгрестен кейінгі турларға баруға тілек білдіреді, көрмеге немесе концертке барады, яғни айтқанда кәсіптік іс-әрекетін мәдени танып-білу демалысымен бірлестіреді.
Туристік сұраныстың әртүрлілігі мен кешенділігі жиынды туристік қызметке — турға ұсыныс туғызады.
Туристік сұраныстан икемділік, жоғарыда айтылғаңдай, туристік сұраныс тұтынушының табысына, бос уакыттың ұзақтығына, көрсетілетін қызметтердің және тауардың бағасына және басқа да факторларға байланысты. Сонымен, реттелген төленетін демалыстың енгізілуі жөне жұмыс ақысының көтерілуі туристік кызмет пен тауарларды пайдалануды өсіреді. Демек, туристік сұраныстың икемділігі дегеніміз бір нәрсенің өзгеруімеи басқаны да өзгертетін өлшем реакциясы.
Сұраныстың икемділігі баға жағынан және табыс жағынан болады. Сұраныс бағаның өзгеруіне сезімтал (икемді) немесе өзгермейтін (икемсіз) болады немесе бірлікті икемділік болуы мүмкін.
Баска да тең жағдайларда бір пайызға бағаның өсуі немесе төмендеуі сұраныс көлемінің қандай пайызға өзгеретіндігін баға бойынша сұраныстың икемділігі (БСИ) көрсетеді.
БСИ бірнеше факторларга тәуелді: біріншіден, неғүрлым бәсеке күшті болса, соғұрлым БСИ жоғары болады. Этникалық және іскерлік сапардан гөрі, демалып көңіл көтеру мақсатымен саяхат жасауға сұраныс бағаның өзгеруіне өте сезімтал келеді. Әсіресе туристік "теңіз-күн-жағажай" өнімдердің бағасының езгеруіне сұраныс өзгергіш келеді, яғни айтсақ, бір курортта көрсетілетін қызмет қымбаттаса, адамдар басқа сонымен бәсекедегі арзан курортқа ауысып соған сұранысты күшейтеді. БСИ-ні өзгертетін екінші фактор - уақытша шеңбер, оның ішінде сауда шешімдері кабылданады.
БСИ өзгергіш болып келеді. Әсіресе, ол шетелдік саяхаттарға жатады, ондағы бағалар валютаның курсына байланысты өзгеріп тұрады. Олардың өзгерісі халықаралық туристік сапарлардың географиясына әсерін тигізеді. Туристерді қабылдайтын елдегі валюта курсының көтерілуі шетелдік туристердің сапарын қымбаттатады. Мысалы, XX ғасырдың 20-ші жылдарындағы Испаниядағы песетінің ревальвациясы (өсуі) халықаралық туризмді азайтып жіберді.
Туристік сұраныс көптеген факторлаға байланысты. Оның ішінде мыналар басты орын алады:
 тұтынушының кірісі, оның бос уақытының ұзақтығы
 тауарлар мен қызметтердің бағасы,
 көрсетілген қызметтердің сапасы.
Сондықтан да туристік сұраныс осы факторлардың біреуінің өзгеруіне байланысты өзгеруі мүмкін. Туристік сұраныстың негізгі сипаты белгілі бір жыл мезгіліне сай маусымдық болуы мүмкін, қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан елдерде негізгі туристік маусымдар: жазғы (шілде, тамыз) немесе маусым «пик», қысқы (қоңтар – наурыз айлары), маусымаралық (көкек, маусым, қыркүйек) және «өлі маусым» ( қазан-желтоқсан).
Туристік сұраныс әлеуметтік категория болып табылады. Оған тән белгілер:
 динамизм (қозғалыстағы процесс),
 әр түрлілік
 кешенділік
 уақыт пен кеңістікте бірдей еместігі.
Ол объективті және субъективті сипаттағы әр-түрлі факторлардың әсерінен қалыптасады.
Туризмнің динамикалық дамуы:
• Демографиялық
• табиғи-географиялық
• әлеуметтік-экономикалық
• ғылыми-техникалық факторларға байланысты.
Сонымен қатар тұтынушының яғни туристің талғамы мен қажеттілігіне байланысты ұлттық дәстүрлерге, престижге байланысты субъективті факторлар тобы да көрінеді.
Туристік қызметтерге сұраныстарды анықтайтын факторлар
Туристік тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс көптеген өзгерістерге қатысты болады, олардың кейбіреулері тәуелсіз болып келеді және потенциалды туристтер мен туристік тауар өндірушілер, туристік қызмет көрсетушілер тарапынан бақылаусыз болады, сол кезде олар өзгереді және бір – біріне қатысты болады.
Туризмге деген сұраныс потенциалды және іс жүзіндегі деп екіге бөлінеді. Туристік тауар мен қызмет көрсетуге деген потенциалды сұраныстың көлемі саяхатқа шыққан, ниет білдірген адамдардың санымен анықталады. Іс жүзіндегі сұраныс берілген уақытта іс жүзінде кім саяхатқа шықты және белгіленген орынға кім бағытталды деген сөз. Потенциалды және іс жүзінде сұраныс арасындағы сандық айырмашылық – бұл туризм бойынша маркетологтардың бар күші неге бағытталғанында.
Кез келген тауарға секілді туризмге деген сұраныс та болады. Ол елдегі туризмнің дәрежесін көрсетеді. Осы жоғарыда атап өтілген факторлармен жұмыс атқара, туризм саласын зерттей отыра елдегі туризмге деген сұраныстың көлемін анықтауға болады. Сұраныс артқан сайын елдің әлемдік туристік аренадағы орны басым болады.
Туристік қызметті ұйымдастырған кезде оның дамуын анықтайтын факторлардың алуан түрлілігін ескеру қажет. Әр ел осы факторларды талдау негізінде өзінің туризмді дамыту стратегиясын жасауы керек сонда ғана әрбір ел ерекше қайталанбайтын факторлар үйлесіміне ие болады.
Әр түрлі кезеңде халықаралық туризмнің дамуын анықтайтын табиғи-рекреациялық және тарихи-мәдени факторлар болды. 1950 жж. халықаралық туризмнің қалыптасуы мен оның дамуында орташа кластағы өсімдер, кірістер, халықтың өмір сүру деңгейі және сапасы, жұмыс аптасының қысқаруы және еңбек демалыстарының ұзаруымен байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық фактордың рөлі жоғарылады. Қазіргі кезеңде халықаралық туризм дамуындағы факторлар саяси, медициналық-санитарлық, эпидемиологиялық және санитарлық-гигиеналық тұрғыдан алғанда, адамды қоршаған орта жағдайын сипаттайтын факторлармен толығып келеді.
Болашақта туристік қызметтегі инновациялық технологиялардың кең таралуымен байланысты халықаралық туризм дамуының жаңа факторлары пайда болуы мүмкін.
Туризмдегі маркетинг үшін сұранысты ынталандыру басты міндет болып келеді. Туристік қызметке сұраныс әрқашанда өсу үстінде, туризм индустриясы басқа салаларға қарағанда экономикалық конъюктураның өзгерісіне байланысты болады. Туристік маркетинг үшін «сұранысты қажетті жерге бағыттау» міндеті маңызды болып табылады.
Категория: Научная кафедра | Добавил: kbazargali (2016-05-09) | Автор: Кадиргалиев Базаргали Абугалиевич
Просмотров: 1594 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 8:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru