Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

Ойын арқылы баланың танымдық қабілеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ««Қазақстан 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек,- дей келе,... Қазақстан бүкіл әлемдегі сияқты мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек,- деп атап көрсеткен. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай жастардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, ол үшін білім беру, оқыту технологиясын үнемі жетілдіріп отыру – өмір талабы. Ал білім баспалдағы балабақшадан бастау алатындығын ескерсек, ол жерде балаға білім берудегі, баланың біліктілік дағдыларын, таным қабілеттерін қалыптастырудағы басты құрал - ойын технологиясы екенін естен шығармағанымыз абзал.
Шағын орталық қабырғасында баланың көп уақытын ойынмен өткізетіні белгілі. Ойын – бала өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің алғы шарты. Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Халқымыздың ұлы ойшыл - ақыны Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»,- деп айтқандай ойын бала өмірінде айрықша орын алады. Сәбидің өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық таным – дағдылары осы ойын үстінде қалыптасады.

К. Ушинский: « Ойын - балалардың өз бетімен ерікті атқаратын іс - әрекеті, ойын арқылы адамның жан дүниесінің барлық қырлары, жүректілігі, ерік - жігері қалыптасады»,- деген ой айтады. Ойынның, әсіресе балалардың психологиясына тигізетін әсері көп, ойын кезінде балалардың ортамен қарым – қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез – құлқы қалыптасады, ойынның сан алуандылығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулиды

Ойын арқылы баланың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығы өзгереді, таным белсенділіктері қалыптасып, ақыл – ой процесі өсіп – жетіледі, түрлі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір – біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, достық, жолдастық, бауырмалдық, ортаны сыйлау сезімдеріне тәрбиелеуге болады. «Адам өркениетті болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар еді», - деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой – дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей байланысты екенін атап көрсеткен.

Д. Эльконин бала психикасының дамуында ойынды «жетекші іс – әрекет» сөз тіркесімен сипаттайды. Д. Эльконин еңбектері балалар ойынының әлеуметтік табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіреді, ол ойынды ересектердің қоғамдық өмірін бейнелеу деп анықтайды «Ойын – мінез – құлықтың ырғақты дамуының алғашқы баспалдағы - мектебі», - дейді бала психологы Д. Б. Эльконин. Егер баланы жай кезде тік тұрғызып қойсаңыз, ол 2 - 3 минут та тұрмайды, ал егер ойын үстінде айтсаңыз, тіпті ол бір кертартпа, қыңыр баланың өзі болса да тік тұрып қалады, бұл – ойынның өз мақсатына жету деңгейі. Л. С. Выготскийдің пікірінше, ойын, мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының дамуына ықпал етудегі жетекші құбылыс.

Ойын кезінде жан – жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңінде ойын әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады. Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл - ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу – танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші.

Ойынның дамуы бала психикасының үдемелі өзгеруіне ықпал жасайды. Ойында психикалық үрдістер (таным процестері): қабылдау, зейін, ес, сөйлеу, қиял, ойлау қалыптасады, танымдық қызығушылығы артады – бұл баланың ой - өрісін кеңейту қажеттігін туғызады. Бала бойында қалыптасқан танымдық процестерді біртіндеп дамыту мақсатында ойын түрлерін де біртіндеп күрделендіріп, балаға байқатпай көздеген мақсатқа бұрып отыру арқылы біз өзіміздің түпкі мақсатымызға жетеміз – ол – балада ойын әрекеті арқылы қалыптасып келе жатқан психикалық үрдістерді біртіндеп дамытып отыру. Ол үшін мен баланың таным процестерін қалыптастырып, дамытуға арналған әдістемелік ойындарға сәйкестендіріп топтағы әр балаға жеке – жеке Танымдық қабілеттерінің даму картасын жасадым. Жыл бойы әр психологиялық үрдіс бойынша жүргізілген ойын нәтижесін бағалап, даму деңгейі туралы қорытынды бағаны түсіріп отырамын.

Мысалға, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын дамыту мақсатындағы ойындар «Бұл не? Қалай аталады?» әдістемелік ойынын өткізу үшін әр түрлі суретті 25 - 30 карточка дайындап, балаға жеке - жеке көрсетіп, суреттің атауын сұраймын. Бала ойынға белсене араласып, жарыса жауап беріп жатады – менің «жасырын көздеген мақсатым» да осы, яғни баланы сөйлету, сөздік қорын дамыту. Нәтижесі картаға түсіріледі. Келесіде жоспар бойынша одан күрделірек ойын: «Сурет бойынша әңгіме құрастырайық», «Жалғастыр» Әр ойын – тапсырманың нәтижесі балл түрінде картаға түсіріліп отырылады. Сол сияқты баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға қатты көңіл бөлемін. К. Ушинский: «логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

Сондай - ақ, кімде – кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс,», - деп атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты ойлау қабілетін арттыруға арналған «Сен білесің бе?», «Бұл қай кезде болады?», «Суреттерді аяқтайық»ойындары, Зейінді қалыптастырып, дамытуға арналған «Не өзгерді?», «Түймелер», «Жұпты суреттер» ойыны, Қабылдау қабілетін дамытуға арналған «Пирамидалар, жинағыштар, таяқшалар,» «Кубиктер», «Таңғажайып дорба,», Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған «Суреттерді есіңде сақта,» «Түрлі - түсті доптар,» «Көлеңке», бала қиялын дамытуға арналған «Гүл», «Алып бер», «Аяз Атаның үйі» ойындары бойынша әдістемелік ойын сабақтарын ойната отырып баланың оқу жылының бастапқы, орта және қорытушы кезеңдеріндегі танымдық қабілеттерінің қалыптасу барысына диагностика жүргіземін.

Жыл соңында әр топтағы балалардың таным қабілеттерінің дамуына жүргізілген диагностикалық жұмыс нәтижесінің қорытындысы шығарылып, ортақ балы есептеледі, мониторинг жасалынады. 2 - 3 жылғы мониторинг қорытындысын салыстыра отырып, баланың психологиялық танымдық тұрғыда даму деңгейі анықталады, және ол мониторинг көшірмесі баланың болашақ сынып жетекшісіне беріліп, ол баламен ары қарай жұмыс жүргізу деңгейі қарастырылады, яғни балабақша мен мектептің үздіксіз байланысы жүзеге асады.

Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, ойын – баланы зерттеудің басты диагностикасы. Ойын баланың интеллектуалдық мүмкіндігіне, мінездерінің ерекшеліктеріне, бір – бірімен қарым – қатынасының сапасына ықпал етеді. Кез – келген ойын барысында ойынды бас таушы, қостаушы, ойынды өздігінен қалаған арнасына бұруға әрекет етуші (лидер) айқын көрініп отырады. Ойын барысында баланың осы әрекеттерін бақылай отырып педагог – психолог бала жайлы өзіне қажетті мағлұматтарды жинақтайды. Сонымен қатар ойын кезінде баланы дамытудың жаңа биік кезеңін дайындайтын нақты психикалық өзгерістер болады. Ойын барысында баланың қиялы толығымен көрінеді.

Әйгілі психолог А. Н. Леонтьевтің айтуынша, «Ойын – іс – әрекеттегі әдептілікке үйрету мектебі» болып табылады. Мысалы, балаға «әдептілік» пен «әдепсіздік», «жақсы» мен «жаманның» не екенін қанша түсіндірсең де түсінбейді, ал егер ертегі не ойынды пайдалансақ, ертегіні тыңдай отырып не ойын барысында кейіпкер рөліне еніп, эмоционалдық жай - күйін сезініп, соған бала үйренеді, әрі түсініп алады. Мысалы, «Адасу» ойыны. «Қане, балалар, көзімізді жұмайық. Біз қазір саяхатқа шығамыз.(баяу музыка үні) Біз ну орман ішінде жүріп келеміз. Ой, біз бағыттан адасқан сияқтымыз, енді не қылсақ екен? Біреу келе жатқан тәрізді., ой, мынау орманшы ағай ғой, жол сұрауымыз қажет. Не дейміз, сөзді неден бастаймыз?» (Саламатсыз ба? Кешіріңіз, айтып жібермейсіз бе? Рахмет! Сау болыңыз!) міне, бір ойын барысында бала өміріне азық қанша әдептілік сөздерін үйренді. Немесе, «Сыйқырлы сөздер» ойыны – ойын барысында психолог кез - келген өтінішті айтады, бала оны әдепті түрде айтуы керек. «Инабат, ойыншықты бер» - «Инабат, өтінемін, ойыншықты берші». т. б.
Негізінен, сюжеттік - рөлдік ойындар – мектеп жасына дейінгі баланың әрекет түрінің бастысы. Бұл ойын бала бойында жылы қарым – қатынас, әдептілік ережелерінің тәрбиеленуіне, мәдениетінің толығуына ықпал етеді. Ойын балаға қиялындағы мүмкіндіктерді байқауға жағдай жасайды, ол рөл арқылы біреуге ұқсағысы келеді. Ұқсай отырып, жаңа нұсқада бейне жасап, олармен іштей әрекет ету және қиялдау мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуындағы жаңа бір басты құрылымы болып табылады.

С. Торайғыров «Баланың қанына ойын азық»,- деп бекер айтпаған. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным – түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғынады, бір – бірінен ептілікті үйренеді, дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады, психологиялық таным қабілеттерін арттырады, біліктілік дағдыларын кеңейтеді. Ойынды тек баланы алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез – құлқының қалыптасу құралы деп қарап, тиімді пайдаланғанымыз жөн.

Қорыта келгенде, ойын:
1. Әр түрлі жастағы балаларды өз еркімен дамыту әрекетінің түрі;
2. Бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айналаны қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, өзін – өзі тануы, өзін – өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.
3. Даму тәжірибесі, бала ойын үстінде дамиды, даму үшін ойнайды.
4. Балалар қарым – қатынасының негізгі ортасы, ойын барысында құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым – қатынас қалыптасады.
Категория: Воспитание души | Добавил: nurshashzu (2016-10-13) | Автор: Жүнісова Нұршаш Құсманқызы E
Просмотров: 3304 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 5:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru