Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

Салт – дәстүр сабақтастығы - тәрбие негізі.
Бала тәрбиесі адамды қалыптастырудағы алғашқы баспалдақ. Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңірудің маңызы зор. Ақынжанды, ақ жарқын, шешен, өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ережелері, рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиеттерге де ие болады.
Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт –дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе, жан азығына басым көңіл бөлген халқымыз өміртануды насихаттап, оның философиялық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамгершілік қасиеті жойылып, оның айуанға айналатынын ерте ұғынған халқымыз жан азығын ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруден бастайды, содан соң жас балдырған жеке сөздерді ұғына бастағанда-ақ, оған жақсы мен жаманды ажыратып, түсіндіреді. Ол үшін тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал – мәтел үйретіп, баланың тілін ширатып, ойын дамытады. «Тәрбие отбасынан басталады » десек те күйбең тіршілікпен жүріп, баланың әрекетін, қылықтарын қадағалап, бағыт-бағдар беруге көңіл кейде аз бөлінеді.Отбасы – ошақтың үш тағаны сияқты үш тіреуден тұрады. Олар: әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі- отбасының берекесі.Балаға ең басты керегі – ата-ана жылуы, түсіністігі мен қолдауы.
Мектеп қабырғасындағы өткізіліп жатқан іс-шараларда имандылықтың, адамгершіліктің, үлкенді сыйлаудың аумағында жүргізіліп, ол тақырыптың негізгі өзегі болып жатады.Ұстаздар балаларға ата -салтымыздың сан түрлі қырларын ашып көрсетуден жалыққан емес. Мысалы: өзім «Адамгершлік – асыл қасиет», «Адам-әдебімен көрікті», «Атадан қалған асыл сөз», «Тәуелсіздік-ел тірегі!», «Менің Елім», «Құтты болсын Жаңа жыл», «Түлек» кеші атты тақырыптарында іс-шаралар өткізіп, қызықты көрініс қойып, балалардың бойынан имандылық пен адамгершілік қасиеттерінің көрінуіне ықпал еттім.
Адам үшін нағыз қасірет – тұрмыстық жоқшылық емес, рухани жан дүниесінің азуы.Оны түзеу,қалыпқа салу, түптеп келгенде, тәрбиеге тіреледі.
«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деуде үлкен мән-мағына жатуы да сондықтан. Ал, барша тәрбиенің тоғысар арнасы,бастау көз
і – имандылық.Жүрегіне имандылық ұялаған жан қылмыстан да, қатыгездіктен де, дұрыс емес өмір жолына түсуден де алыстап, тілін, дінін, ұлт, ел мүддесін пір тұтатын азамат боларына сенім зор.Сананы тұрмыс, ақша, байлық емес, адамдық парыз билеуі тиіс.Оған барар жол-ұлттық тәрбие, оның берер жемісі - имандылық.
Кісілік келбетіміз - мейірімділік , ынтымақ , қайрымдылық сияқты қасиетімізді, салт-дәстүр сабақтастығымен ұштастыра жүргізіп, тәрбиенің қайнар көзіне айналдырса елдігіміз артып, халқымыздың қанына сіңген қасиет күшейе түсетіндігі сөзсіз.
Категория: Воспитание души | Добавил: nurzat_1977 (2017-02-02) | Автор: Нурзат E
Просмотров: 684 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 6:48 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru