Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Воспитание души

Балатану баспалдақтары (жалғасы)
Балатану баспалдақтары
(жалғасы)
Бала жасының бүгінгі дәуірдегі жіктелуін қарастырайық. Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялық фактордың рөлін айрықша көрсетеді1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін); 6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін); 7.Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін)
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек.Өйткені, адам жасының табиғи негізі-жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін ескеру қажет.
Мектептегі оқыту баланың бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі-оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға, санауға оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ, өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді.Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым- қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады.Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді.Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардық өмірі туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады.Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі -олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді. Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті -оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан,сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп,сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек.Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп,оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық жұмыстарға байла-нысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау, өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудың қажет екендігін түсіндіру арқылы,мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді.Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды жиі қолдану пайдалы.Олар арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу.Осы ерекшеліктерді оқу тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет.Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе-баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы.Ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек.Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.Мектептің ең негізгі міндеті-балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы-ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу.
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі. Караковский В.А. О подростках. (М.: Педагогика, 1970.)Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл-ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуіОлар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы «енді бала емеспін, ересекпін»-деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осылай деп қарауын тілейді. Жыныстық толысу тез жүреді:
— қыздарда — 11-13 жас;
— ер балаларда — 13-15 жас.Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық аппараттың қайта,құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондыктан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керекЖеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды. Жеткіншектік шақ-болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатынын, үнемі қаперде ұстауымыз қажет.Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар отбасында, мектепте еңбекке араласады, күнделікті өмірді бақылайды,ой-өрісі кеңиді.Жеткіншектік шақтан жасөспірімдік шаққа.өту басталады ол әрине тым жеңіл болмайды.Бұл жастағы бала өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін, намысқор келет»нін, үлкендер бақылауын, әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардың істерімен масаттанады. Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі керекЖеткіншіктер қоғамға пайдалы істерге ықыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдер көруге ынталы, спортты ұнатады.Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының мәнін, сезімдерін ашып, өз сенімдерінің дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді.Саз әуені-адам сезімінің әміршісі, толқу үстіндегі адамға түсінікті,сондықтан сазға баса көңіл бөлу жеткіншектің тәрбиесіне көмектеседі. Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идеал -баланың іс-әрекетте жетістікке жетуіне жағдай жасау жөн..Баламен жеке жұмыс жүргізу, әдептілік сақтап, педагогикалық шыдамдылық, ұстамдылық көрсету жеткіншектің қалып-тасуына тікелей ықпал етеді. Дұрыс тамақтанып, таза ауада жиі болу, көп қозғалу (ойын, дене жаттығулары, спортпен айналысу) дене тәрбиесіне көмектеседі..Шамадан тыс жұмыс жалпы дамуын тежейдіДене тәрбиесі және спортпен айналысу зейіннің дамуына әсер етіп,
оның көлемін көбейтеді, зейіннің бір нерседен екіншіге бөлінуіне әсер етеді.Тәрбиешінің міндеті-еңбек, спорт іс-әрекет арқылы жеткіншектің ерік-жігер, сапаларын қалыптастыру.болғандықтан,мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналаролардың мақсатқа жетудегі сенімділігін тәрбиелеп, жетістігін атап көрсетіп,қауіп-қатерден сақтандырып, дер кезінде көмекке келіп, жеткіншекті өз кемшіліктерінің себептерін түсіндіруорынды.. Жеткіншектердің қалыптасуында жолдастарының қоғамдық пікірі үлкен рөл атқарады. Мораль мәселелерін талдау және адамгершілік тақырыбындағы пікір сайыстардың әсерінен өмірдің мәні, өз болашағы,мамандығы туралы, өз беделі туралы ойланатын-дықтан, мұғалім бұл мәселелерді шешуге пәрменді түрде көмектесіп, күнделікті іс-қылықтардың адамгершілік мәнін ашуғатүрткі боладыЖеткіншектермен өзара әрекеттің негізгі тәсілдері: онымен бірге іс-қылықтарды,оқиғаларды талдау, баға бергізу, өзін-өзі талдауға, өз мінез-құлқын басқаруға үйрету..Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдай туындауы; ә) мектептегі қиындық пен сәтсіздік;б) тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату.Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы-барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы,ең маңызды қоғамдық факторы.Демек, баланың мінез- құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер ететіндіктен оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік, оқу жүйесіндегі сәтсіздік-ауытқымалы мінез-құлықтың қайнар көзі.Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда боладыОсы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады.Девиантты мінез-құлықты жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилактикалық іс-шаралар-тұлғаға әсер ету, әлеуметтік педагогикалық түзету іс-шаралары,кері әсерлі ортаны сауықтыру. Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстың әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады.Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивттілік адамдарды аяу сезімінің жоқтығынан «айуандық» бағытқа бейімделу нәтижесінде өзін қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұл жағдай тұлға аралық, топ аралық кикілжіңге өршігіп кетуі мүмкін. Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивтілік ішімдікпен, нашақорлықпен тікелей байланысты.Кейде жеткіншектер ішімдік ішкен кезде өзінің еңбегін (бұзақылық, төбелес, сәтті аяқталған оқиғаларын) атап өтеді. Жеткіншектің тәртібі агрессивті күйде болса, олар «қиын» балалар қатарына жатады. Кейбір мектеп мұғалімдерінің қиын балалармен жұмысы сынып алдында жүйке жұқартатын әңгіме, жазалау, т.б. түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермейді, керісінше қиын жеткіншектердің мұғалімге, мектепке кектенуі күшейіп, қарсы келуіне әкеледі. Мұғалімдер қиын жеткіншектермен тіл табыса алса, олар өзіне көңіл мен қолдау көрсеткенді қажетсініп тұратындықтан, тәрбиеші осы кезде көмек қолын созу керек. Әрі көмек қолын да соза алады.Жасөспірімнің тағы бір ерекшеліктері эмоционалдық тұрақ-сыздық.Ұлдардың эмоционалдық тұрақсыздықтың шарықтау шегі 11-12 жасқа, ал қыздар 13-15 жасқа келеді. Әрине үлкен жасөспірім шақ кезінде баланың көңіл күйі, психологиялық реакциясы тұрақтайды, сонда да кей жағдайда тұрақсыздық көрінеді. Осы кезде жасөспірім өз-өзін тануға, өзін тәрбиелеуге, өмірді танып білуге, өзінің өмірлік компетенциясын жоғарлатуға дайын. Сондықтан мектеп тарапынан психолог, мұғалім және тәрбие жетекшісі әртүрлі бағдарламалар құрастырып, жасөспіріммен түрлі жұмыстардыжүзеге асыруы қажет..Өйткені көбінесе жасөспірім стресс жағдайда, көңіл күйінің тез өзгеруіне байланысты және ашу-ыза басым болуы-мүмкін.Осы шақта. ата-ана қарым қатынасын құрбылардың қарым қатынасына ауыстырасалуы мүмкін.. Осы кезде үйден кетіп қалу, қаңғыбастық, мектепке келмеу, оқудан қашу, өтірік айту, агрессиялық тәртіп жиі кездеседі. Осының барлығы жасөспірімнің іштей ізденуіне, физиологиялық және психологиялық қалыптасуының өзгерістеріне байланысты. Міне осы кезде ата-аналар суицидтік дертке байланысты аса сақ болып, балаларына көп көңіл бөлуі қажет.Суицидтің себептері: 1.Отбасынан;:2.Достарынан;3Түңілуден.Балалардағы әр жастың өзінше жақсы жақтары, қиындықтары мен ерекшеліктері бар. Сондықтан да жасөспірім шақтың өзіндік ерекшелігі- бұл ең ұзақ және баланың физиологиялық өзгерістерге ұшырайтын кезең. Жасөспірім шақ-қыздар арасында 10-12 жастан 15-16 жасқа ал ұлдар арасында 12-14 жастан 17-18 жасқа дейін жалғасатындықтан балалардың бейімділігін және қабілетін, мінез-құлқы мен темпераментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуына, қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етуі қажет. Баланың тез дамуына байланысты бүкіл ағзаның органдары және құрамдары физиологиялық және психологиялық өзгерістерге тап болады. Жасөспірімнің өз авто-номиясына күрес ашып, яғни, «мен үлкенмін» деп өзімен санасқанды қалайды. Өз құқықтарын айтып, ата-ананың бақылауынан шығуға қажет етуі және де осы кезеңде өзіндік-жеке қарым-қатынас негізгі қажеттілікке айналады. Қойылатын талаптардың көбі қарсылық реакциясына әкеледі, өйткені жасөспірім өзін үлкенмін деп сезінгенімен, қиындықтардан қашады, өзбетімен кедергілерді сәтті жеңіп шығуға шамасы жетпей қалатын кез болады.Нақтылы қолдау,айтулы ақыл-кеңес,үлгілі өнеге дәл сол сәтте өте қажет.Осы шақта қазақтың «Кісілік кеңес» атты сабағының маңызы өте зор.Оны үнемі өткізіп тұру,олармен әке-шеше ретінде,ата-әже ретінде,нағашы-бөле ретінде жан тартып кеңесу таптырмайтын тәрбие сағаты болады. .
.: Жасөспірім шақ (15-17 жас) (Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар.) Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері-мамандық таңдау,еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, өмірге әзірлену.Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді. Адамның жалпы ақыл-ой қабіл-еті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді.Жасөспірімдік шақ-жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән. Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады.Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттыр-ады.Оларға іс-әрекетті өз бетінше орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек.Бұл кезеңде сезім, достық қарым-қатынастар дамиды.Мысалы: ғашықтық, өзара сенім, қайырымдылық,бірін-бірі сыйлау, көмек көр-сету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау,жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмек-тесу.Бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі өзгерістер пайда болады. Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады
Біздің мақсатымыз,адамтану қазақ ілімі мен бүгінгі педагогикадағы балатану баспалдақтарын салыстыра отырып бірінде бар артықшылық арқылы,екіншісіндегі кемістікті арылту,жаңа жағдайда толықтыру болғандықтан мынандай қортынды жасай Бірінші.Адамтану қазақ ілімінде баланың даму,өсу әр кезеңіне мұқият бақылау жасап, өзгерістерді жіті қадағалап,күтіп бағу, тәрбиелеп жетілдіру тәсілін үнемі өзгертіп, жаңалаған.Оларға сол өзгеріс пен дамуға сай ат беріп, тәрбие нәтижесі осы кезеңде игерілуге тиіс мащық,дағдысын көрсетіп тұрма?,жоқ па?- дегенге қорытынды жасап, «емтихан алып» белгілеп отырған .
Екінші.Көзіргі педагогика мен психологияда жас жеткіншектер мен жасөспірімдердің жеке бас ерекшеліктерін айқындау, онымен санасу жағдаяттары жақсы қарастырылып, терең талданған.Міне осыларды бүгінгі таңда өзара ұштастырып үйлесімді пайдалану қажет. Баланы өмір сүруге үйрететін сол өмірдің өзі.Өмір мектебі-дегеніміздің өзі осы ғоемес пе?
*Егер баланы үнемі сынға алса, ол жек көруді үйренеді.
*Егер бала араздық ортасында өссе, ол агрессияға үйренеді.
* Егер де баланы мұқатса, ол тұйық болады.
*Егер де бала жазғыру жағдайында өссе, кінә сезімімен өмір сүруге үйренеді.
* Егер де бала шыдамдылық ортасында өссе, ол басқаларды қабылдауға үйренеді.
*Егер баланы жиі көтермелесе, ол өзіне сенуге үйренеді.
*Егер баланы жиі мақтаса, ол қайырымды болуға үйренеді.
*Егер бала адалдықта өмір сүрсе, әділ болуға үйренеді.
*Егер бала әлемге деген сенімде өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді.
* Егер бала аялаумен өссе, ол әлемде махаббатты табады.

Әдебиеттер:
1.Ана мектебі Қарағанды 2014
2.Әулет мектебі Астана 2015
3.Тә»рбиелеу қазақ ілімі Қарағаннды 2017
4 .Адамтану қазақ ілімі Қарағанды 2017

Қобдабай Қабдыразақұлы(ғалым-жазушы)
Күннұр Қайратқызы (Теміртау қаласы №8 мектеп мұғалімі)
23 тамыз 2017
Категория: Воспитание души | Добавил: superchabdrazahk2017 (2017-09-04) | Автор: Қобдабай Қабдыразақұлы E
Просмотров: 757 | Теги: тану, ілімі, Қазақ, Адам | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 6:11 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru