Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс

Ю.А. Конаржевский бойынша сабақтың өзіндік талдауы
Ю.А. Конаржевский бойынша сабақтың өзіндік талдауы
Өткізген: қазақ тілі
мұғалімі Сагинтаева К.С.
№23ЖББОМ
Қарағанды қаласы

24.09.2014 ж. 6б сыныбы.
Сабаққа 12 оқушы қатысты.
Сабақтың тақырыбы: менің достарым
Мақсаты: мемлекеттік тілді оқып – үйренуге жағдай жасау.
Міндеттері:
Білімділік: «Менің достарым» тақырыбында әңгімелей отырып, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім әрекеттерін қалыптастыру, қосымша материалдар беру арқылы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілік: тілді үйренуге тырысу қабілетін және ұжымшылдық қабілетін тәрбиелеу. Шынайы достық туралы, шын дос бола білу қасиетті іс екенін айту.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілінде сөйлеу қабілетін берілген тақырыпта сөйлей білуді, диалогтік сөйлеуді дамыту.
Оқыту нәтижесі: «Менің достарым» тақырыбында бірнеше сөйлем айта алу (қабілеті жоғары балалар әңгімелей алуы), бұрын өткен материалдар қайталау ретінде септік жалғауларын ажырата алу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: слайдтар, презентация, карточка

I. Ұйымдастыру кезеңі.
Кезеңнің мақсаты: оқушыларды сабаққа дайындау.
Қолданылған әдіс- тәсіл: сұқбаттасу.
Нәтижесі: сәлемдесу, оқушыны түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру оқушының өзге тілде іс-әрекет жасауына дайын екендігін қамтамасыз етті.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Отбасы туралы әңгімелеу, отбасы туралы мақал – мәтелдер айту.
Лексикалық минут фронтальды сұрау – мәтіндегі жаңа сөздер, берілген сөздердің септік жалғауларын табу.
Кезеңнің мақсаты: барлық оқушының үй тапсырмасын дұрыс және саналы орындағандығын анықтау.
Қолданылған әдіс- тәсіл: фронтальды сұрау.
Нәтижесі: баланың назарын аудару, белсенділігін көтеру.
Жеке жұмыс – отбасы туралы үйге берілген мәтінді, мақал- мәтелдерді сұрау.
Кезеңнің мақсаты: берілген тақырыпта сөйлей білу
Қолданылған әдіс- тәсіл: жекелеген оқушылардан сұрау.
Нәтижесі: үй тапсырмасын тексеру барысында оқу-зияткерлік икемділіктерін, пәндік білік, дағдыларын түзетіп отыру.
Қорытынды: үй тапсырмасын оқушылардың көпшілігінің орындап келгенін анықтау жағымды нәтижені қамтамасыз етті.
III. Жаңа материалды меңгертуге оқушыларды белсенді және саналы түрде дайындау кезеңі
тақырыбы: «Менің достарым»
Сұрақ:
- Сенің досың кім?
- Сенің досың қандай? (ақылды, мейірімді)
- Досың неше жаста?
- Ол нешінші сыныпта оқиды?
- Дос болу үшін не істеу керек? (бірін-бірі жақсы түсіну, көмектесу, оны жақсы көру, сыйлау)
Кезеңнің мақсаты: оқушының танымдық қабілетін ашу мақсатына жету әрекетін ұйымдастыру және бағыттау.
Кезеңнің әдіс-тәсілі: сұқбаттасу
Нәтижесі: сабақтың келесі кезеңдерінде оқушының танымдық іс-әрекетінің белсенділігі, жаңа материалды қабылдау және түсіну тиімділігі, өтіліп отырған материалдың оқушы үшін практикалық маңыздылығын түсінуі.
Қорытынды: сабақтың мақсатын айту, сабақта олардың нені оқып – үйренуі қажеттілігін келісіп шешуді қамтамасыз етті.
IV. Жаңа тақырыпты (білімді) меңгерту кезеңі
1. Сөздікпен жұмыс
Кезеңнің мақсаты: оқушының танымдық қабілетін ашу мақсатына жету әрекетін ұйымдастыру және бағыттау.
Кезеңнің әдіс-тәсілдері: АКТ қолдану, мұғаліммен бірге жаңа сөздерді қайталау, қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс дыбысталуын қадағалау, бір тілден екінші тілге аударуда есте сақтау қабілетін дамыту үшін қайталату, жаңа сөдермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату (үйренген жаңа сөзін практикада қолдана алу)
Нәтижесі: сабақтың келесі кезеңдерінде оқушының танымдық іс-әрекетінің белсенділігі, жаңа материалды қабылдау және түсіну тиімділігі, өтіліп отырған материалдың оқушы үшін практикалық маңыздылығын түсінуі.
2. Мәтінмен жұмыс
Кезеңнің мақсаты: өтілетін материалды оқушыларға беру
Кезеңнің әдіс - тәсілдері: түсіндіру-иллюстрациялық, АКТ қолдану, оқушының мәтінді дауыстап оқуы, мәтін бойынша сұрақ беру, дәптерге мәтін бойынша жоспар құруы
Нәтижесі: сұқбаттасу барысында оқушының өз бетімен жұмыс жасауы
Тиімділік көрсеткіші: өз бетімен жұмыс жасау нәтижесін қорытындылауда оқушылардың белсенді қатысуы, іс-әрекеттері мен жауаптарының дұрыстығы жаңа материалды оқушының түсінгенін, меңгергенін көрсетті.
Қорытынды: материалды меңгеруі, оқушының оқулықпен өз бетімен жұмыс істей алуы, мәтінге жоспар құруы, сөздікпен жұмыс жасауы жағымды нәтиже берді.
V. Сергіту сәті. Сабақтың келесі кезеңіне жағымды мотив, эмоция береді.
VI. Оқушының жаңа материалды түсінгенін тексеру кезеңі.
Топтық жұмыс. Мәтін бойынша сұрақ – жауап
Кезеңнің мақсаты: жаңа материал мазмұнын оқушылардың саналы түсінгенін анықтау.
Кезеңнің әдіс-тәсілі: диалог
Нәтижесі: сынып жауап беріп баға алуға тартылады, сонымен қатар жаңа материалды түсінуде қиын тұстарын тағы да қайталатуға жағдай жасау, бұл жерде негізгі өлшем орташа және төмен үлгерімді деңгейдегі оқушыға баса назар аудару.
Қорытынды: оқушының ойлау қабілетін дамытатын сұрақтардың дұрыс қойылуы жағымды нәтиже деп есептеледі.
VII. Бекіту кезеңі.
Жұптық жұмыс
Тапсырмасы берілген карточкалар таратылады.
1-тапсырма. Мына сөйлемдерді дұрыс құр.
Менің, жақсы, досым, екі, бар.
Үшеуіміз де, оқимыз, сыныпта, бір.
Бос уақытымызды, көңілді, өткіземіз, үшеуіміз.

2- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қой.
Бос уақытымыз ... үшеуіміз көңілді өткіземіз. Достарым ... аты – Мақсат және Абзал. Мақсат ... бойы орта бойлы, көзі қара, шашы қара, мінезі шапшаң, ал Абзал ... көзі қоңыр, бойы ұзын, шашы қара, мінезі жұмсақ.
Кезеңнің мақсаты: жаңа материал бойынша оқушының өз бетімен орындайтын жұмыс үшін қажетті білім, білік, дағдысын бекіту.
Кезеңнің әдіс - тәсілі: білімді тексеру және бір – бірін тексеру (үлгі бойынша, жауап кілт таратылады, бірін – бірі бағалайды).
Нәтижесі: оқушының белсенділігі және бұрын өтілген ереже мен ұғымдарды практикада қолдана алуы.
Қорытынды: бұрын өтілген ереже мен ұғымдарды практикада қолдана алуы жағымды нәтижені қамтамасыз етті.
VIII. Үй тапсырмасын беру және оны орындаудың нұсқауын беру кезеңі.
Үйге: орташа және қабілеті төмен оқушылар үшін сөздікті жаттау, мәтінді мазмұндау.
Қабілеті жоғары оқушылар үшін өзінің досы туралы әңгімелеу.
Кезеңнің әдіс-тәсілі: түсіндеру
Нәтижесі: барлық оқушының үй тапсырмасын дұрыс орындап келуі.
Қорытынды: үй тапсырмасын қалай орындау керектігі жөнінде қысқа түрде нұсқау жасай білу жағымды нәтиже көрсетті, үй тапсырмасы дифференциалданып берілді.
IX. Қорытынды. Бұл кезеңнің мақсаты – оқушылардың бағалау дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың негізгі коммуникативтік мақсаты — коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыра отырып оқу-коммуникативтік біліктіліктерін дамыту (сұрақ қоя білу, өз көзқарасын түсіндіру және дәлелдей білу, жұпта әрекет ету).
Сабақтың мақсаты, тақырыбы, әдістері оқушылардың жас ерекшеліктеріне, олардың шығармашылық және танымдық мүмкіндіктеріне сай.
Түрлі жұмыс формалары ұсынылды: фронталдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс.
Келесі оқу құралдары пайдаланылды: оқытудың техникалық құралы - АКТ, карточка
Берілген сабақ бағдарламалық талаптарға сай.
Сабақты құрғанда, сөйлеу іс әрекетінің барлық түрлерін оқытудағы кешендік қағида есепке алынған. Оқу материалы жазылымда да, тыңдалымда да, сөйлесімде де жинақталады.
Топтық жұмыста оқушылардың психологиялық ерекшеліктері ескерілді: белсенділігі төмен оқушылар белсенділігі жоғары оқушылармен жұмыс істеді.
Сабақта оқушылар арасындағы, мұғалім мен оқушылар арасындағы байланыс үшін жағымды эмоционалды жағдай жасалған.
Сабақтың логикасы, тұтастығы, мақсаттылығы сақталған.
Сабақ тиімді болып саналады, өйткені оқушылардың қабылдауына сабақтың динамикасы, интерактивті элементтер мен оқу материалын берудегі түрлі әдістердің қолдануы әсер етті.
Жаңа материалды оқушының 60% меңгерді.
«5» - 3 оқушыға қойылды.
«4» - 4 оқушыға қойылды (септік жалғауларынан қате жіберген)
«3» - 4 оқушыға қойылды (сұрақ қойып, оған жауап беруде және кейбір жалғау түрлерін ажыратуда қателік бар).
Сабақ өз мақсатына жетті.

6б сыныбы
Мұғалім: Сагинтаева К.С.
Өткізілген күні: 24.09.2014ж.
Сабақтың тақырыбы: менің достарым
Мақсаты: мемлекеттік тілді оқып-үйренуге жағдай жасау.
Білімділік: «Менің достарым» тақырыбында әңгімелей отырып, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім әрекеттерін қалыптастыру, қосымша материалдар беру арқылы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелілік: тілді үйренуге тырысу қабілетін және ұжымшылдық қабілетін тәрбиелеу. Шынайы достық туралы, шын дос бола білу қасиетті іс екенін айту.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілінде сөйлеу қабілетін берілген тақырыпта сөйлей білуді, диалогтік сөйлеуді дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекілігі: экран, презентация.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Жаңа сабақ
1. Жаңа материалды меңгертуге оқушыларды белсенді және саналы түрде дайындау
тақырыбы: «Менің достарым»
Сұрақ: - Сенің досың кім?
- Сенің досың қандай? (ақылды, мейірімді)
- Досың неше жаста?
- Ол нешінші сыныпта оқиды?
- Дос болу үшін не істеу керек? (бірін-бірі жақсы түсіну, көмектесу, оны жақсы көру, сыйлау)


2. Сөздікпен жұмыс. (слайд, презентация)
іс – дело мінезі жұмсақ – мягкий характер
жолдастық – дружба мінезі шапшаң – шустрый
қадір – қасиет – уважение қатты сөзге келмеу – не грубить
оқу озаты – отличник учебы
3. Мәтінмен жұмыс (слайд, презентация)

IV. Сергіту сәті
VI. Оқушының жаңа материалды түсінгенін тексеру .
Топтық жұмыс. Мәтін бойынша сұрақ – жауап жұмысы (диалогпен сұқбаттасу)
VII. Бекіту.
Жұптық жұмыс (Тапсырмасы берілген карточкалар таратылады)
1-тапсырма. Мына сөйлемдерді дұрыс құр.
Менің, жақсы, досым, екі, бар.
Үшеуіміз де, оқимыз, сыныпта, бір.
Бос уақытымызды, көңілді, өткіземіз, үшеуіміз.

2- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қой.
Бос уақытымыз ... үшеуіміз көңілді өткіземіз. Достарым ... аты – Мақсат және Абзал. Мақсат ... бойы орта бойлы, көзі қара, шашы қара, мінезі шапшаң, ал Абзал ... көзі қоңыр, бойы ұзын, шашы қара, мінезі жұмсақ.
(Дәптерлерін алмастырып, берілген үлгімен, жауап кілт таратылу арқылы бір-бірін тексеріп бағалайды.).
VIII. Үй тапсырмасын беру және оны орындаудың нұсқауын беру.
Үйге: орташа және қабілеті төмен оқушылар үшін сөздікті жаттау, мәтінді мазмұндау.
Қабілеті жоғары оқушылар үшін өзінің досы туралы әңгімелеу және достық туралы мақал – мәтел жаттау.
Категория: Мастер-класс | Добавил: gylgan (2015-01-15)
Просмотров: 2637 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 7:39 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru