Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мастер-класс

Қазақ тілі сабағында оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру және дамыту.
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сауаттылығын қалыптастыру және дамыту.
( 1 слайд )
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заманның талабы. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын сусындау арқылы туған халқының тарихымен,мәдениетімен жете танысып,білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп,өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Біздің өзекті мәселеміз: жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту.
( 2 слайд )
Біздің ұстанымымыз: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз атап айтқандай,оқушылардың талантын ашу – біздің күн тәртібіміздегі өзекті мәселелердің бірі.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары мақсаты- ҚР мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдістерін анықтап, білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз етуге, білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету басты міндеттерінің бірі болып табылады. Ұлттық жоспарды іске асыру мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша мемлекеттік органдардың, кәсіби қоғамдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналардың қызметі жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сауаттылықтың жаңа деңгейін қалыптастыруға көптеген әлеуметтік факторлар және қазіргі кезеңдегі қоғамдық басылымдықтар: өндірістер мен гуманитарлық процестердің терең технологияландырылуы, даму процесінің жаһандануы, қызметтердің жүйелендірілуі және кәсіпкерленуі, әлеуметті қатынастардың нарықтануы және т.б. әсер етеді. Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзіреттіліктермен анықталады.
Тәуелсіз Қазақстанда орта білімнің дамуына функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы аса зор. Функционалдық сауаттылық – оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қолдану (түрлі құжаттармен жұмыс, банкте сауалнама толтыру, түрлі ақпараттармен танысу), сыртқы ортамен тығыз байланысты орнату және оқушыларды тез әлеуметтенуіне бейімдеу. Оқушылар сыртқы ортада адамдармен, құрбыларымен, жанұясымен қарым-қатынас жасағанда оқу дағдысын қолданады, яғни ақпарат алмасу үшін, ақпарат беру үшін мәтінмен жұмыс жасайды.
Оқу сауаттылығы- оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой- толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі.

PISA және PIRLS зерттеулерінде оқу сауаттылығы жазба мәтіндерді түсіну мен рефлексиялау болып ұйғарылады. Мәтін мазмұнын белгілі бір мақсатта қолдануды игеруін және де оны әлеуметтік ортада белсенді пайдалана алу қабілетін бақылайды. «Сауаттылық» сөзі оқушылардың алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты: құрдастарымен қарым-қатынас жасау, туыстарымен жүздесу, білім алу, қызметке орналасу, ортаға бейімделу.
( 3 слайд )
PISA зерттеулерін оқу сауаттылығы мәтіннен қажет ақпаратты табумен бағаланады:
1. Мәтіннен қажет болатын мейлінше көп ақпарат алу;
2. Мәтіннен ең қажетті ақпаратты табу;
3. Мәтіндегі ақпараттарды жіктеу;
4. Терең мазмұнды ақпаратты табу;
5. Күрделі мәтінді қорытындылау;
6. Мәтіннен ой түю.
Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету. Біз үшін ең басты мәселе- оқыту әдісін дұрыс таңдау. Себебі, жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Біздің іс-тәжірибемізде қолданып жүрген тиімді жаңа технологиялардың бірі-
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. Себебі, бұл технология жоғарыда айтылып кеткен жұмыс түрлерін іске асыруға өте тиімді. Осы технологияны қолданудағы басты мақсатымыз – оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытып, өтетін тақырып мазмұнын тереңінен ашып,өздері ой қорытындысын жасай алуға дағдыландыру, шығармашылыққа баулу.
Осы технологияның әр түрлі стратегиялары білім беру жүйесінде нәтижеге жеткізетіндігін байқадық. Сонымен қатар, сынып оқушыларының тілге деген қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін әрі қарай дамытуға көп көмегін тигізді.
( 4 слайд )
Біз өз тәжірибемізде оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ауызекі сөйлеуге үйрету үшін әр түрлі әдістерді жүйелі түрде қолданып жүрміз:

- Сұрақ-жауап
- Өз ойын айту әдісі
- Жағдаят арқылы сөйлесу
- Баяндау әдісі
- Сұхбаттасу әдісі
- Монолог әдісі
- Аударма әдісі


( 5-6 слайд )
Осы әдістерді бүгінде СТО технологиясымен ұштастырып қолданамыз.
Оқытуда ЖИГСО, Карусель стратегияларын қолдану арқылы оқушылар өз беттерінше ойларын еркін жеткізуге, тұжырым жасауға тырысады. «Данышпан ағаштары» стратегиясы арқылы балаларды тереңнен,салыстыра ойлануға жетелейді, Блум өлшемдерімен жұмыс жасау арқылы маршрут парақтарын жасадық.
Венн диаграммасы, екі жақты күнделік стратегиялары арқылы мәтіннен өзіне қажеттісін тауып, қолдану білуге,өз ойын дәлелдей білуге, салыстырып, талдау жасауды үйретуді мақсат еттік.
Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыс үлкен рөл атқарады, сондықтан біз сабағымызда оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынамыз:
1. Мәтіннен тіректі сөздерді тауып алу ( оқушылар тірек сөздерді тауып алып, топта бір-бірімен салыстырады және ортақ сөздерді шығарады)
2. Мәтінмен жұмыс істеп болған соң, оқушыларға қайта сол мәтін таратылады , бірақ ол мәтінде грамматикалық және басқа да қателер болады. Оқушылар сол мәтіннен қателерді табу керек. ( осындай жұмыс арқылы біз оқушылардың қаншалықты мәтінді мұхият оқиды екенін байқаймыз)
( 7 слайд )
3. Мәтінмен жұмыс істеген кезде оқушылар постер жасайды, бірақ олардың постерлері бірқалыпты. Біз оқушыларға постерлердің бірнеше түрлерін дайындауға үйреттік. ( кесте, сызбалар, ағаш т.б.) Оқушылар мәтінмен жұмыс істегеннен кейін постерді қорғау үшін жоспар құрады. ( жоспар арқылы біз оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгенін, ойдың жүйелігін, тақырыптың ашылуын байқаймыз) .
( 8 слайд )
Оқушылар өздері жасаған постерлерін сканерге түсіріп, тақтада көрсете алады.
( 9-11 слайд )
Қазақ тілі сабақтарында ActivStudio мүмкіндіктерін қолдану өз нәтижесін береді. Оқыту үрдісін осы бағдарлама мәтінмен жұмыс жасауда өте тиімді.
Қаламмен кілтті сөздерді түртіп алуға болады. Егер дұрыс болса, ол сөздер түрлі түстерге боялады. Мәтінге жұмыс жасағанда «контейнерді» қолданамыз.
Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады.
Оқушылар Интернет жүйесінен керекті суреттерді, видео-бейнелерді түсіріп әкеліп, флипчарт кітапханасын толықтырады. Оқушылардың флипчарт кітапханасын толықтыру барысында қызығушылықтары артып, білім сапасы жоғарлайды.
Ал, сөйлесу бөліміне көшкенде:
- аспаптар панеліндегі " Мәтін" құралы арқылы клавиатура аспабын таңдап, мемлекеттік тілде сөз тіркестерін, мәтінді тез теруге дағдылынады.
- үй тапсырмасын тексеру, өткен сөздерді қайталаған кезде "Нысанды өндеу", "перде", "прожектор" қолдануға болады. Тез, аз уақыттың ішінде оқушылардың білімдерін тиімді анықтауға мүмкіндік береді.
- оқушылар есту, көру сезім мүшелері арқылы мәтінді меңгерту мақсатында флипчарт бетіне мәтін теріліп жазылады , музыканы да қосуға болады .

Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергенін білу үшін «сұрақ-жауапты» қолдануға болады. Барлық оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Ол үшін интерактивті тақтаның арнайы activote құралдары қолданылады.
Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, білімі нашар оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады. Осы аталған бағдарламалардың мүмкіндіктерін сабақта қолдану мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқушыларды қазақ тілін білуге қызықтыра түседі.
( 12-14 слайд )
Power Point бағдарламасын және электрондық оқулықтарды қолданамыз. Мәтінді оқығаннан кейін сөйлемдер құрастырып, өздерін тексере алады. Мәтінді қаншалықты мұхият оқығандарын тексеру үшін мынадай «дұрыс-бұрыс», «артықты тап» деген тапсырмалар беруге болады.
PowerPoint бағдарламасында жасаған слайдын флипчарт бетіне ауыстырып, аспап панеліндегі құралдарымен әр түрлі жұмыс жүргіземіз.
( 15-18 слайд )
Сабағымызда JoyClass бағдарламасын қолданамыз.
- JoyClass жеке, топтық жұмыс жасауда пайдалануға болады. Бұл жүйемен жұмыс жасау мүғалімге оқу процесін бақылауға және түзетуге үлкен мүмкіндік береді.
- Тесттер редакторы түрлі типті тесттерді құрастыруға (1 дұрыс жауапты , бірнеше дұрыс жауапты, альтернативті сұрақ иә/жоқ, дұрыс/дұрыс емес және жалпы (шығарма, эссе)) графиктерді қосу, тест уақыты мен балл санын көрсету мүмкіндік береді;
- Мәтінмен жұмыс жасауда бұл бағдарлама өте тиімді , себебі әр оқушы жеке компьютерде отырып, мәтінмен жұмыс жасай алады, кілті сөздерді тауып, ақпарат жинақтап, интернеттен керекті материалдарды алады, әр түрлі сызбаларды жасауға мүмкіндік болады. Істеп болған жұмысты мұғалімге жібереді. Мұғалім оны тексеріп, қателері болса түзетіп, оқушыға қайта жібере алады. Осы бағдарлама арқылы аз уақыт ішінде, барлық оқушыларды тестілеп, нәтижелерін, пайызын көрсете алады.

( 19 – 20 слайд )
( если останется время )
Сабақтың соңында бақылаушы - бағдарламаны қолдануға болады. Бақылаушы – бағдарламалар бақылауға қажетті тұрақтылықты, көп нұсқалықты, бағаның мұғалімнің субъективтік көзқарасынан және тағы да басқа факторлардан тәуелсіздігін қамтамасыз етіп,білім беру үрдісінің сапасын жоғарлатып,оқушының еңбек өнімділігін, нәтижелілігін жоғарлатады. Сондықтан, әсіресе ОЖСБ (оқушылардың жетістіктерін сырттай бақылау) тапсыратын 9 сынып оқушыларына тестілеу бағдарламасы өте қажет.
Аяғында тестілеудің қорытындысын шығарады. Үш деңгейлік тесттер оқушылардың алған білімдерін қабілеттеріне қарай тексеруге мүмкіндік береді.

Түйін сөз: Қорыта келгенде, оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге үйретіп келеміз.
21 слайд
Категория: Мастер-класс | Добавил: a7aomarova (2015-03-31) | Автор: Омарова Асимгуль Маратовна E
Просмотров: 3946 | Теги: мәтінмен жұмыс, PISA зерттеулері, Оқушылардың функцианалды сауаттылық | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:12 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru