Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум

«Информатика алғырлары» Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: “Информатика алғырлары” /сайыс/
Мақсаты:
Білімділік : Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.
Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Түрі: Зияткерлік сайысы
Жоспары:
1. Таныстыру (Әр топ өзін таныстырады)
2. Бәйге жарысы
3. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)
4. Кім жылдам
5. Көкпар /пікір сайыс/
6. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
7. Тапқырлық
Барысы:
Жүргізуші: Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдауы – егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар үлкен сүрлеу. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы жастар деп білемін. Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында. Ендеше, болашаққа бүгін де өз үлестеріңді қосып, еңбек еткелі отырған, сол еңбектерін, осы уақытқа дейін информатика пәнінен алған білімдерін ұшқыр ойларымен, шешендік тілмен өрнектеп ортаға салғалы отыр. Сонымен сайысқа қатысушылар, бүгінгі “Информатика алғырлары» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайыста әрбір айналымнан сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ қана “Информатика алғырлары” атына ие болады.
Жүргізуші: Сайысымыз 7 айналымнан тұрады:
1. Таныстыру (Әр топ өзің таныстырады)
2. Бәйге жарысы
3. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)
4. Кім жылдам
5. Көкпар? /пікір сайыс/
6. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
7. Тапқырлық
Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысымызға әділ төрелігін береді деген үмітпен шақырылған әділ-қазыларды таныстырайын.
1. Директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары- Алданбекова Өнерхан апкий.
2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Көпбаева Арзан апкий
3. Информатика және физика пәні бірлестігінің жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі –Дауылбаева Перизат апкий
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып қөріңдер – дей отырып ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық!
1-ші топ Алғырлар тобы
2-ші топ Тапқырлар тобы
Ендеше сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтсе:
1. Топтарды таныстыру:
1- топ «Алғырлар»
Ұрандары: Алғырлар алға
Қарсыластан қалма
Батылдыққа баста
Жарыстардан қашпа!
Топ мүшелері:
Топ басшысы Құрманәлі Бағдаулет
Бекет Еңілік
Ташбаева Шұғыла
Қазбаева Шолпан
Жұмашева Гүлбану

2- топ Тапқырлар
Ұрандары: Біз тапқырлар тобымыз
Ойланамыз, табамыз
Жеңіске біз талпынамыз

Топ мүшелері:
Топ басшысы: Көбейсінов Ықылас
Жұмағазы Аружан
Ахметова Замира
Еркінбаева Индира
Амангелді Қымбат
Айтбаева Жұлдыз

Жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда –дей отырып, Бәйге кезеңін бастаймыз.
Оқушылар берілген сұрақтарға тез жауап беруі керек, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады. Жауап жоқ болса, «келесі» деп айтуы керек.

2. Бәйге жарысы: 1)Лездік сұрақтары ««Алғырлар»» тобына:
1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны. (файл)
2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? (себет)
3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)
4. Компьютердің басты бөлігі, миы (процессор)
5. Алгоритм атауы кімнің есімімен байланысты? / араб математигі Әл-Хорезми/
6. Монитор мен адамның арақашықтығы неше см? (60-70)
7. 1М байтта қанша К байт бар? (1024).
8. Буып-түйілген файл (архив)
9. Енгізу пернесі? (enter)
10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)
11. Пернетақтада қанша функионалдық перне бар? (12)
12. Сол жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Backspace)
13. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
14. Paint қандай редактор (графикалық)
15. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы? (CD-ROM)

2) Лездік сұрақтары «Тапқырлар» тобына:
1. Файлдар жиыны. (папка)
2. Мәтінмен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. (MS Word)
3. Вирустың кері әсерін жоятын программа. (антивирус)
4. Сандардың аталу және жазылу әдісін не деп атайды? (санау жүйесі)
5.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)
6. Қандай архиватор бағдарламалары бар? (Win RAR, WinZip)
7. Windows сөзінің аудармасы (терезе)
8. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)
9. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі (мәтін)
10. Мазмұндық мәні бойынша топтасқан тізбектелген қатар. (абзац)
11. Оң жақтан бір символды өшіру үшін қандай перне қолданылады? (Delete)
12. Дүниежүзілік ғаламдық тор. (интернет)
13. ЭЕМ-нің дамуы неше буыннан тұрады? (5)
14. Word Pad қандай редактор? (мәтіндік редактор)
15. Әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін қалай атайды? (пішімдеу)

Жүргізуші: Келді кезек полиглотты шешуге
Жауаптарын үш тілде де беруге
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз
15 ұпай шәкірт саған несібе.

3. Жеті жұрттың тілін біл ( полиглот)
Келесі кезең «Полиглот». Бұл кезеңнің ерекшелігі оқушылар берілген сұрақтарға қазақша, орысша, ағылшынша жауап береді. Егер 3 тілде айтса, 15 ұпай алады.

«Алғырлар» тобына қойылатын сұрақтар:
1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз? ( ақпарат , информация, information)
2. Сақталған құжатты ашу командасы? /Файл – ашу, файл-открыть, file-open/
3. Windows – дегеніміз не? /ОЖ, операционная система, Operation system/
4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы
/ Тышқан, мышь, Mouse/
5. Қажет емес символды алып тастау пернесі - (өшіру, удалить, delete)

«Тапқырлар» тобына қойылатын сұрақтар:
1. Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған. (себет-корзина - basket)
2. Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не? (терезе-окно-windows)
3. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.
(кітапша-блокнот-notebook)
4. Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ (пернетақта-клавиатура-keyboard)
5. Биологияда паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпаратты өлшер. (бит-бит-bit)

Келесі айналым

4. «Кім жылдам» бұл кезеңде берілген торкөздердегі әріптерден көрсетілген сөзжұмбақта жасырылған сөздерді табу керек 4 минут ішінде.
Әр тапқан сөзге 20 ұпай беріледі.

М Т П Л О Т Т Н О М
И Ы П Р Р Т Е И Д Е
К Ш Н И Е Е Р О М М
Р Қ А Н Т Р Н Н И Т
О Н Т С Ө З Е Т Р О
П А И Б А Й Т Т Е З
Р М В П И К М Е Р Е
О Ә И А Р С О Ұ А Ф
Ц Т Р И Х Е Д Я Й Л
Е І У В Ж Л И Я И Ц
С Н С Д А Ь Ф И К А
С О Р А Б О Н Е Н Т

Жауабы:Жасырылған сөздер: микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз,байт,пиксель, архив,жад, абонент, модификация,ұя,файыл, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.

5. Келесі айналым «Көкпар» сайысы. Бұл айнылмда берілген тақырып бойынша екі топ қарама-қарсы пікірлер арқылы ой-толғау, қолдаушы және қарсы пікірлер айтады.
Ендеше «Алғырлар» тобына
Тақырыбы: 1) “Компьютердің пайдасы” 2) “Компьютердің зияны”.
«Тапқырлар» тобына
6. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бұл айналымда әр топ өз топтарының бірінші әрпінен келетін информатикалық сөздер айту керек. Әр дұрыс сөзге 5 ұпай беріледі.
Ендеше «Алғырлар» тобы «К» әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады:
(компьютер, картридж, клавиатура, ксерокс, Кбайт, калькулятор, компакт-диск, курсор, копировать, контур, курсив)
Келесі кезекте «Тапқырлар» тобы «П» әрпінен келетін информатикалық сөздер айтады:
(принтер, плоттер, пернетақта, процессор, пішімдеу, паскаль, пробел, пуск, проводник, программа)
7. «Тапқырлық» 2 - топқа бірдей логикалық есеп дұрыс тапқан топқа
40 ұпай беріледі.
Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты
сағатта 1 рет, толық сағат сайын сол уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда ол тәулігіне неше рет қоңырау соғады? ((1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12)*2+24*2=204
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықты көрсеткен
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты –деп әділқазыларға сөз береміз.

“Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында” демекші бүгінгі алған біліміміз ертеңгі байлығымыз, елімізге тигізер үлесіміз. Сондықтан да, білім алудан, оқып-үйренуден жалықпайық демекпін! Зейін қойып тамашалағандарыңызға рахмет!
Категория: Компьютер-бум | Добавил: карла2772 (2015-01-16) | Автор: Жуманазарова К
Просмотров: 2544 | Комментарии: 3 | Теги: «Информатика алғырлары» Сыныптан ты | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 7:17 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru