Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык

«Ағылшын тілі сабақтарында оқушыларды интербелсенді әрекетке қатыстырудың әдістері»
Мақсаты: сабақтарда интербелсенді әрекетті ұйымдастыру бойынша тыңдаушыларды жүйелі жұмыспен таныстыру.
Міндеттері: интербелсенді әрекеттің формалары және әдістерімен таныстыру.Интербелсенді әрекет ету әдістеріне тыңдаушыларды үйрету.
Шеберлік класының барысы:
Жазушының өз шығармаларында, суретшінің суреттерінде, мүсіншінің өзі жасаған мүсіндерінде, ал мұғалімнің ойлары оқушыларының мінез -құлықтары мен істерінде өмір сүреді деп дұрыс айтылған.
Мұғалімнің ең басты міндеті – бір-бірінен ерекшеленетін, бірақ бейбітшілікке, бақытқа, мейірімділікке ұмтылуымен біріккен әртүрлі халықтар тұратын үлкен үйіміз - әлем туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру. Шет тілінің мұғалімі ретінде менің педагогикалық парызым- тілдер арқылы оқушыларға әлемді тануға көмектесу.
ХХ ғасыр аяғында ойламаған жерден шет тілі оқытушылары қоғамдық пікір ортасында қалды: әр түрлі мәдениет, бизнес, техника саласының мамандары өндіріс құралы ретінде шет тіліне тездетіп оқытуды талап етті. Сондықтан, мен де көштен қалмай жұмыс істеуге кірістім. Сабақтарда, сабақтан тыс қызметте мен студенттерге тек қана ағылшын тілін жақсы меңгеріп қана қоймай, басқа халықтардың мәдениеттеріндегі ерекшеліктерді, әлем кеңістігіндегі әр мәдениеттің құндылығын түсіндіруге тырысамын.
Сөйлеу жағдаятының аясында коммуникативтік әдістемеде шет тіліне үйретудің мақсаты - ағылшын тілінде жазбаша және ауызша формада сөйлесуге үйрету болып табылатындықтан, өз оқытушылық қызметімде ағылшын тілін оқытуға коммуникативтік тұрғыдан жақындауды негізге алдым. Сөйлесу - жазбаша және ауызша қарым- қатынас жасаудың тәсілі екені белгілі. Ал коммуникативтік әдіс, әртүрлі технологияларды пайдалану, сабақты өткізудің дәстүрлі және белсенді формалары, сахналанған сабақтар арқылы тілге деген қызығушылықты дамыту, студенттердің ой -өрісін дамыту және олардың сөздік қорын байыту- осының барлығы менің өз пәнімді шексіз сүюме себеп болатын нәрселер.
Ғаламтор желісіне балаларды тарту, әртүрлі көрнекі құралдар, аудио кассеталар, ойындар, бейнематериалдар тәрбиеленушілеріме әлемді тануға көмектеседі. Ағылшын тілі жаһандық қарым - қатынас жасау дәрежесіне жеткен қазіргі уақытта, мен осы пәннің оқытушысы ретінде студенттерімді қазіргі заманның өмір сүру шартына сай лингво- әлеуметтік бейімдеуді өз міндетім деп түсінемін, студенттерімнің халықаралық және ұлтаралық қарым- қатынас жасау деңгейіне шығатын адамның ағылшын тілінде өз ойын білдіре алу білімдері мен дағдыларын меңгеру керек дегенімен де келісемін. Сол үшін де сабақта студенттердің бөтен тілде қарым -қатынас жасап, оны түсініп, өз ойларын білдіре алуына жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қолданамын. Шет тілі оқытушысының алдына қойылатын қазіргі заман міндеттері өз бетімен таңдау жасауға, бастамашылдыққа, оқытушының шығармашылығына жол ашады және біздің мойнымызға көптеген қосымша міндеттер артады.
Мен үшін оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктері, өз бетімен ойлауы, тілді өз бетімен үйренуде танымдық қызығушылығын дамыту шет тіліне оқытудың негізгі міндеттері болып табылады. Қазіргі заман оқытушысы оқытудың әртүрлі әдістерін, тәсілдерін біліп және педагогикалық қызметке сай оларды шеберлікпен құрамдастыра алуы керек. Оқушылардың ауызша сөйлеуін белсендірудің оңтайлы тәсілдеріне, менің ойымша, интербелсенді әдістер жатады. Мен сабақта сөйлеу дағдыларын дамытудың төмен мотивациялануын жиі кезіктіремін. Сондықтан бала қарым - қатынас жасауды қажетсініп, баланың сөйлегісі келетіндей жағдай жасауға тырысамын. Бұл жерде осы сөйлеу қызметінің келесі ерекше белгілерін ескеремін: мақсаттылық, белсенділік, мотивация адамның ойлау қызметінің байланысы, өз бетімен орындау, қарқындылық пен жағдаяттылық, қарым-қатынас жасауға қатысушылардың жеке мінез ерекшеліктерін, жасын, даму деңгейлерін ескергенде ғана қарым - қатынас жасау сәтті болады.
Біздің түсінігімізде жұмыс істеудің интербелсенді әдістері дегеніміз не?
«Интербелсенділік» ағылшын тіліндегі «интеракт» сөзінен пайда болып, өзара әрекеттесу деген мағынаны білдіреді. Осы әдістер оқытушы мен оқушы бір команданың бөлігі болып, білім беру үдерісі субъектілерінің «тең-теңіне» деңгейінде өзара әрекеттесуі бір мақсатқа жету үшін жұмыс істейтінін көрсетеді. Интербелсенді әдістер оқушылардың өзара белсенді әрекет ететін оқытудың қолайлы шарттарын ұйымдастыруға әсер етеді. Оқушы өзінің қызметін талдайды. Принципті түрде білім беру үдерісіне қатысушылардың арасындағы өзара байланыс өзгереді, оқытушы мен өз қатарластарының арасында оқушы өзін қолайлы сезінеді.
Интербелсенділік тәртібінде оқыту қалай жүзеге асырылады? Психология мен әдістемеде әртүрлі жеке, жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасау үшін арнайы технологиялар (техникалар, жаттығулар, тәсілдер) дайындалған.
Мен келесі тәсілдер мен технологияларды қолданамын:
• Есте сақтау картасы;
• Миға шабуыл;
• Синквейн;
• Білеміз, білгіміз келеді, білдік;
• Ажурная пила
• Инсерт
• Суда шеңбер жасау
• Даймонд және басқалары.
Осылардың барлығы артылған қызығушылық атмосферасын тудырады.
Қазір біз кейбір тәсілдерді практикада қарастырамыз.
1. «Есте сақтау картасы» әдісі
Бұл әдістеме ой, әңгіме, идеяларды жазудың қарапайым технологиясы. Жазылым тез және ассоциативті түрде жүзеге асырылады. Тақырып ортада болып, алдымен сөз, идея, ой пайда болады. Идеялардың ағымы жүреді. Олардың саны шексіз. Барлығы бекітіледі. Әдістеме бір адам немесе бір топтың жеке өнімі болып табылады. Жеке мүмкіндіктер, креативті қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасайды.
Есте сақтау картасының қолданылу мүмкіндіктері:
 Материалды қайталағанда;
 Мәтінмен жұмыс істегенде;
 Сабақтың басындағы қайталау кезінде
 Тақырыпқа кіріспе жасағанда;
 Қажетті тілдік материалды жинақтағанда.
«Аспаздар» мамандығы бойынша оқитын топтардағы кәсіптік ағылшын тілі сабағында «Healthy food» тақырыбы бойынша адам денсаулығының маңыздылығы туралы түсініктер қалыптасады.
T: Пайдалы тамақ туралы түсінік сіз үшін нені білдіреді?
P:
• fruit
• vegetable
• dairy food
• food is steamed
• not fried food
• little flour food
(әр студент өз пікірлерін айтады)
2. Келесі тәсілге көшеміз.
Алдарыңызда «Бірге үйренеміз» (Learning Together) тәсілі:
Қолдану мүмкіндіктері:
Мәтінмен жұмыс істегенде;
Грамматиканы оқығанда.
Мәтінмен жұмыс істегенде балалар қалай орындау керек?
Өзара оқып үйрену 4-7 адамнан тұратын топтарда жүреді. Барлығына бір мәтін даналары үлестіріледі. Мысалы «Аспаз» мамандығы бойынша оқитын топтардағы кәсіптік ағылшын тілі сабағында «Lunch» деген тақырыпқа
Мәтін бойынша төмендегідей сұрақтар ойлап табады, оған жауап береді.
• Where do you have lunch: at home or at the college canteen?
• What do you usually have for lunch?
• Why is it difficult to gather the whole family for dinner on week days?
• What does your lunch usually begin with? т.б.

Топ басшылары басқаларға түсініксіз нәрсені түсіндіреді;
Мәтіндегі кейбір сөйлемдердің немесе сөз тіркестерінің аудармасын табады;
• A couple of frankfurters –
• A slice of brown bread –
• I have my lunch at the college canteen –
• Dinner is the biggest meal of the day –
• The main course of the dinner is soup – т.б.

Осы мәтінмен жұмыс істеген кезде қандай креативті тәсілдер мен интербелсенді тәсілдерді сіздер ұсына аласыз?

3. «Ажурная пила» (Jigsaw) әдісі
Қолдану мүмкіндіктері:
Мәтінмен жұмыс істегенде;
Грамматиканы оқығанда.
Мәтінмен жұмыс істегенде мұны қалай қолдану керек. Оқушылар 4-6 адамнан тұратын топқа бөлінеді. Оның ішінде нашар және жақсы оқитын оқушылар болады.

Әр оқушыға мәтін бөлшегі беріледі. Мысалы "Аспаз" мамандығы бойынша кәсіптік ағылшын тілі сабағында "Vegetable Soup" және "Pea and ham Soup" деген тақырыптағы мәтіннің бөлшектері әр оқушыға араластырылып беріледі. Топта ақпарат алмасу жүреді. Әр оқушы өзінің бөлшегі бойынша оқып, аударады. Барлығы бір-бірін тыңдайды, сұрақтар қояды, белгілейді. Содан соң "Vegetable Soup" (көкөніс сорпасы) және "Pea and ham Soup" (ас бұршақ пен ветчина сорпасы) рецептісін дұрыстап құрастырады. Өткен тақырып бойынша барлық команда немесе оның бір мүшесі есеп береді. Барлық команда мүшелері қызығушылық танытады.
4. Мен сіздерге ұсынатын келесі тәсілім - мәтін бойынша коллаждау тәсілі. «Коллаждау» - мәтінді немесе берілген тақырыпты сурет ретінде ассоциациялау.
Әр топқа немесе жекелеген студенттерге белгілі бір тақырыпқа немесе мәтінге сурет дайындауға беріледі. Бұл әдісті мен "Шаштараз" мамандығы бойынша оқитын топтардағы студенттерге "Types of hairstyles" немесе "Hair colourings" деген тақырыптарға берген болатынмын. Студенттер кейбір елдердің және тағы басқа шаш үлгілерінің суреттерін коллаждап келді. Мысалға алатын болсам: Egyptian hairstyle, Historical hairstyle, Japanese hairstyle, Byzantine hairstyle, short haircut hairstyle т.б.
5. Менің шеберлік -класым аяқтала келді. Қорытындыламас бұрын тоқталғалы тұрған әдістің бірі – «Суда шеңбер жасау»
Бұл тәсіл ой қозғау кезеңінде оқушылардың білімі мен тілін белсендендірудің әмбебап құралы болып есептеледі. Оқытылып жатқан түсінік немесе құбылыс осы тәсілге тірек сөз болуы мүмкін. Ол бағандап жазылып, оқытылып жатқан тақырып бойынша әр әріпке зат есім (етістіктер, тұрақты сөз тіркестері) таңдалады. Бұл сабақта басталып, үйде жалғастырылатын шағын жұмыс болып табылады.
Мысалы "Аспаз" мамандығы бойынша кәсіптік ағылшын тілі сабағында "Breakfast" , "Restaurant" т.б тақырыптарға бұл әдісті қолдандым. Студенттердің жазған жауаптары
B - bread, butter, bacon...
R - roll, rye bread ...
E - egg, eat ...
A - apple, apricot jam, apple juice...
K - kitchen, kipper...
F- food, fried egg, fancy cake ...
A - apple pie, add ...
S - sugar, snack, sausage, semolina, sandwich ...
T - tea, toast, tasty ...т.б.

Мен сабақта оқытудың интербелсенді тәсілдерін таныстыруды мақсат етіп қойдым. Интербелсенді әдістерді қолдану өзекті болып табылады. Ол пәнге қызығушылықтың өсуіне әсер етеді, оқыту үдерісін жеделдетеді, материалдың меңгерілу сапасын жақсартады. Сонымен бірге индивидуализация мен дифференциацияны қамтамасыз етеді, оқытушы мен оқушының әрекеттесуіне әсер етеді, коммуникативті құзыреттілікті дамытады.
Барлығыңызға рақмет. Менің ұсынған идеяларым мен әдістемелік шешімдерім сіздерге пайдалы болып, қызығушыларыңызды туғызар деп үміттенемін.
Категория: Английский язык | Добавил: Нури7397 (2015-01-22) | Автор: Тлешева Н.Н.
Просмотров: 1854 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 12:12 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru