Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык

Әдістемелік нұсқаулық тақырыбы: «Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқыту»
Кіріспе
Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып келеді, және көптеген балалар бір тілден артық тіл қолданатын ортаға түседі. Уақыт талабына сай, аясы тар мақсаттағы сапалы білім емес, шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау керек.
Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Ол саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді
Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында жанды-жансыз табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады
Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру - оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».
Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім».
Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Өзектілігі: Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
Мақсаты: Ойын түрлері арқылы тәрбиеленушілердің ағылшын тілін үйренуге деген ықыласын арттырып, сол тілде сөйлеуге үйрету.
Міндеттер:
- үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру;
- баланың өз күшіне сенімділігін нығайту және дұрыс мотивация құру; - ағылшын тілінің ырғағымен және мәнерлі дыбысталуымен танысу, балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту;
- мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мүмкіндігі мен қажеттілігін ескере отырып, ағылшын тілінде баланың өздігінен қарым-қатынас міндеттерінің қорытындылауын қолдау;
- ойын және нақты қарым-қатынас жағдайында қарапайым деңгейде серіктеспен байланыс орнатуды үйрету;
- фонетикалық есту қабілетін дамыту;
- ағылшын тілінде сөйлеу мазмұнын түсінуге үйрету;
- зейін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
- айту және тыңдату: ауызша сөйлеу дағдысының негізін дамыту.

Бөлім І. Білім беру мазмұны мен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
1.1. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың
басты ерекшеліктері

Шет тілін оқыту жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғаның қалыптасуына өте зор ықпалын тигізуі тиіс. Бұл ең алдымен балалардың бойныда шығармашылық тәуелсіздікті, белсенділік қабілетінің, орындалып жатқан әрекетке деген оң көзқарас тәрбиесін қалыптастыру болып табылады.
Жүйелі және мақсатты ағылшын тілін оқыту ережеге сай мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларға білім беру үрдісінің егізгі формасы болып табылатын сынып сабақтарында жүргізіледі.
Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін сабақ көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізіледі. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі, бірақ мектепке дейінгі жаста ол өте пайдалы. Бұл жаста ойын жоғары буынға жақындау және зерттеу жолы болып есептеледі.
Балалармен жұмыс тәжірибесінде шет тілін оқытуға бақытталған әртүрлі ойындар кеңінен қолданылады: ережеге негізделген ойындар, рөлдік, білім тереңдету ойындар, лингвистикалық ойындардың әртүрлі нұсқалары. Сабақтар ойын атмосферасының басынан бастап аяғына дейін сақталып қалуына бағытталып құралады.
Сабақты педагог ойын барысында ережені ұстанып, балаларды ойынға көбірек тартып, шығармашылық қабілетін танытса, соншалықты сабақ сәтті өтеді. Балалардың ойын әрекетінің әсерінен жауапкершілік және байсалдылық қасиетінен айырылып қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Бала ойдан шығарылған әлемді кәдімгі өмірдегі болмыстан өте жақсы ажырата алады және де ойын барысында үйренгенін нақты әрекет жасау кезінде байқатады.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілі сабағында жалпы тақырыппен байланыстыру мақсатты болып есептеледі. Мысалы, балалар Мики Маустың туған күніне келеді және сабақтың соңына дейін сол туған күн иесімен ойнайды немесе кішкене тышқан Джерриге көмектесу үшін бірнеше тапсырмалар жасайды. Осындай жолмен тіл оқыту мақсаты 5-6 жасар баланың өмір сүретін әлемімен байланысып сай келіп тұрады. Бұл таза қызығушылық, жаңаны білу және өзінің қатарлас достарымен ойнауға деген құштарлық сезімге толы ертегі, қызықты әңгімелер мен өлеңдердің әлемі. Егерде тақырыптық бірлік бірнеше сабаққа созылса, балалардың әрекетін міндетті түрде түрлендіру керек, жиірек жұмыстың түрін өзгерту қажет, оларды динамикалық паузалармен, қозғалыс элементтері бар ойындармен көңілін аулау керек, өйткені балалар бірсарынды сабақтардан шаршап кетуі мүмкін. Бірақ соның өзінде мұғалім сабақтың әр элементі оның міндеттерін орындау қажет болуын, қозғалыс немесе ойын негізгі мақсатқа айналмауын қадағалауы тиіс.

1.2. Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері
Шетелдік және отандық ғалымдар мен педагогтардың зерттеулері мен жетістіктері балалардың шет тілін меңгеру мен әлемді тану мүмкіндіктері өте жоғары екенін көрсетеді. Мектепке дейінгі жас тіл меңгеруге әсіресе қажетті жас деп есептеледі. Бұл жерде осы жаста білім беруді интенсивті түрде өткізудің қажеттілігі туындайды.
Балаларды шет тіліне оқытуға бағытталғын жұмыс негізінен оқыту мақсаттарының кешенді жүзеге асыруының принциптерінен шығады, яғни оқыту үрдісі балалардың сөйлеу (лексика) қабілетін меңгерумен қатар, тілдік біліктіліктеріне (диалогтық және монологтық сәйлеу, тыңдау) бағытталған.
Фонетиканы оқытудың ағылшын тілін оқытудың бастапқы кезеңінде ең негізгі орын алатынын ескере отырып, мұғалімдер өздерінінің еңбектерінде фонетикалық әдісті белсенді қолдануы тиіс. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де сабақтың көңілді әрі қызықты өтуі үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылады.
Балалардың үлкендердің артынан лингвистикалық және елтанушылық құндылыққа толы ағылшын жаңылтпаштарын, мақал-мәтелдерін қайталау балалалға ағылшын тіліндегі сөйлемдердің дұрыс интонациясын меңгеруге мүмкіндік береді.
Жаңа сөздер енгізгенде 5-6 жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне аса зор мән беру керек. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім мүшелерінің заңдылықтарына бағынады.
Бұндай қабылдаудың негізгі ерекшелігі балалардың бір жағынан зат, әрекет немесе құбылыстың аталуы маңызды болуы, екінші жағынан ол заттардың атауларының мүлде маңызды болмауы болып есептеледі. Берілген материалды қабылдау кезінде балалар оның берілуіне, эмоционалық сапасына үлкен мән береді.
Ашық, түрлі-түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс-әрекетте қолданылып көртілсе бала өте тез меңгеріп кетеді.
Белгілі бір тақырыпқа байланысты сөйлеу қабілетін қалыптастыруда әртүрлі таратуға арналған материалдарды, ойыншақ жиһаз, ыдыс-аяқ, киім, яғни балалардың барлық ойнағанда жақсы көретін заттарын пайдалану үлкен көмегін тигізеді. Баланың сөйлеуін белсендету үшін оқытудың басында ойыншықтар мен бірнеше нұсқадағы заттар бейнеленген суреттері болуы тиіс. Мысалы, сары, қызыл, көгілдір түсті шарлар немесе кішкене және үлкен күшік. Сонымен қатар, жаңа және ерекше ойыншықтар мен суреттер сабаққа жаңашыл элемент енгізеді және әдеттегіден өзгеше жағдай жасайды.
Жаңашылдық принципы балаларды шет тіліне оқытудағы жетекші принцип ретінде сабақтың сюжетті-композициялық құрылымын түрлендіруге мүмкіндік береді.
Ойыншықтар мен суреттерді көбірек пайдалану арқылы балаларда қиялы және байланыстырушылық еске сақтау қабілеті дамиды, ал қарым-қатынас жасау міндеттерін нақты қою және оларды шешуді ұйымдастыру логикалық сөйлеу есте сақтауының дамуына өз септігін тигізеді.
Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың ұзақ уақыттық есте сақтау қабілеті өте жақсы қалыптасқандықтан болады. Олардың бар оқыған-білгендері жадтарында сақталады. Бірақ олардың жедел сақтау қабілеті нашар дамыған.
Бала берілген материалды көп мөлшерде миына бекіте отырып сақтауға деген қабілетке ие. Бірақ бұл материал бала үшін меңгеруге өте маңызды рөлде ғана болса, сонымен қатар үлкен қызығушылығын оятса ғана болады. Берілген материалды жете меңгерудің ең жеңіл жолы ойын әрекеті болып есептеледі.
Сөзсіз балаларға ағылшын тілін оқытуда ойын әрекетінің орны өте зор. Ағылшын тілінің білім мен тәрбие беру үрдісіне енуі ең қарапайым ойын формаларында жүзеге асырылады: дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар, әуен және қозғалысқа негізделген ойындар.
Оқытудың бастапқы этапында ерекше рөлді балаларда пәнге деген қызығушылықты қалыптастыруда бұл мәселелердің шешімін әртүрлі ағылшын тіліндегі ойындар арқылы табуға тырысу қажет.
Ағылшын тілін оқытуда ерекше орынды драматизациялық ойындарға беруге болады. Драматизациялық ойындарды жүзеге асыруда ағылшын фольклорының танымал ертегілері, мультфильмдері, тақпақтар болып табылады. Мысалы: «The three little pigs», «The turnips», «Little mouse», «Old MacDonald» және т.б. Бұл қойылымдар балаларға бұрынна белгілі лексикадан, сөз тіркестерінен құралады.
Әлемдік тәжірибе драматизациялық ойындардың дайындалмаған сөйлеу қабілетінің дамуына тигізетін әсерінің зор екендігін көрсетіп отыр. Драматизациялық ойындар мектепке дейінгі балалардың тілдік компетенттілігінің жоғарыдауына септігін тигізеді, тілді тезірек «сезінуге» көмектеседі, оқылатын тілдің әдебиетімен, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің мәдениетімен танысуға өз үлесін қосады.
Сабақ тәжірибесінде кең қолданысты дәстүрлі халықтық ағылшын ойындары алады.
Халықтық ойындар арқылы ағылшын тілін оқытуда балаларды ағылшын тілінде сөйлейтін халықтардың мәдени құндылықтарына, сөйлеу мәдениетінің дамуына тарту жүзеге асырылады. Бұл ағылшын тілін жетік меңгеруге үлкен септігін тигізеді.
Балалар диалогтық және монологтық сөйлеу қабілетін қалыптастыруға зор мүмкіндіктер алады. Халықтық ойындарға халықтың өзі әрқашан тақпақтар мен ертегілерді енгізіп отырған.
“Hands up-hands down”, “Nick and Andy”, “Mouse and Cat” т.б қимылды сияқты ойын түрлері, олардың қарапайым мазмұнымен, балаларға жеңіл қозғалыстарымен баланың ойын әрекетіне тартылуын оятады, көңіл-күйін көтеріп, достарымен қарым-қатынасқа дайындығын айқындайды.


Бөлім ІІ. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілін оқытуда
ойын элементтерін қолдану
2.1. Ойын элементтерін ағылшын сабағында қолдану

Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті.
Мектепке дейінгі балалалық шақ – ертегі, қызықты ойындар, әігімелер мен өлеңдер әлемі. Бұл жаста балалардың балабақшадан мектепке ауысу үрдісі жүреді, жетекші әрекет түрінің өзгеруі, яғни ойын әрекетінің оқу әрекетіне ауысуы болады. Бірақ баланы ойын әрекетінен айырудың қажеті жоқ.
Оқытудың ойын әдісі өте пайдалы болып келеді, өйткені балаларды ой еңбегіне бірте-бірте үйренуге мүмкіндік береді. Ойын әдісінің кеңінен қолданылуы ойынның бала қуанышының көзі ретінде ғана айқындалмайды, соынмен қатар ол оқыту міндеттерін шешудің ең негізгі жолы болып табылады.
Ойындарды мектепке дейінгі балаларының оқу-іс-әрекеттеріде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет. Ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. Ойындардың жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ойын сипатына, дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады. Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын - саяхаттар. Олар ертегіге үқсас, фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді. Бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетеді, қарапайым жұмбақ арқылы, қимылдық - оңай жолмен, қажеттілер - қызық жолмен беріледі.
2. Ойын - тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен
әрекет, сөздік тапсырмалар кұрайды. Ойын міндеттер мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын - болжамдар. Бұл ойындар, Не «болар еді...?», «Мен не
істерп едім, егер...?» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда қалыптастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
4. Ойын - жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі логикалық
астарын болуында, олар баланың есі әрекетін белсендіреді.
Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, ұйымдастырушылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ойын түрлері оқушылардың қимыл қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей - тегжейлі білуді баланың шамасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз піспек емес, жан - жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары жандандыра түседі.

2.2. Ағылшын тілін оқытуға арналған ойындар

Шетел тілін мектептке дейінгі балаларға оқытудың шарттарын ескере отырып, балалар балабақшадан кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін балабақшада оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркестерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.
Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:
• Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;
• Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
• Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;
• Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;
• Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;
• Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың анықталуы;
• Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.
Қазіргі балабақшадағы ойынды қолданар алдында ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Microsoft office, Paint бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпындырады. Интернет жүйесінің балаға тәрбие беру барысына қосар үлесі көп.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Адам уақытпен бірге адымдайды, уақытпен бірге өмір сүреді. Білім туралы заңда педагогтар бас қосуларында сапалы білім, саналы азамат өсіру туралы талай пікірлер айтылады. Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі балалар. Біз оларды қалай тәрбиелесек ертеңгі Қазақстан сол деңгейде болады. Сондыктан да педагогтарға жүктелер міндет жүгі өте ауыр.
Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімділігін арттырады.
Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, ролдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көре алады. Ал ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережені сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зиінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерінде дамытады.
Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар негізінен, оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді. Ойынның бір ерекшелігі, ол оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айтуға жағдай жасайды. Балабақша балдырғандарына беретін болғандықтан ағылшын тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін мынадай ойын түрлерін қолдануға болады:
• Фонетикалық ойындар;
• Сөздік ойындар;
• Оқу ережесіне байланысты ойындар;
• Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар;
• Сергіту ойындары;
• Сан есімге байланысты ойындар;
• Дидактикалық мақсаттағы ойындар.
Ағылшын тілі сабағында әрбір баланың сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір педагогты толғандыратыны сөзсіз.
Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек: лексиканы меңгерту, қарым-қатынас жасай алуға үйрету, тілдік материалдарды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту, білім беру. Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.
Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде де ойналады.
Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Бұл кезеңде балалардың сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ, олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан, сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі. Осы орайда жалпы баланың қызығушылық деңгейін арттыруға болатын бірнеше ойын түрлеріне тоқталмақпын.

1 Сабақтың тақырыбы: Танысу

1. Ертегілер әлемінде қонақта болу. Сабақ ауызша өткізіледі. Саусақ театрының көмегімен My name is…/ I am… (My name is Дара, I am Боти т.б.)., «Ат ойлап тап» ойыны (Балалардың өздерінің аттарын өзгертіп атау керек «Good morning. My name is Micky»)

2. Дым білмес балалармен. What is your name?, Who are you? Сұрақтармен мұғалім дым білместің кейпімен балалармен танысады. Сосын балалар бір-бірімен танысады.

3. Буратинада қонақта. Сабақ балалар арасында және Буратиномен диалог ретінде жүреді, «Сиқырлы микрафон» ойыны (Буратино балаларға ойыншық микрафон таратады да, әрқайсысымен жеке-жеке сөйлеседі).
- Hello.
- Hi.
-What is your name?/ Who are you?
- My name is Айым./ I am girl.
- What is your name?/ Who are you?
- My name is Алмас./ I am boy.
- Good bye, friends.
- Bye, Буратино What is it?

2. Қуанышты түлкі. Балалармен педагог бетіне түлкінің маскасын киіп алып, амандасады. (Педагог барлық балалармен амандасады, балаларда амандасады)., «Мынау кім?» ойыны бір бала барлық балаларға теріс қаратып отырғызып қояды. Балалар кезекпе-кезек келіп теріс қарап отырған баламен амандасады «Hello, Мадияр», теріс қарап отырған бала амандасып тұрған баланы танып, онымен амандасу керек «Hello, Сабина», бала таба алмаса келесі баламен алмастырылады.

2. Сабақ тақырыбы: Жануарлар туралы
1. Аңдар. Жаңа сөздерді үйрету (Жануарлардың даусы мен жанарлар бейнеленген презентацияны балаларға көрсетеміз). «Аңды тап» ойыны (балалардың алдына ойыншық жануарларды қоямыз. Педагог балаларға жануарларды табуға ұсыныс жасайды: «Айнур, find a dog, please». Егер бала таба алмаса, онда достарының көмектесуін өтінеді).
2. Орманды дала. «I have…» сөзін үйрету, монолог құру (балалар үйінен алып келген ойыншық жануарларын қолына алып, бір-біріне қарма-қарсы отырып, монолог жасайды. Мысалы: «Hello. My name is Сабина. I have a rabbit»)., «Аю және оның достары» спектакль ойыны (қуыршақ театрының көмегімен педагог жануарлардың іс-әрекетін көрсетеді).
3. Сиқырлы орман. It is… лексикасын үйрету. ( It is a snake, It is a monkey деп педагог компьютерлі презентация жасайды. Балалар педагогтың артынан қайталайды.) «Менің сүйікті жануарларым» тақырыбында проект жасау (Флакатқа әдемілеп салынған орманның суретіне балалар орманда мекен ететін жануарлардың суретін жекелеп әкеліп It is a bear, fox, деп жапсырады).
4. Әдемі әткеншек. Ермек саздан жақсы көретін жануарларын жасайды (әрбір бала өздерінің жасаған жануарларын ағылшынша айтады «I have a cat, a dog»)., «Жануарлардың даусын тап» ойыны (ортаға бір баланы шығарамыз, ал қалған балалар жануарлардың даусын салады, (The dog goes «woof, woof, woof, woof» – ит, The cow goes «moo, moo, moo, moo» – сиыр, The duck goes «quack, quack, quack, quack» – үйрек, The cat goes «meow, meow, meow» – мысық). Бала қай жануардың даусы екенін тауып оны ағылшынша айту керек: It is a cat, a dog, a cow).
5. "Volchevny mirror".
Мақсаты: Зейінді дамыту.
Айнадан ойыншық-аңдардың бейнесі біртіндеп балаларға көрсетіледі. Содан соң сиқырлы айнадан бірнеше аңдар бір мезгілде көрсетіледі. Балаларға сұрақтар қойып, нені көргенін және оның санын сұрау керек: I see a dog. I see five dog.

6. I can't see"
Мақсаты: Зейінді дамыту.
Ойынның барысы: Үстел үстіне бірнеше ойыншық аңдар қойылады. Балалар көздерін жұмады, ал бір аң «жүгіріп қашады». Қатысушылар ойыншықтың қайсысы жетіспейтінін және қайсысы қалғанын айтып жауап беруі керек.
I can see…
I can't see…

7. “At the Zoo” ойыны
Мақсаты:can модальді етістігінің қолданылуын үйрету.
Ойынға қажет құралдар: әр түрлі ойыншық аңдар.
Ойын барысы: балалардың біреуі – экскурсовод, қалғандары жануарлар саябағына келушілер. Мысалы, балалар аюдың қасына барады.
Экскурсовод: This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can’t fly.
Келушілер: Can it hop?
Экскурсовод: No, it can’t.
Cосын басқа оқушы экскурсовод болады да, ойын ары қарай жалғасады.

4 сабақтың тақырыбы: Сандар

1. “What number is it?” Бұл қандай сан?
Мақсаты: “Бұл қандай сан?” ұғымын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар.
Ойын барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан қандай заттың және қай санның алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында “What number is it?” деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру.

3. “Clap you hands” - Қол соғу
Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Педагогтың және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек.
Ойын барысы:1-нұсқа: Педагог қол соғады. Балалар санайды. Ортаға шақырылған бала педагогтың неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс.2-нұсқа: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Педагог қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді.Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.

4. “Find and make it” - Қанша болса, сонша
Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру.
Қажетті құралдар: Сандық карточка. ( «Кеспе сан» қалтасынан алу)
Ойын барысы: Ортаға 3 бала шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада қандай сан тұрса, сонша қимыл көрсету, тапсырманы сандарды өзгерте отырып, 2-3 рет қайталау.

5. Apples
Мақсаты: балаларды санай білуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
Ойын барысы: Педагог «Apples» санамағын балаларға оқып бірнеше рет қайталап айтқызады. Балалар сол санамаққа сәйкес алмаларды себетке салады:
One little, two little, three little apples,
Four little, five little, six little apples,
Seven little, eight little, nine little appels,
All fell to the ground.

Number : (саусақтармен ойын)
One, one, one, little dog runs
Two, two, two, cat see you.
Three, three, three, birds in the tree.
Four, four, four, rats on the floor.

5 сабақтың тақырыбы: Отбасы

1. My family
Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін тиянақтау. Ағылшын тілінде отбасы мүшелері туралы сөздерді есте сақтауға үйрету.
Ойын мақсаты балалар саусақтарына қуыршақтарды киіп (саусақ театрын пайдаланып) отбасы мүшелерін атайды: This is my mother. This is my father. This is my grandmother. This is my grandfather. This is my brother. How I love them all.

2.The Family (саусақтармен ойын)
This is our mother,
This is our feather,
This is our brother tall,
This is our sister,
This is our body,
Oh, how we love then all!

3.The Finger Family (саусақтармен ойын)

Daddy finger2
Where are you?
Here I am, here I am.
How do you do?
Mommy finger2
Where are you?
Here I am, here I am.
How do you do?
Sister, brother, baby finger2
Where are you?
Here I am, here I am.
How do you do?

4. «Point to the right flashcard» «Суреттің дұрысын тап» деген ойынын ойнасақ қалай болар екен. Come to me. Look! There are 4 pictures: a mother, a father, a sister, a brother (суреттерді топ ішіне іліп тастаймыз). Өткен тақырыпты қайталау үшін қолдануға болады. Мен сендерге: жүгір, ұш, жүз, секір деген командасын бергенде ағылшынша айтылған сөздің қай суретке тән екенін тауып, сол суретті қолымызбен көрсетуіміз керек, келістік пе? Жандос, jump to the «father’ s picture», Сабина - run tо the «mother’s picture», Алишер - fly to the «sister’s picture», Айсана - go to the «brother’s picture». (Ойынды бірнеше рет қайталауға болады).

6 сабақтың тақырыбы: Түстер

1. “Let’s draw a Rainbow!” ойыны
Мақсаты: түстерді үйрету.
Ойынға қажет құралдар:түрлі –түсті қарандаштар, кемпірқосақ салынған сурет.
Ойын барысы: біріншіден мұғалім кемпірқосақ салынған суретті тақтаға іледі. Балалар 7 түрлі қарандашты партаның үстіне қояды.
Педагог: This is a rainbow. I can see red colour (суретті көрсетеді, балалар сол түсті қарандашты көтереді), orange colour, yellow colour, green colour, blue colour, dark blue colour, violet colour. The rainbow is colourful. It’s beautiful. Let’s draw a rainbow!
Сосын педагог балаларға кемпірқосақтағы түстерді реттілігімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды.
Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып сұрайды. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді.

2. Colors
Мақсаты: Өлең оқып беру арқылы ағылшын тілінде түстер аттарын бекіту.Сөздік қорларын дамыту.
Ойын барысы: Педагог балаларға түстер туралы өлеңді өзі оқып береді. Өлеңдегі түстердің аттарын қайталап айтқызады. Содан соң өлеңді балаларға қайталатып айтқызады:
I see green, I see yellow,
I see that funny fellow.
I see white, I see black,
I see this and that and that.
I see pink, I see brown,
I stand up and I sit down,
I see red, I see blue
I see you and you and you!

3. Қуыршақтың сыйлықтары
Мақсаты: Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.
Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Қажетті құралдар: Қуыршақ, шарлар.
Ойын барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді. It is a balloon. I have green & yellow balloon.

4. Is it true or not?
Мақсаты: Заттардың сипаттамалық қасиеттерін ажырата білуге үйрету. Сөздік қорын дамыту.
Ойын барысы: Ойынды доппен ойнауға болады. Педагог балалардың біреуіне допты лақтырып, сөз тіркесін айтып «Is it true not?» деп сұрақ қояды.
Мысалы: Yellow lemon. Pink piggy. Orange bear. Brown monkey. White snow. Red crocodile. Purple mouse. Green grapes. Grey elephant. Purple cucumber.

7 сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар

1. Boasters
Мақсаты: Ойыншықтардың ағылшын тіліндегі атауларын бекіту. Сөздік қорларын дамыту.
Ойын барысы: Балаларға өткен тақырыптарға байланысты ойыншық атауларын жылдам және көп айтып жарыстыру.

2. Eat – don’t eat
Мақсаты: Заттарды топтастыра білуге үйрету. Заттардың атауларын ағылшын тілінде атауды бекіту. Белсенді сөздікті дамыту.
Ойын барысы: Педагог балаларға заттардың атын атайды. Балалар сол заттарды «жеуге болады-жеуге болмайды» деп топқа бөліп ажыратады. Ойынды бір-біріне допты лақтырып ойнауға болады.
алма – an apple
нан – a break
қияр – a cucember
мәшине – a car
кітап - a book

3. What is missing?
Мақсаты: Балалардың аңғарымпаздық қасиетін дамыту, тез ойланып шешім қабылдауға үйрету.
Қажетті Қажетті құралдардар: ойыншықтар.
Ойын мақсаты: Кілем үстіне ойыншықтарды қоямыз. Педагог «Close your eyes!» деген нұсқау береді да 1-2 карточканы алып қояды. Содан соң балаларға «Open your eyes!» нұсқау беріп, «What is missing?» деп сұрақ қояды. Балалар жоғалған ойыншықты еске түсіріп, айтады.

4. Ойыншықтар дүкені. «My favorite toy is…?» «Менің сүйікті ойыншықтарым...». Балалар өздерінің жақсы көретін ойыншықтары туралы айтады «My favorite toy is a car. It is yellow».

8 сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері

1. “Whose birthday is today?” ойыны
Мұғалім балаларға “One of you has a birthday today. Guess who she is”.
Балалар: What colour is her hear?
What colour are her eyes?
What is her nose like?
What is she wearing?
What is her hobby? – деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл ойын балалардың ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.

2. “Let's fly” ойыны
“Parts of the body” тақырыбын өткенде балаларға жаңа сөздерді меңгерту үшін “Let’s fly” ойынын ойнатуға болады. Бұл ойында оқушылар орындарынан тұрып, қолдарын екі жаққа көтеріп құс тәрізді ұшады, бірге let's fly, fly, fly деп айтады. Мұғалім “nose” деген сөзді естігенде мұрындарын ұстау керек. Қателескен немесе сөзді білмеген бала ойыннан шығады. Сол сияқты “face, head, hand…”. Ойын нәтижесінде балалар жаңа сөздерді тез меңгереді.

3. Сурет саламыз. Балаларға отбасының бір мүшесінің суретін салуға береміз, сосын олар өздерінің салған суреттері бойынша суреттеп береді «I have a grandmother. She has two blue eyes, red lips, long hair».

Қосымша ойындар

Guess the word
Оқушылар бір сөзді ойлайды. Басқалар мынадай сұрақтар қою арқылы сөзді табу керек.: Is it (a ball)? What is it? деген сұрақты қоюға болмайды. Сөз табушы балалардың саны 3-4 баладан аспау керек, әйтпесе, балалар ойынға қызықпай кетеді. Әр ойынды жүргізу барысында ойыннның мақсатын естен шығармау керек. Бұл ойынның мақсаты өтілген лексиканы меңгергендерін тексеру. Сөзді тапқан оқушы, сөз жасырушы болып ойын жалғаса береді.

Simon says
Бұл ойын түрі өте қызықты және қимыл-қозғалыс ойны. Ойын шарты мынада: Жүргізуші балалардан бір әрекет жасауын сұрайды, Бірақ егер жүргізуші «Simon says» десе орындайды, айтпаса орындамайды. Мысалы:
T.: Simon says “Sit down!” (балалар отырады)
T.: Stand up! (балалар тұрмайды)

“Hot chair” – Ыстық орындық ойыны
1. Топтың алдында 2 орындық қойылады. Біреуі – «true», екіншісі– «false». Тақтаның алдына 4-6 бала шақырылады. Мұғалім өткен тақырып бойынша сөздерді айтады. Балалар естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған бала ойыннан шығады.
2. Swimming, dancing, flying деген командалар арқылы орындықтар арқылы балаларды орындықтарымен жарыс өткізуге болады.

“Compare them” – Салыстыру ойыны
1. Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта.
Мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
Қажетті құралдар: қарындаштар, таяқшалар.
Ойын барысы: 1. Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған көзін жұмғызып, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықтатады. Ойын бірнеше рет қайталанады a long - a small pencil.

“Compare them” – Салыстыру ойыны
2. Зейінді бол
Мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.
Қажетті құралдар: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншық жануарлар.
Ойын барысы: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншық жануарларды қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Ұзын жануарды (a long giraffe) көрсеткенде балалар орындарынан тұрады немесе қолдарын ұзын қылып созады, кішкентай (аласа) (a small mouse) жануарды көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.

“What’s in my hand?” Қолымда не бар?
Мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.
Қажетті құралдар: ұсақ тастар, жаңғақтар, доптар.
Ойын барысы: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі. Мысалы: What is it?, It is a ball, nuts, stones. Left hand or right hand.

Words road
Мақсаты: Заттардың атауларын таба білу. Белсенді сөздіктерін дамыту. Шапшаң қимылдауға үйрету.
Қажетті заттар: суреттер.
Ойын барысы: Кілем үстіне суреттер кішкене арақашықтықта жайылып қойылады. Бала суреттердің шетімен жүріп, заттарды атайды. Суреттер белгілі бір өткен тақырып бойынша немесе араластырып қойылады.

Clap the sound
Мақсаты: Белгілі бір дыбыстары бар сөздерді табу. Балалардың сөздік қорын дамыту. Дыбыстар туралы білімін бекіту.
Ойын барысы: Педагог дыбысты айтады, содан соң сөздерді айтады. Егер сөздің ішінде берілген дыбыс болса - бала қолын шапалақтайды, егер дыбыс болмаса - қолдарын шапалақтамайды.
Мысалы: «B»дыбысы – butter, cucumber, brother, cat, mother.

«Кірпі» саусақ ойыны
Ойынды сергіту сәтінде қолдануға болады.
Ойынның барысы: Бірінші ойыншық кірпіні көрсетіп: «It’s a hedgehog ... hedgehog ... hedgehog» деп айтамыз. Кірпінің тікенектерінен ұстаймызда: «these are prickles, these are prickles» деп қолымызға кірпінің тікенектері кіргені туралы айтамыз. Балалардың да осы сәтті бірге қайталауына мүмкіндік береміз: «these are prickles, these are prickles». Ойынды бастаймыз: «It’s a hedgehog ... hedgehog ... hedgehog». (қолымызға кірпінің тікендері кіргендей сезінеміз). Roll yourself into a ball! (қолымызды кірпі сияқты етіп бүгіп ойнаймыз.)

«Өрмекші» саусақ ойыны
Ойынды сергіту сәтінде қолдануға болады.
Ойынның барысы: Бірінші ойыншық өрмекшіні көрсетіп: «It’s a spider ... spider... spider. It has got many legs. These are legs ... legs» деп айтамыз. Балалардың да осы сәтті бірге қайталауына мүмкіндік береміз: «Legs, spider». Show me your hand. This is a spider. Spider is climbing, climbing, climbing (өрмекшінің қолдары өрмелеп жоғары шығады деп көрсетеміз) and falling down! (төменге қарай құлайды!) Ойын кезінде өрмекшінің жақсы өрмелейтінін, және оқыста құлап кеткенде ол өлмейтінін айта кету керек.

«Кім жоқ?» ойыны
Ойынды сергіту сәтінде қолдануға болады.
Ойынның барысы: Балалардың қолымен көздерін жауып-ашу арқылы топта кімнің жоғы туралы анықтаймыз, ол үшін көзді жұмып-ашу үшін команданы ағылшынша береміз: «Close your eyes! Open your eyes!». Баланы жасырып болғанша, яғни көздерін ашпас үшін ағылшынша 5-ке дейін санайтындығын ескерту керек:: «One, two, three, four, five». Ойынды бір-екі рет қайталауға болады.

Құрастыру ойыны
Өткен тақырыпты қайталау барысында лексикалық сөздерді қолдана отырып аппликациядан «Құрастыру ойнынын» жасауға болады.
Ойынның барысы: The window is on the wall, the chimney is on the roof. Who lives (is going to live) in this house? What are the parts of the house? Let’s build a modern building деген сөздерді айтып отыруға аппликациядан үйді жасауға кірісеміз.
Педагог. Микки-Маус сенің үйің қайда? Сенің house қайда?
- Сен менің көз алдымнан жоқ болып кеттің ғой.
- Терезе қараса. Терезе ... window.
- Мұржаны қазір жөндеп береміз.
- Мұржа – chimney.
- Мықты етіп үйдің төбесін жабамыз.
- Шипырды – roof.
- Үйдің баспалдағына алашалар төсейміз.
- Баспалдақтар – stair.
Жасалған суреттері бойынша балалар үйдің құрлысын атап шығады.

«Rain, rain, go away» - ойыны
Сергіту сәтінде: Тақпақты саусақтарымызбен, мимка арқылы көрсе отырып, айтамыз, балалар қайталап отырады:
Windy, windy,
Rainy, rainy,
Sunny, sunny,
Cloudy.
Қолымызға балаларды қызықтыру үшін сиқырлы таяқшаны алып сиқырлы сөз айтамыз:
Rain, rain, go away.
Come again another day.
Little Kate wants to play.
In a lovely, sunny day!

Сертігу сәтінде ойналатын ойындар
Сергіту сәтінде: Бір баланы ортаға шығарамызда, қалған балалар одан ағылшын ша сұрайды:
1. How are you?
- I am fine.
2. How are you?
- I am good.
3. How are you?
- I am hungry.
Одан 3 рет сұрағанда оның қарны аш екенін білдіріп, балаларды қуалайды.
Сертігу сәтінде ойналатын ойындар
Сергіту сәтінде: Балаларға айтқанда бірінші (педагог) өзіміз қолымызбен түсіндіріп көрсетіп аламыз, содан кейін, оларға команда бергенде балалар іс-әрекетімен көрсетеді:
One, two, three, four.
Look at the window, look at the door,
Look at the ceiling, look at the floor.
One, two, three, four.
Аққала салу ойыны
Сабақты қортындылау кезінде қолдануға болады: Аққала саламыз: Snowman: ойын кубик арқылы жүргізіледі. Балалар кезекпе-кезек ортаға шығып, кубикті лақтырады, кубиктің түскен бетіндегі сандар бойынша аққаланы жасаймыз.


“Magic sack” ойыны
Өткен және жаңа сабақты қортындылауда сиқырлы қаптағы заттарды оқыту үшін бәрін стол үстіне жинап қойып, оларды қайталату керек. Содан соң бір-бірден тығып, өздеріне таптыру керек. Мысалы: Close your eyes! Open your eyes! What“s missing?.
“Magic glass” ойыны
I see... лексикалық сөзін қайталау үшін «Сыйқырлы көзілдірік» ойынын ойнаймыз. Ол үшін көзілдірікті киіп, балаға қараймыз да, айтамыз: "I see Marat" (баланың атын атаймыз), немесе ойыншыққа қарап “I see Micky Mouse”. Көзілдірікті балаларға беріп, олардан сұрау керек: «Marat, who do you see?»
Тақпақты қайталаймыз: One, two three,
Who do I see?
I see Marat (н/е Micky Mouse)
One, two, three.

«Лото»
Қажетті суреттерді тауып, оларды картон қағазға жапсыру: жемістер, көкөністер, киім, ыдыс-аяқ, жануарлар, гүлдер, жиһаздар және т.б. суреттер. Ойынға арналған белгілі бір сюжет бейнеленген үлкен карта жасау керек, картаға қажет кішкене карточкалар әзірлеу қажет(әрбіреуінде сюжеттің бір бөлігі бейнеленуі тиіс).
Балалар кішкене кеарточкаларды алып үлкен картадағы бос торкөзге толтырулары тиіс. Балалар карточкаларды кезекпен кезек алады. Егерде қажетті карточка болмаса, оны мұғалімнің қолындағы қорапқа қайтарады. Бұл жарыс – кім бірінші торкөзді жабады деген.
Бұл ойын үшін белгілі бір тақырыпқа(көкөністер, жемістер, киім, жануарлар....) байланысты келесі лексиканы және сөз тіркестерін қолдануға болады:
- What is it?
- It is a crocodile.
- Have you a crocodile?
- Yes, I have a crocodile. (No, I have no crocodile.)

«Сурет құрастыр»
Ойын мына жолмен дайындалады: қалың қағазға немесе картонға сурет жапыстырылады. Шыққан қалың картаны бірнеше бөлікке қиып тастайды(6,8,10). Балаларға осы бөліктерден толық сурет шығарып, оны ағылшынша атауға ұсыныс жасалады.
Бұл ойын үшін белгілі бір тақырыпқа(көкөністер, жемістер, киім, жануарлар....) байланысты келесі лексиканы және сөз тіркестерін қолдануға болады:
- What is it?
- It is a peach.

«Бұл ненің иісі?»
Бұл ойын туған күнді тойлауға арналған ең жақсы ойын болып есептеледі. Бұл үшін әртүрлі тамақ түрін, көкөністер мен жемістер, гүлдер жинау қажет. Ойынға қатысатын адамның көзі орамалмен байланып, берілген тамақ түрлерін оған иісін көруге беріледі. Ал ойыншы сезген иісінің неге тән екенін табуы тиіс.
- It’s an orange.

«Кейіпкер қай елден?»
Американ, ағылшын және қазақ ертегілерінің, мульфильмдернің кейіпкерлерінің суреттерін, және керекті елдердің туларын салу қажет.
Ойынға қатысушылар екі командаға бөлінеді: бір командадағылар екінші командадағыларға сұрақ қояды, ал олар өз ретінде жауап беріп өз елінің туын көрсетеді. Кезекпен әртүрлі елдердің кейіпкерлері шығады және мынадай диалог шығады:
- Where do you live?
- I live in America (Kasakhstan, Britain).

Қорытынды

Балаларды қазіргі замандағы оқыту барысында,әсіресе шетел тілін меңгеру мәселелерінің бірі болып табылады. Шетел тілі коғамдық өмірдегі қамтамасыз етудің құралы болуға, ол тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды оқытатын және тәрбиелейтін мекемелерде білім берудің негізгі міндетті компонентіне айналуда .
Шетел тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп денгейлі тілде және мәдениетке деген қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ыкпал етеді, баланың ойлауына , танымына және есте сақтауына жайлы әсерін тигізеді. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларга тән шыдамсыздык, назар аударудагы тұрақсыздық тез қажу, шаршағыштық сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек.
Қазіргі кезде алдында туған өзекті мәселе бұл жанжақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру. Баланы шет тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне сай тілді менгертіп, басқа халықтын мәдениеттерін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік береді.
Сондықтан да бүгінгі өскелен уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.Балабақшада берілген барлық білім- барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына айрықша көңіл бөлеміз тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіру қажет. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету.
Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді. Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана, біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ. Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында. Қазіргі жастар - ертеңгі Қазақстанның болашағы. Сөзімді ұлы Абайдың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!
Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады:
а) ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалық тәрбие беру – өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі – ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы// Қазақстан жоғары мектебі. – 2004. - №1
2. 2. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан халқына Елбасының жолдауы. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» - 2007. - 28 – ақпан
3. Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы. Әдістемелік құрал. Астана. 2013ж. 3-5 б.
4. Кадыргалиева С.И. Есбергенова Г. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқыту. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. 2011 ж. 10-14 б.
5. Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»
6. English. Play and Learn. №7\2006 ж.
7. Нұрғаева Г. Ойын сабақ // Бастауыш мектеп, 2001, №7. -Б. 40-46 б.
8. Витлин Ж.Л. Эволюция методов обучения иностранному языку в XX веке /Ж.Л. Витлин // Иностр. языки в школе. - 2001. - № 2.- С. 23-29 б.
9. Зимняя И.А., Сахарова Т.Е. Проектная методика обучения английскому языку / И.А. Зимняя, Т.Е. Сахарова // Иностр. языки в школе. – 1991. – № 3. – С. 9-15 ст.
10. Мектептегі шет тілі журнал №1 ( 31)қаңтар-ақпан 2008 ж.10-11 б.
11. Құлжанова.Н. Ойын мақсатын талдау және ойын мәні// Қазақстан мектебі.- 2001.- №1.б.74.
12. Ахметов Н. К., Хайдаров Н. Ж. Игра как процесс обучения. - А. Знание. 1985. 48 с.
13. Қасенова. Д. А. Шетел тілін оқыту әдістемесінде коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың артықшылықтары мен принциптері. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал «Мектептегі шет тілі»- №1/ 2010 ж. 15 б.
14. Конышева А. В. Английский для малышей, Минск, 2004 ж.
15. Коти Т.Ю. Английская азбука, М., 1997 г. 16 с.
16. Вронская И. В. Английский язык в детском саду. Спб., 2001 г. 25 с.
17. Биболетова М.З. и др. “Enjoy English-1”, Обнинск: Титул, 2005 г. 2 с.
18. Журнал «Иностранные языки в школе» 2011 г. 30 с.
Категория: Английский язык | Добавил: Жамбылбековна (2015-03-16) | Автор: Шералы Майгул Жамбылбековна E
Просмотров: 3217 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 1:34 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru