Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык

«Ағылшын тілі сабағындағы АКТ мүмкіндіктері»
«№8 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН КӨРКЕМДІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ
ТӘРБИЕ БЕРУ МЕКТЕП-КЕШЕНІ» КММ
«Ағылшын тілі сабағындағы АКТ мүмкіндіктері»
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Саметеева Б.О.

«Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді. Бүгінгі таңда ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқыту барысында қарама-қайшылықтар кездесіп отыр. Атап айтқанда құрал – жабдықтардың жетіспеушілігі, құрал - жабдықтарды қолдана білетін мамандардың аздығы, осыған орай оларға ақпараттық құралдарды қолдануды үйрету арқылы жетілдіру әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Әр сабақтарымда сандық технологияны және оқушылардың қызығушылықтарын арттырудағы басты құрал болып табылатын АКТ –ны қолдануды әр сабағымда ескеріп отырдым.
Негізгі көздейтін мақсатым:
- Жаңа технологияны кеңінен қолана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыстануын дағдыландыру;
- Теориялық білімді тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету;
- Оқушылардың компьютерлік іскерлігін дамыту;
- Тіл тосқауылын жеңу мақсатында аудио, видео жазбаларды пайдалану;
- Негізгі оқулықтан тыс ғаламтордан салыстырмалы ақпарат көзін беру;
- Ақпараттық орта құру және оны ұйымдастыру;
- АКТ-ны қолдану арқылы уақытты үнемдеу;
- Заман талабына сай компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру;
- Электрондық оқулықтарды пайдаланып жұмыс істеуіне жағдай туғызу.

Күтілетін нәтиже:
- Қызығушылықты оятады;
- Сабақ беру әдісі өзгереді;
- Оқушылар ізденуге үйренеді;
- Ғаламтордан баламалы ақпарат көзін алады және сол арқылы өз білімін толықтырып, уақытты үнемдейді;
- Оқушы интерактивті тақтамен жұмыс істейді;
- Аз уақытта оқушы көп ақпарат алып, уақытты үнемдейді;
- Қашықтықтан білім алу мүмкіндігін пайдаланады;
- Ағылшын тіліндегі мәтіндерді оқу арқылы есте сақтау қабілеті артады;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде алады;
- Аудио кассеталар мен CD дискке қажетті материалдарын көшіріп жазып алады;
- Оқушы дербес компьютер, аудио, видео құрылғылардың көмегімен мәтінді тыңдайды, бейнесюжеттерді көре алады;
- Видео, аудио жазбалар негізінде тіл тосқауылын жеңеді;
- Электрондық оқулықты пайдаланады
Жетістігім:
- Оқушылар компьютерде жұмыс жасауды біледі;
- АКТ-ны қолдану арқылы уақытты үнемдеді;
- Компьютерлік сауаттылығы қалыптасты;
- Видео және аудио жазбаларды тыңдауда қызығушылықтары артты;
- Электрондық оқулықтарды пайдаланып жұмыс істеуіне жағдай туғыздым.
Жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру, жас ерекшелігіне сай ақпараттық сауатылығын жетілдіру, өзіндік «Мені» қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді. Мысалы ағылшын тілін үйретудің тиімді әдістерінің бірі – шетел тілінде ән үйрету. Ағылшын тілінде оқушылардың тіл тосқауылын жеңу мақсатында әндерді, жаңа сөздерді видео, аудио таспадан тыңдау арқылы пайланамын. Шет тілі сабақтарында әндерді пайдаланғанда, оны мұқият таңдап алу қажет. Өйткені жаңа лексиканы немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде әнге берілетін тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай таңдалып алынады.
Электрондық оқулықтармен оқушылар белсенді жеке жұмыс атқарады. Мұғалім олардың өздік жұмысына бағыт беріп, оны бақылаушы, технологиялық аппаратты басқарушы болады да, оқушы белсенділігі артады.. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Уақытты пайдалануда тиімді. Бұл әдістердің барлығы оқушының ағылшын тіліндегі тіл тосқауылын жеңудегі бірден-бір себеп деп ойлаймын.
Сабақта АКТ-ны қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, ғаламтор желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануына, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға себепші болуға болады.
Сабақта АКТ-ны қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, ғаламтор желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануына, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға себепші болуға болады.
Казіргі таңда еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев алдымызға үш тұғырлы тіл; қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым - қатынас тіл, ағылшын тілі - халықаралық тілді меңгеру жөнінде мақсат қойып отыр. Осыған байланысты қай тілді меңгерсек те оны әдемі, таза, шебер сөйлей білуміз керек. Шет тілін оқыту үрдісін жандандыру, тіл дамыту жаттығуларын қолдану, жаңа әдіс - тәсілдерді енгізу бүгінгі күннің басты талабы. Біздің мақсатымыз рухани дүниесі бай, озық ойлы, айналадағы өмірге ғылыми көзқарасы қалыптасқан адамдар тәрбиелеу. Сондықтан да мен ағылшын тілі сабағында АКТ жақсы меңгеріп қана қоймай, нәтижеге қол жеткізуім керек.
Категория: Английский язык | Добавил: гульнараж (2017-02-21)
Просмотров: 914 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 5:11 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru