Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика

Деңгейлік саралап оқыту технологиясының тиімділігі.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясының тиімділігі.

Акылова Ж.,
Қарағанды қаласы №66 орта мектебінің математика пәні мұғалімі.

Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялык маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі дәстүрлі әдістердін озык заман талабына жауап бере алмайтындығы өз-өзінен түсінікті. Бүгінгі уакыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог Ш.А.Амонашвили: «Окушылардын білімін арттыру, пәнге кызыктыру үшін окытуда, жалпы алғанда ең бірінші окушылардын неге кызығатынын аныктап алып, содан соң содан бастау керек», - дейді. Матема¬тика пәнін окыту барысында оқулықгағы материалды қүрғак баяндаудан гөрі кызықты, бейнелі түрде түсіндіруге окушылардын ойлауына бағытталғаны дұрыс деп ойлаймын.
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы. Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі –профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір тарау бойынша деңгейлік тапсырмалар –дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті.
Деңгейлік саралап окытуды мен өз сабактарымда өткен такырыптарды жүйелеп бекітуде жиі қолданамын. Оқушыларға үш деңгейдегі жеке тапсырмалар беріледі. Бірінші денгейдегі тапсырмалар - базалық стандарт болып табылады. Оларды орындауда окушы бүл пәннен өткен нақты материалдарды кайталап айтып беру деңгейінде болады. Бұларды әрбір оқушы орындай алуы тиіс.
Екінші денгей тапсырмаларын оқушылардың оқу және ойлау кабілетін жетілдіретін жалпы және арнайы тәсілдерді игеруді камтамасыз етеді. Үшінші ден¬гей тапсырмалары оқушылардың алған білімдерін ойлап, талғап пайдалануды талап етеді. Бір деңгейден екіншіге өту жүйесінін шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болуы тиіс.
Деңгейлік саралап окыту технологиясы кәдімгі катардағы мектептегі әрбір оқушы артыкшылыктарын есепке алатын «жеке тұлғаны жетілдіру» мектебіне айналуына себебін тигізеді, мұндай мектепте балалар окуға талпынатын, пән негіздерін жақсы бере алатын алдыңғы қатардағы оку орнына айналады.
Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау кабілеті бар, өзін өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі адамды калыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзін - өзі жаксы корғай алады.
Окушылармен жеке жұмыс істеумен оларды екі екіден топтастырып, бір тапсырма беремін. Мұндайда бір оқушы(жаксы окитыны) жетекші болып тағайындалады да, олар есепті талкылап, шығару жолын карастырып, шығарған есептерін бірлесіп корғайды. Егер әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса, дұрыс жауап бермесе, екіншісінін де бағасы төменделеді. Мұндай тапсырмалар оқушыларды жеке касиетгерін есепке алуды талап етеді, оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге үйретеді.
Осы деңгейлік сара тапсырмалардың, тестік сынак жұмыстарының тиімділігін айта кетейін.
Деңгейлік сара тапсырмалар тиімділігі:
Оқушы деңгейпік тапсырмаларды өздері таңдаііды. Егер қиын деңгейлік тапсырманы орындаи алмаса, онда ал тапсырмадан жеңілірек алады;
әрбір оқушы тапсырмамен қамтамасыз етіледі;
оқушыларда бір— бірінен көиііру әдеті жогалады, адамгершілік қасиетке, жогары санапылыққа баулиды;
оқушылардың пәнге қызыгушылыгын арттырады, ақыл — ойын, ойлау қабілетін дамытады;
Оқушы шьігармашылық жеке тулгасын қалыптастыруга және ьінтасын дамытудагы рөлі үлкен;
жеке тапсырмалардың әр түрлі болуы жеке тұлга- ның өзін - өзі дамытуга, оны әдебиеттерден ізденіп оқуга және өз бетімен білім алуга дагдыландырады;
тапсырмалардың деңгейлік болып берілуі оқушылардың қызыгуиіылықты өз бетімен орындауга даг- дыландырады;
деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарап багалау жеңіл болады;
деңгейлік жеке тапсырмалар жеке тулганың өзіндік қалыптастырып, дамытып, оны ақпараттық қогамдық өмірге дашндауда үлкен рөл атқарады.
Тестік тапсырмалардың тиімділігі:
оқу процесіне барлық оқушылар түгел тартьыады;
тексеруге оқу материалдардан толық қамтуды қам- тамасыз етеді;
аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін анықтауга мүмкіндік береді;
оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін даму- ды, жылдамдыққа, тапқырлыққа дагдыландырады;
оқушылардың пәнге қызығуиіылыгын, ынтасьін арт- тырады;
оқушылардың жауаптарды салыстьірып, дүрыс жауабын таңдай білуге, өз бетінше қорытынды жасай білуге дагдыландырады;
Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты ізгілендіру принципі де сақталады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар оны орындау әдістемелік кешенімен ұсынылады. Бұл технологияда жұмыс міндеті үш деңгейлік және қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.

1-деңгей: міндетті, оқушылық;

2-деңгей: алгоритмдік;
3-деңгей: эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру;
4-денгей: шығармашылық – өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру.

1-деңгейдегі тапсырмаларға:
1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек;
2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беру тиіс;
3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін тиімді және өмірмен байланысты болуы керек. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызығушылық жақтарына көңіл аударған жөн.

2-деңгейлі тапсырмаларға:
1) Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар;
2) Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар: логикалық есептер, ребустер мен сөз жұмбақтар.

3-деңгейлік тапсырмаларға:
1) Танымдық – ізденім түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімділігін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс.
Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді.
2) Әртүрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер.
3) Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
4-деңгей шығармашылық деңгей тапсырмалары:
1) Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктердің қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).

2) Олимпиада есептерін шығару.
3) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, ғылыми жобалар қорғау.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын
қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік стандарттың талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының талаптарына сай келеді және дәстүрлік оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді. Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес 12-балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады. Сабақ барысында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған “Ашық журналға” (1-кестеге) + белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырады.

Төменде бағдарламаға сәйкес жүргізілетін «Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу» такырыбына дайындалған тест тапсырмалары берілген.

1-деңгей (5-ұпай )

1.Көбейткіштерге жіктеңдер:
а) х^2+4х-5
б) -4х^2-7х+2
в) х^2-5х+6

2.Болшекті қысқартыңдар:
а) (х-8)/(х^2-х-56) =

б) (х-3)/(х^2+6х-27) =

2-деңгей (10-ұпай )

1.Көбейткіштерге жіктеңдер:

а) х^3-5х^2-14х=
б) 2х^3+5х^2+2х=

2.Болшекті қысқартыңдар:

а)(3+14в-5в^2)/(3в-в^2 )=

б) (а^2-10а+9)/(а^2-6а-27)=
3-деңгей (15-ұпай )

1.Функцияның графигін салыңдар:

Y=( х^3-2х^2-9х+18)/(18-2х^2 )
Категория: Математика | Добавил: Жако1779 (2015-02-12) | Автор: Акылова Жадыра Махмутовна E
Просмотров: 2214 | Рейтинг: 1.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-16, 12:43 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru