Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика

Сабақтың тақырыбы:1 – 5 сандары.
Ашық сабақ. Математика.
Тақырыбы: 1-5 сандары.
Мақсаты: 1-5 сандары бойынша алған білімді бекіту.
Міндеттері:
1.Білімділік: Цифрлардың сандар қатарындағы орны,1-5-ке дейін тура, кері санау, заттың саны мен цифрды сәйкестіру, 5 саны көлемінде салыстыру, 5 саны көлемінде қосу, азайту амалдарын орындау, геометриялық пішіндер, түстер бойынша алған білімді бекіту.
2.Түзету – дамытушылық: Баланың ерік – жігерін, зейінін, ойлау, есте сақтау, есту, тактильді сипап сезу қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын, көру координациясын дамыту. Тілін жетілдіру.
3.Тәрбиелік: Қоршаған ортаға, математика пәніне деген қызығушылыққа тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, дербестікке, математикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Ашық сабақтың тегі: Дәстүрден тыс сабақ.
Ашық сабақтың түрі: Саяхат – сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Ватманға салынған саусақтары ренжіп және қуанып тұрған қолдың суреті, таратпа материал, перфокарталар, 1-5 дейін заттардың суреті салынған карточкалар, 1-5 дейін сандар кассасы.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдерме, балалар! Көңіл – күйлерің қалай?
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, Жер Ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
Психологиялық бағыт беру:
Мынау менің жүрегім – бәрін осы бастаған,
Мынау басым ақылды – бәрін осы басқарған,
Мынау менің қолдарым – бар жұмысты атқарған.
Мұғалім магнитті тақтадағы көрсетілім материалды көрсетіп:
- Мынау не? –деп сұрайды.
- Қол.
- Ал мыналар нелер?
- Саусақтар.
- Біздің қолдарымызда неше саусақ бар? Қане, санап жіберейік.
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Бесті – беске қосқанда,
Болады екен он саусақ.
2.Негізгі бөлім:
-Балалар, біздің қолдарымызда барлығы он саусақ бар екен. Саусақтарымызға біраз жаттығу жасап алайық.
Саусақ жаттығулары:
1.Саусақтарды үстел үстіне қойып, бір – бірлеп көтеру;
2.Саусақтарды бір – біріне кезек – кезек ілу арқылы амандастыру;
3.Саусақ басын шерту;
4.Саусақтарды үстел үстімен адымдатып жүргізу;
5.Қолды айқастырып, білезік тұстан айналдыру;
- Ал дайын болсақ, саяхатымызды бастайық. Мынау не? Доп. Доптың пішіні қандай? Домалақ. Доппен не істеуге болады? Домалатуға болады. Бізге саяхат жасауға сиқырлы добымыз көмектеседі. Ол біздің алдымызда домалап жол бастап отырады. Ал ендеше, добымызды домалатып жіберейік.
Қимыл – қозғалысты сергіту сәті:
Добым, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап?
Үстел үстін бүлдірдің
Ыдыстарды сындырдың,
Бұзық болып кеттің бе?
Келіп кетті тепкім кеп.
Мұғалім магнитті допты жылжытып бас бармаққа апара қояды.
- Балалар, біз үлкен саусағымыз – бас бармаққа қонаққа келдік. Бас бармақты біз қалай атаймыз?
- Бас бармақ – ата.
- Өте жақсы. Ой, балалар, біздің бас бармағымыз неге екені белгісіз ренжіп тұр. Бас бармақтың бізге дайындаған тапсырмалары бар екен. Біз тапсырманы дұрыс орындап, оны қуантайық.
Мұғалім тақтаға 1-5- ке дейін цифрларды магнитпен жапсырады.
№1 тапсырма: 1,2,3 топтың балалары 1 – 5 – ке дейін тура, кері санайды. 1,2,3,4,5; 5,4,3,2,1; 4 топтың балалары 1 – 5 – ке дейін тура санайды.
№2 тапсырма: Балалар сандардың көршілерін атайды. Мысалы: 2 –нің көршілері: 1 мен 3. 4 – тің көршілері: 3 пен 5.
Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім саусақты жұдырыққа жинап кері қайырады.Астынан күліп тұрған саусақтың суреті шығады.

Мұғалім:
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтардың «бұзығы»
Менің добым «ұрыншақ».
Мұғалім магнитті допты жылжытып балан үйрекке апара қояды.
- Балалар, біз келесі саусағымыз – балан үйрекке қонаққа келдік. Балан үйректі біз қалай атаймыз?
-Балан үйрек – апа.
- Өте жақсы. Балалар, біздің балан үйрегіміз де бірдеңеге ренжіп тұр. Балан үйректің де бізге дайындаған тапсырмалары бар екен. Біз оны да тапсырманы дұрыс орындап қуантайық.
Мұғалім тақтаға 1-5- ке дейін цифрларды магнитпен жапсырады.
1.«Жоқ цифрды тап» ойыны ойналады. Ойынның шарты: Мұғалім балалардың көздерін жұмғызып, кез – келген цифрды немесе цифрларды алып тастайды. Балалар көздерін ашып, жоқ цифрды тауып, атайды.
2.«Не өзгерді?» ойыны ойналады. Ойынның шарты: Мұғалім балалардың көздерін жұмғызып, цифрлардың орнын ауыстырып жібереді. Балалар көздерін ашып, орындары ауысып кеткен цифрларды орын – орнына қояды.
3. Перфокартамен жұмыс: Балаларға перфокарталар таратылады: 1,2,3- топтың балалары жоқ санды тауып жазады, 4- топтың балалары 1-5- ке дейін цифрларды контур арқылы бастырып жазады.
Мысалы: Перфокарта №1. 1,...,3,....,5 ; 5,4,....,2,....;
Перфокарта №2. 1,2,....,4,.....; 5,....,3,....,1;
Ойын аяқталғаннан кейін мұғалім саусақты жұдырыққа жинап кері қайырады.Астынан күліп тұрған саусақтың суреті шығады.

Мұғалім: -Балалар, шаршап кетсек біраз дем алайық.
Логопедиялық ритмика. Әнімен сергіту сәті орындалады:
Бас бармақ – ата,
Балан үйрек – апа,
Ортан терек – әке,
Шылдыр шүмек – ана,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз – бесеуміз.
Мұғалім магнитті допты жылжытып ортан терекке апара қояды.
- Балалар, біз келесі саусағымыз – ортан терекке қонаққа келдік. Ортан теректі біз қалай атаймыз?
- Ортан терек – әке.
- Өте жақсы. Балалар, біздің ортан терегіміз де бірдеңеге ренжіп тұр. Ортан теректің де бізге дайындаған тапсырмасы бар екен. Біз оны да қуантайық. Келістік пе.
«Дабыл соғу» ойыны ойналады. Ойынның барысы:
№1 тапсырма. 1-5 – ке дейін цифрлар таратылады. Мұғалім үстелді тықылдатып соғады, балалар санап отырып, мұғалім қанша рет соқса, сол цифр жазылған карточканы көтереді.
№2 тапсырма. 1-5 – ке дейін заттың суреті бар карточкалар таратылады. Мысалы: 5 сәбіз, 3 жапырақ т.б. Мұғалім үстелді тықылдатып соғады, балалар санап отырып, мұғалім қанша рет соқса, сонша заттың суреті бар каточканы көтереді.
Ойын аяқталғаннан кейін мұғалім бұл саусақты да жұдырыққа жинап кері қайырады.Астынан күліп тұрған саусақтың суреті шығады.

Мұғалім:- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Мұқият болыңдар.
Жұмбақ:
Пішіні оның домалақ,
Жүгіре кетер домалап. (доп)
Мұғалім магнитті допты жылжытып шылдыр шүмекке апара қояды.
- Балалар, біз келесі саусағымыз – шылдыр шүмекке қонаққа келдік. Шылдыр шүмекті біз қалай атаймыз?
- Шылдыр шүмек – ана.
- Өте жақсы. Балалар, біздің шылдыр шүмек те бірдеңеге ренжіп тұр. Шылдыр шүмектің де бізге дайындаған тапсырмасы бар екен. Біз оны да қуантайық. Келістік пе.
1,2,3 топтың балалары есеп шығарады. Оқушылар мұғалімнің айтуы бойынша есепті жазып,шығарады. 4 топтың балалары 3 бөліктен дөңгелек құрастырады.
Тақтамен жұмыс: № 2. Есепті шығару.
2+1 3-1 3+1 4-1
1+2 3-2 1+3 4-3
4+1 5-1 3+2 5-2
1+4 5-4 2+3 5-3
Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім бұл саусақты да жұдырыққа жинап кері қайырады.Астынан күліп тұрған саусақтың суреті шығады.

Мұғалім:
Көк добым көгенде,
Жасыл добым жайлауда,
Сары добым сартылдап
Ойын қуып ойнауда.
Қызыл добым қырманда,
Қызу еңбек сол маңда.
Мұғалім магнитті допты жылжытып кішкентай бөбекке апара қояды.
- Балалар, біз келесі саусағымыз – кішкентай бөбекке қонаққа келдік. Кішкентай бөбекті біз қалай атаймыз?
-Кішкентай бөбек – мен,- деп балалар қолдарымен өздерін көрсетеді.
- Өте жақсы. Балалар, біздің кішкентай бөбек те бірдеңеге ренжіп тұр. Біз тапсырманы орындап оны да қуантайық.
Карточкамен жұмыс: 1-5 сандары көлемінде салыстыру.
Мысалы: Карточка №1. 5 қолғап және 4 шұлық берілген. Санап, заттың санын цифрмен сәйкестіру, соңынан салыстырады. 5 қолғап 4 шұлықтан көп немесе 5 көп 4 – тен.
Карточка №2. 4 гүл және 3 көбелек берілген. 3 көбелек 4 гүлден аз немесе 3 аз 4 – тен.
4- топтың балалары, мұғалім берген таратпа материалды санап, санын цифрмен сәйкестіреді. Мысалы: Бес аюды, 5 цифрымен белгілейді. Төрт қуыршақты, 4 цифрымен белгілейді.
Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім бұл саусақты да жұдырыққа жинап кері қайырады.Астынан күліп тұрған саусақтың суреті шығады.

Ойын аяқталғаннан кейін мұғалім бұл саусақты да жұдырыққа жинап кері қайырады. Астынан күліп тұрған саусақтың суреті шығады. Мұғалім ренжіп тұрған саусақтардың суретін біржола алып тастайды. Тақтада саусақтары тек қуанып, күліп тұрған қолдың суреті ғана қалады.
-Балалар, міне біз бір қолымыздағы барлық саусағымызға қонаққа бардық. Олардың бізге дайындаған тапсырмаларын орындадық. Саусақтарымыз бізге риза болып күліп тұр. Ал енді сабағымызды қорытындылап жіберейік.
3.Қорытынды бөлім:
-Балалар бүгін сабақта не үйрендік?
- Қайда саяхатқа бардық?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Сонымен, бас бармақ қалай аталады?
-Балан үйрек ше? т.б.
4.Сабақты аяқтау:
Балаларды мадақтау. Оқушы іс – әрекетін бағалау.
Категория: Математика | Добавил: scorpi (2015-04-06) | Автор: Қайранбаева Гүлшат Болатовна
Просмотров: 2551 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 3:12 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru