Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табуға есептер шығару
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
«№ 4 орта мектебі»мм
Математика пәнінің мұғалімі Бисенбаева Гулсана Сансызбаевна

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын табуға есептер шығару

Күні: 07. 12. 2015 жыл.
Сыныбы: 9

Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын есеп шығаруда қолдана білулері, тақырып бойынша теориялық білімдерін қорытындылау; формулаларды пайдаланып арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшелерінің қосындысын табу дағдыларын дамыту.

Міндеті:
1. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын есеп шығаруда қолдана білулері, теориялық білімдерін қорытындылау;
2. Пәнге қызығушылықтарын арттыру, математика тілінде сауатты сөйлеуді үйрету;
3. Оқушылардың болашақта білімді болуға жақсы маман иесі болуға шақыру, ынтасы мен жауапкершілігін арттыру, намысын қорғауға баулу; сыныптастарын сыйлауға тәрбиелеу.

Оқу нәтижесі: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласымен танысып, есеп шығаруда қолдана білуді үйренеді. Мұғалім сабақ барысында берген білімді, оқушы өзі жетістікке жететіндей бағыт алады.

Сабақ типі: білік, дағды, іскерлікті қалыптастыру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест, ойын, жеке жұмыс, есептеу
Көрнекілігі: слайдтар, кеспеқағаз, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, тест
Сілтеме: А. Әбілқасымова, В.Корчевский «Алгебра» 9 - сынып. Алматы, «Мектеп» 2013ж.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. психологиялық ахуал туғызу «Жақсы тілек» тренинг.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Елбасы Н.Назарбаевтың 30-қараша күнгі кезекті Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық ахуал: өсу, реформалар, даму» тақырыбындағы Жолдауында:
Қазақстанның жас азаматтары!
Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда», - делінген, яғни сіздердің болашақта жақсы маман иесі болып, дүниенің бір кірпіші болып қалануларыңызға тілектеспін! Үш қол шапалақ.

II. Үй тапсырмасын сұрау. (слайд арқылы есептің шығарылу жолы көрсетіледі) Өзін өзі тексереді.

III. Актуалдау:
Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап
Тұрақты тізбек арифметикалық прогрессия бола ма?
Егер а1, .а2 мүшелері белгілі болса онда d қалай табылады?
Қандай сан тізбегін арифметикалық прогрессия деп атайды?
Арифметикалық прогрессияның айырымы деп қандай санды атайды?
Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын айтыңыз?

Ауызша есептеу:
І. Тізбектерінің қайсысы арифметикалық прогрессия болып табылады, неге?
3; 6; 9; 12; …
-1; -1; -1; …
0; 13; 1; 14; …
= 3п – 2;
= 25 + ;
-3; -1; 1; 3; …
ІІ. (хn) тізбегіндегі:
9; 7; 5; 3; 1; - 1; -3; …
бірінші,төртінші,алтыншы және жетінші мүшелерді атаңдар.
ІІІ. (аn) тізбегі төмендегі формуламен берілген
аn = 2n - 3.
a1 , а2 , a5 , а15 , а50 мүшелерін табыңдар.
ІV. а1 = 1, d = 3 екені
Осы прогрессияның алғашқы 6 мүшесін табыңдар. 1; 4; 7; 11; 15; 19 ; …

ІV. Бейнебаян көрсету: «Арифметикалық прогрессияның n- ші мүшесінің қосындысы»

V. Оқулықпен жұмыс: № 187, №190, №191

VІ. Деңгейлік тапсырма:
1 - деңгей
1. а1=5, а3=15, а2=? d=?
Ж: а2=10, d=5
2. а1=160, а3=220, а2=? d=?
Ж: а2=190, d=30
3. а1=360, а3=120, а2=? d=?
Ж: а2=240, d=120
4. а1=14, d=2, а2 , а3 , а4 =?
Ж: а2=16,а3=18,а4=20

2 - деңгей
Жаңаөзеннен Шымкентке мұнайы бар поезд бағытталды. 1-ші цистернада 4 тонна мұнай,2-ші цистернада 9 тонна,3-ші де 14 тонна....п-ші цистернада 304 тонна мұнай бар. Цистернаның реттік нөмірін анықтаңыз.

3 - деңгей
Еркіннің ата-анасы туған күніне баласына ұялы телефонды жаңартып сатып беруге ұйғарды. Ол үшін олар бірінші айда 650 теңге, ал келесі айларда алдынғы айдан 50 теңгеге артық ақша жинап отырды.Еркіннің ата-анасы 10 айдан кейін қанша ақша жинайды?

VІІ. Дамыту:
3,13,23,33...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма? БОЛАДЫ
-15, -5, 5, 15, ...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма? БОЛАДЫ
3, 33, 333, 3333...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма? БОЛМАЙДЫ
4/2, 4/5, 4/7, 4/9...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма? БОЛМАЙДЫ

VІІІ. Бекіту:
Тест тапсырмалары:

ІХ. Қорытындылау
Қымбатты Қазақстандықтар!
Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!
Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!
Алға, Қазақстан!
Х. Үйге тапсырма: № 193, №194
ХІ. Бағалау: Өзін өзі бағалайды.
Категория: Математика | Добавил: Айару9167 (2016-01-04) | Автор: Гулсана E
Просмотров: 1369 | Теги: Жақсылыққызы, Бисенбаева | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 5:25 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru